Үш -ақ нәрсе
адамның қасиеті:
ыстық қайрат,
нұрлы ақыл,
жылы жүрек
Абай
-
Абай Құнанбаев
өмірбаяны
-
Абай Құнанбаев ШҚО, Абай ауданы, Жидебай аулында дүниеге
келген.
-
Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа
жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа
толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.
Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы
жүргізілетін еді. Оқып жүріп, үздік шәкірт атанады. Ол көптеген
шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек)
тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың
Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик
ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей
қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша
сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра
алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы
аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай
оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік
жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне
араласады. Мақсаты: Оқушыларға данышпан
шығармаларының қыр-сырын танып-білуге, дана әндерін дәріптеуге
тәрбиелеу; БАРЫСЫ:
Мақсаты: Оқушылардың Абай
даналығына деген қызығушылықтарын оята отырып, білімділік пен
біліктіліктерін арттыру; Сабақтың
барысы:
Оқушы:
Жүргізуші:
Құнан біздің қазақтың кең даласындай,
Сахараның биік бір қаласындай.
Құнан өлсе алдынан жарылқасын,
Артында алтын қалды ат басындай –
деп қазақ даналары жырлап өткендей бүгінгі кешіміз Дана Абай, дара
Абай болған, Абай ата рухына арналады.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй –
деп Абайдың өзі жырлап өткендей бүгінгі «Әнді сүйсең, менше сүй»
атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
( Әсемпаз болма әрнеге;
Жасымда ғылым бар деп ескермедім өлеңдері
оқылады)
Көрініс: «Құмырсқа мен
шегіртке»
Автор:
Асылым
Құмырсқа:
Аяулым
Шегіртке:
Мерей
Ортада «Балақай» күйі,
орындаушылар
2-сынып оқушылары
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Өлеңімен өлмейтін салған нұсқа.
Қол бастар ер, ел сүйген ақын болған,
Қандай арман бар дейсің бұл туыста?!
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле кеп қарасаң, көңіл ұғар.
Сол тереңге ешкімді түңілте алмай,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар! –
деп Жамбыл атамыз айтқан екен. Сендер, Абай атамыздың тұңғиықтағы
қара сөздерін, асыл маржан өлеңдері мен аудармаларын жатқа оқиды
екенсіңдер. Ал енді поэмаларын тексеріп көрейінші. Мен сендерден
поэмадан үзінді сұраймын, ал сендер жастар мүдірмей жауап берулерің
керек. Ал бастаймыз. Бірінші «Масғұт» поэмасынан бастайық.
Ал Амиржан өзің бастап жібер.
Амир - Әйгерім – Аяна – Абу-Бакир –
Нұржанат - Амир - Әйгерім – Аяна
Енді «Ескендір» поэмасы
Әйгерім – Аяна – Амир – Абу-Бакир –
Нұржанат - Әйнерім – Аяна – Амир
(Шәкәрімнің бір өлеңі оқылу керек)
деп Шәкәрім атамыз өзі айтып кеткендей, Абай десек, Шәкәрім
есімізге түсері сөзсіз. Ендеше келесі кезекте Шәкәрім атамыздың
поэмасы«Қодардың өлімі»
Нұржанат – Абу-Бакир – Нұржанат –
Абу-Бакир
Келесі ғашықтық дастан, «Шынайы махаббаттың қос
шынары» «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Нұржанат
Абай атамыздың жалпы алғанда 4 поэмасы бар. «Масғұт», «Ескендір»,
аяғы бітпей қалған «Әзім әңгімесі» және орыс жазушысы Лермонтовтан
аударған «Вадим» поэмасы. Енді осы поэмадан үзінді тыңдап
көрелік.
Нұржанат
-
Жарайсыңдар, балалар. Сендер поэманы біледі екенсіңдер. Ал енді
Абай атамыздан қалған қымбат қазыналарымыздың бірі, терең тұңғиықта
жатқан қара сөздерді білесіңдер ме?
-
Әрине, білеміз. Айналайын, Аяна қарындасым бастап
жіберші.
Аяна – Амир – Нұржанат –
Абу-Бакир
- Бәрекелді, жастар. Сендер Абай мұрасын жатқа біледі екенсіңдер.
Олай болса, «Ескендір» поэмасынан үзінді тамашалайық.
Көрініс: «Ескендір»
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім, мұз болмай ма? –
деп Абай тегін айтпаса керек. Ал айтыңыздаршы, осы Абайды танытқан
қазақтың ірі тұрға азаматы кім еді?
- Мұхтар Әуезов болатын. Ол Абай атамыз туралы «Абай жолы» деген 4
томдық роман жазып қалдырды.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін! Менің бала күнімнен
ішкенасым, алған нәрімнің бәрі де Абайдан. Таза әдебиет сарынына
бой ұрғанда, «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең
түсетіндей кездері бар секілді» - деп Мұхтар Әуезов атамыз айтып
кеткен екен.
- Олай болса, «Абай жолы» романынан үзінді тамашалайық:
13 жасар Абай науқастанып, ауылына қайтқан кезі. Далада әкесі
Құнанбай, әжесі Зере және шешелері күтіп тұр еді.
Құнанбай:
Әбу-Бәкір
Ұлжан:
Әйгерім
Зере:
Аяна
Абай:
Нұржанат
Ән: «Желсіз түнде жарық
ай»
(Өлең оқылады)
дей келе Абай атамызға арналған кешімізді жабық деп жариялауға
рұқсат етіңіздер! Абай рухына арналған астан ішіп-жеп отырыңыздар.
Ас дәмді болсын!
|