Материалдар / Ішкі аурулар препедевтикасы

Ішкі аурулар препедевтикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Медициналық студенттер арасында ұйымдастырылған"Жас дәрігерлер" Халықаралық конкурсында өз ойын ашық, айқын жеткізе біліп, тұшымды және толық жауап бере білген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2022
304
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Операция (немесе хирургиялық ота)- дегеніміз патологиялық өзгерістерге ұшыраған ағзаларды ашу және оларға әртүрлі емдік диагностикалық манипуляция жасау үшін тіндер мен ағзаларды ажырату мен олардың тұтастығын бұзу арқылы тіндерге механикалық әсер етумен жүретін емдеу шарасы.

Хирургиялық операциялардың жіктелуі

Хиругиялық операциялардың түрлері өте көп. Олардың классификациясының негізіне белгілі бір критерийлер салынған.

  1. Операцияның алдына қойылған мақсатына сәйкес операциялар диагностикалық және емдік операциялар болып екіге бөлінеді. Диагностикалық операциялардың мақсаты – диагнозды дәлелдеу, дерттің сатысын анықтау. Диагностикалық операцияларды клиникалық зерттеу әдістері дәл диагноз қоюға мүмкіндік бермей, дәрігер науқаста емдеу тактикасы жүргізіліп жатқан емнен өзгеше ауыр дерттің (ісік, даму ақаулары, ауыр қабыну процестері) бар екенін жоққа шығара алмаған жағдайда қолданады. Бұған: биопсияның түрлері, арнаулы диангостикалық операциялар (лапароскопия, торакоскопия, артроскопия, лапароцентез, торакоцентез) және т.б жатады. Соңғылары науқас өміріне қауіпті сондықтан, барлық инвазиялық және аз инвазиялық әдістер мүмкіндіктері толық пайдаланылып болған соң ғана жасалуы тиіс. Бұл операция жоспарлы түрде де, шұғыл түрде де қолданылуы мүмкін. Кейде қатерлі ісікке жасалатын операциялар да, диагностикалы болып табылады.

Хирургияның дамуына, науқастарды тексеру қосымша әдістерінің жетілдірілуіне байланысты қазіргі кезде диагностикалық мақсатта жасалатын дәстүрлі хирургиялық операциялар сирек қолданылады.

Емдік операциялар науқасты сауықтыру немесе оның жағдайын жақсарту мақсатында жасалады.

Операциялар организмдегі патологиялық процеске әсеріне байланысты түбегейлі, паллиативті және симптоматикалық операциялар болып бөлінеді:

Түбегейлі операциялар деп науқасты дерттен сауықтыратын операцияларды атайды.

Паллиативтік операциялар науқастың жағдайын жақсартуға бағытталған, бірақ дерттен айықтырып жібермейді.

Симптоматикалық операциялар жалпы паллиативтік операцияларға ұқсас болғанымен, науқастың жалпы жағдайын жақсартуға емес, тек дерттің бір ғана қауіпті белгісін жоюға бағытталған.

  1. Операциялардың орындалу мерзіміне байланысты жедел, шұғыл және жоспарлы операция болып бөлінеді.

Жедел операциялар науқас хирургиялық бөлімшеге түскен соң алғашқы сағаттар ішінде тез арада жасалады. Әдетте, жедел операция алғашқы 2 сағат ішінде жасалуы тиіс деп санайды. Жедел жасалатын операцияларға науқастар түскеннен кейінгі алғашқы минуттар ішінде науқас өмірін сақтау үшін реанимациялық шаралар да (трахеостомия, клапандық пневмотораксті ашық пневмоторакске айналдыру, сыртқы-ішкі қатты қан кетуді тоқтату) жатады.

[27.04, 21:35] Раушан Семай: Хирургиялық операциялардың кезеңдері

Хирургиялық операция үш этаптан тұрады:

Операция жасайтын ағзаға жету жолы.

Операцияның тәсілі.

Операцияны аяқтау.

Операция жасайтын ағзаға жету жолы – зақымданған ағзаны жалаңаштау үшін және жоспарланған хирургиялық манипуляция үшін қажетті жағдай жасау.

Операция жасайтын ағзаға жету жолдарына қойылатын талаптар мынадай:

Жету жолы үлкен болмауы тиіс;

Анатомиялық түрғыдан негізді болуы тиіс;

Физиологиялық түрғыдан қолайлы болуы тиіс;

Науқасқа косметикалық нүқсан келтірмеуі тиіс.

Операция тәсілі – операцияның негізгі кезеңі. Осы кезеңде қажетті емдік және диагностикалық манипуляциялар жасалады.

Операцияның емдік әсеріне байланысты операциялар мынадай типтерге бөлінеді:

Ағзаны алып тастау (эктомия);

Ағзаның бір бөлігін алып тастау (резекция);

Бұзылған арақатынастарды қалыпқа келтіру.

Операцияны аяқтау – хирургиялық операцияның маңызы жоғарыдағы кезеңдерден кем емес кезеңі.

Табылған патология мен операцияның сипатына, инфекциялық ластану дәрежесіне байланысты операцияның аяқталуы әртүрлі болуы мүмкін:

Жараны қабатына сәйкестендіріп жауып тігіп тастау.

Жараны қабатына сәйкестендіріп дренаж қалдырып тігу;

Жараны тампон қалдырып жартылай (ішінара) тігу;

Жараны жоспарлы ревизия ықтималдығын ескере отырып тігу;

Жараны тікпей ашық қалдыру.

Операция үстінде қандай асқынулар келесідей:

Операция үстінде қан кету.

Іргелес ағзалардың зақымдануы.

Операция үстінде хирург операциядан кейін болатын инфекциялық асқынулардың алдын-алу шараларын ұйымдастыруы тиіс. Олар мыналар:

Қан кетуді сенімді түрде тоқтату;

Жеткілікті түрде дренаждау;

Тіндерге үнемділікпен қарау;

Инфекциялық кезең өткеннен соң аспаптарды алмастыру, қолды қайта өңдеу;

Патологиялық ошақты шектеу және түзілген экссудатты үздіксіз шығарып отыру;

Жараны операция кезінде антисептикпен өңдеу;

Антибиотикопрофилактика.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ