Материалдар / Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері. Жылуөткізгіштік. ҚМЖ. 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері. Жылуөткізгіштік. ҚМЖ. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға азда болса пайдасы тисіндеген оймен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2020
830
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұғалімнің аты-жөні:Жұбанқызы Жадыра

Күні:

СЫНЫП: 8

Қатысқаноқушылар саны:

Қатыспағаноқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.3.2.1 дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;

Сабақтың тақырыбы:

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері. Жылу өткізгіштік

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік жайлы мағлұмат алады

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйретуФиизикалық ұғымдармен таныстыру олардың мағынасын ашу. Ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктеріне тоқталады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік жайлы мағлұмат алады

Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді

. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Тілдікмақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Физика, табиғат

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

есептеуді тиімді тәсілмен орындау;

Ресурстар

Түрткі сұрақтар парақшасы,

«Ыстық орындық» орындық әдісі

Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика,технология.

Алдыңғы оқу

зертханалық құрал-жабдықтар

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

«Шаттық шеңбер» (бір-біріне жақсы тілектер айту).

Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу.

Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқатүсіру..

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қызыл гүлім-ай» би

Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

  2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?

  3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

  4. Жылу алмасу дегеніміз не?

  5. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

  2. Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?

  3. Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Қызығушылықты ояту

Оқушылар алдыңыздағы, жан-жағыңыздағы, бөлмедегі заттарды қолдарыңызбен ұстап көріңіздер.

-Не байқадыңыздар?

-Бөлменің температурасы қандай?

-Неге ол заттардың температуралары әр түрлі болып сезіледі?

-Не себептен деп ойлайсыздар?


.

Ұстаным.

Әр баланың пікірі құнды. Ұстаздың әр сөзін зейінмен тыңда. Бірлік бар жерде тірлік бар. Оқушылар суретке қарап өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады.





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Д
енемен жұмыс істемей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі
жылу берілу деп аталады. Анағүрлым көбірек қыздырылған дененің бөлшектерінің кинетикалық энергиясы көп болғандықтан, ол азырақ қыздырылған денемен жанасқанда, оның бөлшектеріне энергияны тікелей береді.

Жылу берілудің үш түрі бар:

1.жылуөткізгіштік.

2.конвекция

3.сәуле шығару


  1. Жылуөткізгіштік

Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады

Тәжірибе №1 (электронды оқулықпен) .

Жылуөткізгіштік ерекшелігі:

- қатты, сұйық және газдарда жүре алады;

-зат өзінің орнын ауыстырмайды;

-әртүрлі заттардың жылуөткізгіштігі түрліше болады.


2.Конвекция

Жылу қондырғылары еденге жақын төменде орналасқанымен, бөлменің жоғары жағындагы ауаның температурасы әдетте төменгі жағынан жоғары болуының себебі неде?

Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш — Архимед күші әрекет етеді.

Конвекция дегеніміз — сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.

Конвекция ерекшелігі:

-Сұйықтарда және газдарда болады;

-қатты денелерде және вакуумда болмайды;

-газдар мен сұйықтар өздерінің орындарын алмастырады;

-газдар мен сұйықтарда төменнен бастап қыздырады.

Тәжірибе №2

2.Сәулешығару


Сәуле шығару (сәулелік жылу алмасу) деп электрмагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз.

Сәулелену энергиясының дененің ішкі энергиясына айналуын жұтылу деп атайды.


Сәуле шығару ерекшелігі:

-Кез-келген затта жүре алады;

-дене температурасы артқан сайын сәуле шығару қарқындылығы артады;

-вакуум арқылы да таралады;

-қара денелер сәулені көбірек жұтады, ал ақ денелер керісінше сәулелерді көбірек шағылдырады.


Жылу берілудің түрлерінің тұрмыста қолданылуы.


Үйді су құбырлар жүйесімен жылыту.



1 .Окулықтағы суреттер бойынша тәжірибелер.

2. Қолдарыңа шыны, ағаш және темір таяқша алыңдар.Қайсысы суығырақ болып сезіледі?Неліктен?

3. Қағаз қорапша алыңдар, ішіне су кұйып жалынның үстіне койыңдар. Суды кайнатуға тырысып көріндер. Неліктен қағаз қорапша жанып кетпейді?

4.Металл стерженді қағазбен ораңдар да жалынның үстіне ұстаңдар.Қағаз жана ма?Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріндер.

5
.  Ұзындықтары және  көлденең  кималары  бірдей әртүрлі  металл сым 
алыңдар.Оларды   кезегімен   бірдей   от   жалынына   ұстаңдар.Саусақтарың жылуды сезеді. Әрбір сым арқылы жылудың таралу уақытын есептеңдер.

б.От жалынына сірінке талын саусақтарың жылуды сезгенше ұстандар. Ағаштың жылу өткізгіштігі жөнінде не айтасындар.

7. Пробиркаға су құйып, оны үстіңгі жағынан қыздырыңдар.Судың үстіңгі жағы қайнап кеткен   кезде оның астыңғы бөлігі қызған, қызбағанын тексеріндер.Судың жылу өткізгіштігі жөнінде не айтасыңдар.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

Shape1

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Жұптық жұмыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!