Материалдар / Іс-шара«Абай мұрасы –халық байлығы»10сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Іс-шара«Абай мұрасы –халық байлығы»10сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта жалпы білім беретін мектебі"ММ








Іс-шара


«Абай мұрасы –халық байлығы»

11 «ә», 10 «а»- сыныптары











Мұғалімдер: Алпысбаева Г.М.

Кокышева Г.М.












2018ж




Абай мұрасы –халық байлығы» (тағылымды кеш)

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Жүргізуші-1: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар оқушылар!
Жүргізуші-2: Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған
«Абай мұрасы - халық байлығы» атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!
Эпиграф: «Абай – адамзаттық өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай –қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны»

Семенова Н.: Абай-қазақ әдебиеті тарихында жаңа дәуір ашқан ұла тұлға. Ол қазақтың жазба әдебиетінің негізін салды. Өлеңдерінде өмір сыры туралы толғайтын, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі бейнелейтін лирикамен жаңартты.

Стасина А. Абай өлеңдері өмір сыры туралы кемеңгерлік ой толғайтын, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі бейнелейтін лирикамен жаңартты. Кіршіксіз , адал махабатты жырлайтынтабиғат жарасымен суреттейтін ғажайып өлеңдер тудырды. Қазақ өлеңін жаңа түрмен, мағыналы мазмұнмен байытты.

Жүргізуші1.Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.
Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
Слайд: «Табиғат лирикасы»
Айдарбекова Айдана: « Ақ киімді денелі ақ сақалды»

Абитжанов Жанибек « Қараша, желтоқсанмен сол бір екі-ай»

Передрий Д: Абай өзінің төл және аударма өлеңдеріне көптеген тамаша әндер шығарды. Ол әндерінде заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да , екі жас арасындағы жаланды сезімі де айқын көрінеді.

Жүргізуші-1: Жүректің мұң-шерін, қуаныш-қайғысын ән әуені арқылы тарқатуға болады. Мұндай ой Абайдың « Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңінде айқын көрініс тапқан.

Мункиев Алишер -« Құлақтан кіріп, бойды алар»

Жүргізуші 1:Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған. А

А. С. Пушкин және Абай. «Евгений Онегиннен» 8 өлең аударған, көбі – Онегин мен Татьяна хаттары.
Касымова Әсемгүл: Татьянаға жазған хаты

Абайдың өмірбаянына шолу. 10 «А» сынып оқушылары.

Жүргізуші-2: Слайд: Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
Слайд: Абай – сазгер.

Абайдың «Көзімнің қарасы» әні- хор, Достиярова Айым гитарамен

Оқушылар караокемен айтып көреді

Жүргізуші-2: 80 - жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері - толысқан ой - сананың жемісі.Абайдың 1885 жылғы жазған « Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі тың үлгідегі жаңа ізденісін тапты. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым- білімге үндеді.
Слайд: «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
Ғылым, білім туралы көзқарасы
Жанбатырова Асем- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Касымова Асемгуль- «Интернатта оқып жүр»

Шитая Камилла-«Әсемпаз болма әрнеге»
Жүргізуші-1: Слайд: Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.
Касымова А. «Қалың елім, қазағым,қайран жұртым»

Жайлаубаева Аружан: Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Жүргізуші-2: Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.
Слайд: «Кемді күн қырық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірін жеткіз»
Махаббат, достық лирикасы
Махмутова Ақниет• « Ғашықтық тілі- тілсіз тіл»
Жүргізуші-2: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
«Көркем сөздің асылы - поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат - мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
Слайд: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»
Ақындық, ән, өнер адамы
Дауренбекова Лаура• «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Шитая Камила• «Өлең сөздің патшасы»
Жүргізуші-2 - оқушы: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!
Жүргізіші-1: Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!



















Іс-шара сараптамасы:

- Абай шығармашылығын оқушылар «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілді;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңіріп, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізді;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой – толғауларымн оқушылар таныстырылды.

Көрнекілік: Абайдың өлеңдер кітаптарының көрінісі, прерзентация, бейнероликтер өлеңдерге арналған.

Іс-шараның әдісі: әңімелеу, ақпаратты технологиясы,

Абайдың « Сегіз аяқ» өлеңімен, Алтынай Жорабаеваның орындауында Абай өмірінен алынған клиппен іс –шара ашылды. Оқушылар білімдеріне көп ақпарат алды.

Жүргізушілер эпиграф «Абай – адамзаттық өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай –қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны» деп кешті арғарай жалғастырды.

Бенероликтен Абайдың табиғат лирикасынан «Қыс» туралы оқушылар қызығып тыңдап , аудармаларын, Абайдың өмірін орыс сынып оқушылары қазақ тілінде айтып,

Айдарбекова Айдана: « Ақ киімді денелі ақ сақалды»

Абитжанов Жанибек « Қараша, желтоқсанмен сол бір екі-ай»

Мункиев Алишер -« Құлақтан кіріп, бойды алар»

Касымова Әсемгүл: Татьянаға жазған хаты тулр

Жанбатырова Асем- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Касымова Асемгуль- «Интернатта оқып жүр»

Шитая Камилла-«Әсемпаз болма әрнеге»
Касымова А. «Қалың елім, қазағым,қайран жұртым»

Жайлаубаева Аружан: Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Махмутова Ақниет• « Ғашықтық тілі- тілсіз тіл»
Дауренбекова Лаура• «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Шитая Камила• «Өлең сөздің патшасы» өлеңдерді оқып оқушылар өздеріне жақсы әсер алып, Абай туралы білімдерін нығайтты.

Абайдың «Көзімнің қарасы» әні- хор, Достиярова Айым гитарамен тартып, басқа да әндерін оқушылар караокемен айтып көрді. Оқушыларға келешекте Абайдың өлеңдерін айтып жүруге насихатталды.
Жүргізуші тақпақ оқуымен

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы! –деп ,кешті аяқтады.
Оқушыларға Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш өте жақсы әсер берді. Поэзия әлемінде оқушыларды адамшылыққа,өнерге,табиғатты сүюге , Абайды құрметтеп, шығармашылықтарын оқуға мұғалімдер оқушыларды баулыды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!