Іскерлік ойын: «Күн шуақтары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іскерлік ойын: «Күн шуақтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға саралап қарау дағдыларын қалыптастыру; жанжалдарды шешудің оңтайлы жолдарын іздеу; ата-аналармен қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін іздеу; педагогикалық ұжымның бірлескен жұмыс тәжірибесін алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін» «Бекітемін»

13«Золотой ключик»бөбекжайының №13«Золотой ключик»бөбекжайының

әдіскері: Э.И.Жексенова директоры м.а.: М.А. Буентаева







Тақырыбы:«Күн шуақтары»

(«Өрлеу» БАҰО»АҚ БҚО бойынша ПҚБАИ-ныңкурс тындаушыларына арналған

«Білім көкжиегіндегі рухани жаңғырудың бастауы - отбасы» тақырыбындағыоблыстық семинарда өткізілген іскерлік ойыны

24.10.2019ж.,хаттама №1)

Picture 12 Picture 17




Picture 20 Picture 23


Өткізген: қазақ тілі мұғалімі

Саменова Г.Б.









Орал қаласы,2019ж.

Іскерлік ойын: «Күн шуақтары»

Мақсаты: ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға саралап қарау дағдыларын қалыптастыру; жанжалдарды шешудің оңтайлы жолдарын іздеу; ата-аналармен қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін іздеу; педагогикалық ұжымның бірлескен жұмыс тәжірибесін алу.

Өткізу түрі: іскерлік ойын

Қатысушылар: курс тыңдаушылары

Керекті құралдар: қатысушыларға арналған карточкалар, бейнероликтер, ватмандар, журналдар, қайшы, желім, оралған жіп.

Барысы:

Ойынға қатысушылар қоржыннан кезекпен сары немесе жасыл түсті дөңгелек фигуралар тағдайды. Түстеріне қарай екі топқа бөлінеді.

1-кезең:Сәлемдесу.Топтармен танысу. / топтың атауы, ұраны, топ басшысы/

2-кезең: «Педагогикалық жағдаяттарды шешу»

Мақсаты: тәрбиеші мен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктерді шешу жағдайында педагогтың мінез-құлқын ойын арқылы моделдеу.

Әрбір топтың басшысы сандар жазылған карточкаларды кезекпен таңдайды. Таңдалған нөмірге сәйкес экранда педагогикалық жағдаят бейнеленген бейнеролик пайда болады. Бейнероликпен танысқан соң, ойлануға 2 минут беріледі.

3-кезең: «Қазіргі заманауи отбасы – ол қандай?»

Мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің қазіргі отбасы туралы түсініктерін кеңейту, тәрбиеленушілердің отбасына деген мінсіз ұстанымдарын және нақты жағдайларын талдау.

Әрбір топқа журналдар,суреттер жиынтығы, ватман қағаз, желімдер, қайшылар тапсырылады. Педагогтердің міндеті: кез келген иллюстрациялар арқылы коллаж түрінде заманауи отбасын бейнелеу.

Бірлескен жұмыстың қорытындысын 20-25 минутынан кейін, педагогтардың әрбір тобы өзінің отбасы туралы әңгімелейді.

4-кезең: Ойын-сахналау «Дұрыс шешім қандай?»

Әр топ «Тәрбиеші — ата-ана»арасындағы жанжалды жағдайды ойлап, қағаз бетіне түсіреді. Кейін қағаздарын қарсылас топпен алмастырады. Әрбір топ осы берілген қалыптасқан жағдайдан тиімді, ұтымды шығу жолын табу қажет.

5-кезең: «Кім тапқыр?».Ойын шарты: әр топтан бір-бірден кезекпен қатысушалар шығады, жүргізуші алдынан таңдаған сөзді, 30 секунд ішінде өзінің тобының мүшелеріне берілген сөзді ауызбен айтпай, тек ыммен түсіндіру керек (қимылдарды пайдалануға рұқсат етіледі).

Бірінші топқа арналған сөздер-дене шынықтыру бойынша ҰОҚ, серуен, музыка пәні бойынша ҰОҚ.

Екінші топқа арналған сөздер-тыныш сағат (түскі ұйқы), педагогикалық кеңес, қуыршақ театры.

Іскерлік ойынды қорытындылау.

Тренинг : «Күн шуақтары»

Тренинг мақсаты: Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орнату тәсілдерін дамыту.

Орындалу шарты: барлық педагогтар шеңберге тұрады, орталықта жүргізуші тұрады. Жүргізуші қолында оралған жіп болады. Жүргізуші: - Мен бұл оралған жіпті кезекпен сіздерге беріп отырмын, жауап ретінде маған «Сіздің атыңыз кім?» және «Сіздің атыңыздың бірінші әрпінен басталатын адам мінезін сипаттайтын бір немесе бірнеше сөздер» айтып, жіпті қайтып менің қолыма беруіңіз сұралады. Мысалы: Менің атым – Гүлжан. Мен гүлге құштар жанмын.

Кейін барлық педагогтарға күн сәулесі таратылып, барлығы тренингте (семинарда) аталған әсерлерін, тілектерін жазу керек. Жүргізуші қолына күннің ортасындағы дөңгелекті алып: -Бұл тренинтті ата-аналармен жұмыс ретінде жүргізсек, бұл күннің ортасы-тәрбиеші, ал күн шуақтары, яғни сіздер- бұл әрбір баланың ата-анасы (отбасы). Ал педагогтермен жұмыс ретінде алсақ, онда күннің ортасы-бөбекжай директоры, күн шуақтары-бөбекжай педагогтері.

Ал бүгінгі семинарда күннің ортасы-бұл біз №13 «Золотой ключик» бөбекжайының ұжымы, яғни семинардың ұйымдастырушысы. Ал күн шуақтары-Сіздер, яғни семинардың қатысушылары. Сіздерге тілерім: Күніміз әрқашан күлімдеп тұра берсін! Күннің шуақтары көп болсын, жылуын барша қоршаған ортасына төгіп жүре берсін! Ешқашан бұлт жаппасын! Әрқашан күн сөнбесін!

Іскерлік ойын соңында барлығы «Әрқашан күн сөнбесін» әнін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шырқап, қорытындылайды.

Назарларыңыз рахмет! Сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2020
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі