Тақырыбы:«Ит
-жеті қазынаның
бірі»
Тақырыпты таңдау
мақсатым : Ит жеті қазынаның бірі ,
адамның досы санаймыз . дегенмен иттен келетін зиян да бар емес пе
?( мысалы : Иттен жұғатын ауру , иттің адамды қабуы т.б) Ендеше
иттің пайдасы басымырақ па , әлде иттің зияны басымырақ па
?
Зерттеу
мақсаты : Ит өсірудің тиімділігіне
сипаттама беру және иттің тұрмыста және халықтық медицинада адамға
тигізер пайдасын айқындау .
Зерттеу
міндеттері : Ит түрлерін, қасиет
белгілерін анықтау . Иттің адамға тигізер пайдасы жөнінде ғылыми
ұсыныс беру .
Зерттеу жұмысының
өзектілігі : Иттің қасиет белгілерін
зерттеу . Адамға иттің тұрмыстық , медициналық пайдалы жағын
қарастыру .
Зерттеу жұмысының
жаңалығы :
-
Иттің етін өкпе құртына, көз
шымылдықтанып, бас айналғанда, жазылмайтын жараларға қарсы ем ,
дәрі ретінде қолдануды енгізілу жолдарын
қарастыру.
-
Сауын малының желіні ісінсе,
итаяқты отқа қыздырып, онымен ауру желінді ұрып домдау әдісін
күнделікті тұрмыста қолдануға кеңес
беру.
-
Ит тию (мешел –рахит ) ауруына
шалдыққан сәбидің төсіне сүт тамызып, итке жалатса , ауру иттің
тілімен бірге кетіп , аурудан аиығу тәсілін халықтық медицинадағы
орнын дәлелдеу.
-
«Ит ауруына » ұшыраған көз
тиген баланы иттің қылынан алып, өртеп ауру балаға искетеді ,
күйесін баланың маңдайына , бетіне жағып домдайды . Иттің бас
сүйегі салынған суға шомылдыруын халықтық медицинада қолданудың
нәтижесі зор екеніні дәлелденді.
« Ит –адамның адал
досы,айнымас серігі »
Жер бетіндегі өмір сүріп
жатқан жануарлардың арасында адамзат баласына ең жақыны-ит.
Ит адамның қолға үйреткен ең алғашқы үй
хайуаны.
Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа
ана өмір сүрген кезеңде алқапты топан су басып, барлық егін суға
ағып кеткен екен. Сонда адамзатқа ерген алғашқы жануар ит- бір уыс
масақты судан тістеп алып шыққан дейді. Сол масақты келер көктемде
Адам ата мен Хауа ана жерге егіп, тіршіліктерін жалғастырыпты.
Міне, содан бері осы бір ақылды жануар адамның айнымас досы болып
келеді.Иттерге тән қасиет - адалдық, сезімталдық және төзімділік.
Осындай ерекше қаситеттері мен адамның да қолынан келе бермес
ерліктері үшін құрметке бөленіп, тіпті мүсін орнатылған, аттары
аңызға айналған иттер тарих жадында сақталып
қалған.
Әлемдегі ең атақты мүсіндердің
бірі Париж қаласындағы Сена өзенінің бойына орнатылған. Бұл мүсін
кішкентай балақай құшақтап тұрған
Сенбарра
Барри деген қаһарман итке арналған.
Ескерткіштегі «Қырық адамды ажалдан арашалаған Барриге» деген
жазудың астарында мынадай аңыз жатыр: Альпі шіркеулерінің бірінде
күзетші боп жүрген Барри бірде қар астында қалған қырық адамды
құтқарып шығады. Қайтадан жолға шыққан ол, қар астында көмулі
қалған тағы бір жолаушыны тауып алады. Әбден тоңып қалған адамды
жылыту үшін Барри оның бетін жалай бастайды. Әлгі адам есін жинай
бастайды, бірақ дәл алдында тұрған итті көріп, қасқырмен
шатастырып, сол жерде оны өлтіріп қояды. Дегенмен аңыздың басқа да
нұсқалары кездеседі. Кейбір нұсқаларға қарағанда, қырық бірінші
жолаушы ақылды итті өлтірмеген. Өйткені ол кішкентай бала
болатын. Барри есінен танып жатқан баланы тауып алып,
жылытып, аман-есен шіркеуге жеткізген. Барри осы оқиғадан кейін 12
жыл өмір сүріпті.
Келесі қаһарман, балалардың
сүйікті кейіпкеріне айналған ит - Бальто. Ол 1925 жылы Алясканың
Ном аймағын жайлаған індетті тоқтатқан. Ауруханаға тез арада
эпидемияны тоқтату үшін шалғайда орналасқан Анкоридж қаласынан дәрі
жеткізу керек болады. Тұрғындар ешбір көліктің көмегі болмайтынын
біліп, ойлана келе, иттер жегілген арбамен сапарға шығуды дұрыс деп
табады. Қатал ауа-райына қарамастан, көзге ештеңе көрінбейтін
боранды күнде жолға шыққан бірнеше иттің ішінде Бальто да бар еді.
53 шақырым жол жүріп, үсуге шақ қалған Бальто, иттердің қосынын
айдап барған Гуннар Каасенмен бірге ақыр аяғында алға қойған
міндеттерін толық орындап шығып, АҚШ-тың «батыры» атанды.
Балто 1919 жылдың 10 ақпанында Алясканың Ном қаласында
туылған. Өмірінің бірнеше жылдарында тауға тамақ тасумен
айналысқан. Кейінірек Огайо штатындағы Кливленда зообағында
болып, 1933 жылдың 14 наурызында
өлген.
Бальтоның ерлігіне бір емес
екі мүсін орнатылды. Біріншісі Ном қаласында, ал екіншісі
Нью-Иорктегі Сентрал саябағында.
Ал ізкесушілік қызметке
үйретілген иттердің ішіндегі ең атақтысы голландиялық Лео есімді
овчарка. Ол Амстердам әуежайында 9 жыл қызмет етті. Оның
көмегімен есірткіні шекарадан алып өтпек болған 300 қылмыскер
құрықталған. 9 жылдық қызметінде Лео әртүрлі жүктерге жасырылған 3
тонна гашиш, 1 тонна марихуанна, 28 тонна героин және 18 тонна
кокоин тауыпты. Есірткінің барлығы фармацевтикалық орталыққа дәрі
жасауға жіберіледі. Одан мыңдаған доллар пайда түседі. Кейіннен Лео
мемлекеттік зейнеткерлікке шығып, құрметпен қартайған иттердің
үйіне жіберілген.
Ғарышқа ең алғаш болып ұшқан
да ит. Лайка, Белка және Стрелка ғарышқа қазақ жерінен аттанып,
жерге есен-сау оралды. Ғарышкер иттердің аттары тарихта мәңгі
қалды. Оларға Ресейде ескерткіш
орнатылды.
Ит жануарына сипаттама және
түрлері
Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б.з.б. 15 – 10
мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар –
нағыз етқоректі
жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі.
Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай
болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте
жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық
жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда
жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14
күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30
күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1,5 айдай емеді.
Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің
400 тұқымы белгілі.
Иттің белгілі бір қызмет
атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай-ақ үйде сәндік үшін
асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті,милиция істерінде, әр түрлі объектілерді
күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл
тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс
европалық), Кавказ
овчаркасы, Орта Азия
овчаркасы, орыстың
оңтүстік овчаркасы, шотланд
овчаркасы (колли),ротвейлер, эрдельтерьер, қара
терьер, ризеншнауцер, Москва күзет
иті жәнесүңгуір
ит (ньюфаундлендтің отандық типі)
жатады.
Шпицетәрізділер бұған
терьерлер мен доберман –пинчерлер
жатады
-
Тазы иттер мен
овчаркалар
-
Азия , Америка құрылығына тән
иттер
-
Оңтүстік жарты шар
иттері