Материалдар / Ислам- жауапкершілікпен өмір сүру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ислам- жауапкершілікпен өмір сүру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам діні және оның құндылығы мен қоғамдағы маңыздылығын түсіну үшін маңызы зор. Әрбір мұсылман баласы атқарар қызметін шынайы таза ойымен атқарса, Жаратушы алдында зор құрметке бөленетіні түсіндіріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2018
323
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ислам- жауапкершілікпен өмір сүруИслам діні барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дін. Әсіре сілтеушілікті, шектен шығуды, ысырапшылдықты қош көрмейді, сондай-ақ дүние-мүлікке қызығуды да жексұрын санамайды. Құраннның көптеген аяттарында мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес, сонымен қатар дүниеде де ізгі нығметтерге бөленетіні туралы білдірілген. Сол себепті,ахиреттегі бақытқа ие болу үшін дүниедегі бақытты тәрк ету талап етілмейді. Алайда мұсылман тарихында әсіре аскетизмді уағыздайтын сопылық ағымдар болғаны рас. Олар көбінесе көңіл тазалығына көңіл бөліп, тек құлшылық жолында болған.Дініміз Исламда дін, қоғам деген ұғымдар егіз. Жаратылыс иесі адамның рухани өмірі мен іс-әрекеттеріне бірдей қарайды және араласады. Ислам ол барлық әлемдегі мақұлықтар мен заттар бағынатын өмір сүру, тіршілік ету формасы. Сондықтан, барлық субстанциялар мен жәндіктердің табиға өмірі Ислам хәлінде болады. Олардың іс-әрекеттері мен тіршілігінде қарама-қайшылық байқалмайды. Барлығы да тәңірлік заң шеңберінде өмір сүреді. Ал, ақыл иесі адам баласы өз еркімен Исламды ұстанатын болса, онда оның өмірінде де табиғат өмірінде де ислам яғни бейбітшілік, тепе-теңдік болады. Бұл жөнінде Исламды дін деп емес, бейбітшілік сүйгіш әлем деп түсінген жөн. Негізі солай.Сонымен Ислам басқа діндер (сенімдер) секілді адам үшін тек рухани,мәдени қазына ретінде қаралмайды. Бұлардың барлығын өзіне қамтып, адам іс-әрекеттері мен іс қылықтарына белгілі дәрежеде басшылық жасап отырады. Талдап түсіндірер болсақ, мұсылмандарды намаз оқуға бұйырған болса, дәл сондай дәрежеде білім үйренуге де бұйырады. Намаз оқу парыз етілген болса, білім игеру де дәл сондай күйдегі парыз. Сол сияқты ораза ұстау қандай парыз етіліп бұйырылғаған болса, Отанды қорғауда дәл сондай күйде парыз болып табылады. Ислам мұсылмандарға дәрет алу шарттарын қалай үйреткен болса, сауда, кәсіп жасау,адал ризық табу жолындағы шарттарды да үйретеді. Адам мен өмір үйлесімі тек осы Ислам жолы ғана көрсете алады. Себебі мұсылмандар қоғамда әділдік орнатуға,арсыздықты жоюға міндетті болып келеді. Сондай-ақ барлығымыздың ісіміз бен қоғамдағы қызметіміз адам игілігіне айналса ол істерімізді де ғибадаттар қатарына жатқызатын тек Ислам ғана. «Сендердің дінге деген ниеттерің дұрыс болса,онда азғантай жақсылығыңның өзі жеткілікті»-дейді хадис.(Абу Дауд) Көңілінің тазалығы мен Исламға сенген күйде қоғам үшін қызмет ету,жаратушы алдында өзіне лайықты ғибадатты атқарған болып табылады.Жаратушы алдындағы парызымызды Ислам екіге бөледі. Біріншісі ъайн. Бұл барлық мұсылмандар үшін орындау міндетті болып келсе,(намаз ,ораза,зекет, хаж) екіншісі кифая немесе жеткілікті дәрежедегі парыз. Бұны орындау қоғам ішінде, сол аймақтағы өзге бір мұсылман атқару арқылы өзге мұсылмандардың міндетінін немесе жауапкершілігінен құтқарады. Мысалдар келтіре кетсек, Аумақта қаза болған мұсылманға жаназа оқылса,оған қатысқан адамдар арқасында, қатысуға бармағандар жаратушы алдында міндетінен құтылған болады. Дәл сол сияқты қоғам үшін қажетті білімдер үйрену,кәсіп игеру, біліктіліктерін арттыру отыру үшін барлық азаматтар емес, сол жауапкершілікте жүргендер өтесе, бұны біздер жеткілікті(кифая) парыз деп түсінуіміз керек. Қазіргі қоғам жағдайымен айтар болсақ аудан үшін кадрлар тапшылығын жойып отыру сала мамандарына міндеттелген. Оған тиістілер қажетті жерлерге уақытылы ақпараттарды беріп отыруы арқылы басқа мұсылмандар ахиретте жаратушы алдында жауап беруден құтылады.Демек барлық мұсылман үшін жеткілікті (кифая) болып есептелген міндетті қоғам үшін аса қажет сала немесе қоғам үшін сұраныс жоғары түрған мамандарды дайындау барлық мүсылман үшін тек жеткілікті (кифая) міндет болады. Жаратушы алдында олардың әр біріне атқарған қызметіне орай сауап, әділетсіздіге мен кемшілігі үшін күнаға айналады. Осындай өркениеттілік жолды ғибадат дәрежесіне көтеру тек Исламға ғана тиесілі.Мінекей, хақ дін Исламның үстем парқы, ерекше қасиеті, универсалдық адамгершілігі. Жаратушы өзінің жаратқан пенделерінің ішінде мұсылмандарды орта жолдағы үмбет және әлемдегі әділеттіліктің куәгерлері еткен. Жаратушымыз барлық адамзаттың осы қағидаға сәйкес өмір сүруін қалайды.Ислам діні ғаламдық (универсалды) дін. Ол, белгілі бір аймақ пен халыққа немесе заманға ғана жіберілген дін емес. Исламды барлық әлемдегі адамдар түсіне алады және талаптарын,үгіттерін барлық уақыттарда ұстауға болады. Өйткені мұсылманшылық өте қарапайым және оңай жол. Әлемдегі өзге діндерден артықшылығы осында.



Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Сұлтанғазы Төлегенов

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!