ИТТІҢ ДЕ ИТІ БАР, ИЕСІ БАР…

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ИТТІҢ ДЕ ИТІ БАР, ИЕСІ БАР…

Материал туралы қысқаша түсінік
29 – қараша, жұмыстан соң үйге келіп, шай ішіп болғаннан соң газет қарап отырып телеарнаны қостым, «Қарекет» бағдарламасы. «Ит және ит иесі» деген тақырыпта. Негізі бұл халықтың мұң – мұқтажын айтып, қиын – қыстауына жылу болатын, маңызды мәселелерді көтеретін жақсы бағдарлама. Бір әйел, баласын көршісінің иті талап тастағанын айтып, егіл – тегіл жылап отыр. Көршісінің, не дәрі – дірмекке де көмектеспей отырғанына зар жылайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ИТТІҢ ДЕ ИТІ БАР, ИЕСІ БАР…


29 – қараша, жұмыстан соң үйге келіп, шай ішіп болғаннан соң газет қарап отырып телеарнаны қостым, «Қарекет» бағдарламасы.

«Ит және ит иесі» деген тақырыпта. Негізі бұл халықтың мұң – мұқтажын айтып, қиын – қыстауына жылу болатын, маңызды мәселелерді көтеретін жақсы бағдарлама.

Бір әйел, баласын көршісінің иті талап тастағанын айтып, егіл – тегіл жылап отыр. Көршісінің, не дәрі – дірмекке де көмектеспей отырғанына зар жылайды.

Сол жерде бір заңгер әйел – ит иесін қолдағандай кейіп танытып отыр. Мен әйел баласы бірін – бір түсініп,ең болмағанда жас анаға сөз көмек береді ғой деп отырсам, төбемнен мұздай су құйғандай болды. Ит иесіне көп болса әкімшілік шара қолданады – деп міз бақпай отыр. Ал бір журналист кісі - бізде гуманизм кетті, сол иттерге шет елдерде, Ресейде притондар салынған т.б. дейді.

Сосын Талдықорғандағы екі баланың уақиғасын көрсетті. Адам шошырлық уақиға. Әке – шешелері қалшылдап сөйлей алмай отыр. Оңай ма, көз алдарында балаларын «шет елдік ит» немесе төбелескіш иттер шайнап тастаған. Олар иттің егесін соттауларын талап етіп отыр. Себебі, иттеріне дұрыс қарамағаны үшін. Сөйтсе оларға тек әкімшілік шара ғана қолданады екен.

Айналайындар – ау, біреудің көзінің қарасындай, қуанышы болып отырған баласы өліп отыр ғой. Сонда адамның өмірінен иттің өмірі қымбат болып тұр ма?

Өздерінің басына салмаған – соң олар солай сөйлеп отыр – ғой.

Бір Алматыда жылына 16 400 ит ауланады екен.

Егер притон ашып осы иттерді қамап асырасақ. Әр жылда 16 400 ден, он жылда 164 000 ит болады. Сонда сол притонға үлкен ғимарат, жарық, қаншама темір – тор, тамақ, жұмысшы керек. Бұл дегенің миллиардтаған қаражатты қажет етеді деген сөз.

Айналайындар – ау, сол иттерге салған үйді, үй – күйсіз жүрген қаншама жас жанұяларға, ең болмағанда неге жатақхана етіп салып бермеске.

Сосын тағы бір айтарым. Ол Европа мен Ресейде жалғыз бастылар көп, солар өздеріне (С)ерік етіп ұстайды. Сондықтан олардың иттерінің жағдайы кейбір адамдардыкінен де «шикарный». Олардың иттерінің бір күндік тамағының бағасына бір аптаға тамақ алуға болады.

Тағы бір айтарым, компьютермен, қаншама әскермен күзетіліп отырған АЭС-теріміз жарылып кетіп жатқан жағдайда (Чернобль, Жапониядағы Фукусима), сол ит притондарының есігі ашылып кетпеуіне кім кепіл. Егер, әдейі бір арандатушы ашып жіберсе ше? Ашылып кеткен жағдайда 164 400, аш ит қала көшелеріне шығып кетсе не болады.

Осы қасиетті, киелі деп санайтын ақбөкендерді де аямай қырып жатырмыз – ғой. Оның қасында ит.........не малыңды бақпаса, үйіңді қорымаса, не еті жеуге келмесе оны неге бағып – қағуымыз қажет.

Менің айтайын дегенім: біріншіден Шетелдік иттерді Қазақстанға кіргізбеу керек. Екіншіден карантинный пост қою қажет.

Көп шет елдерде солай етілген, кейбір елдерде кейбір ит түрлеріне тиым салынға.

Мысалы, Швеция, Дания, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Бельгия, Швейцария, Жаңа Зелендия мен Латвияда иттердің мынадай түрлерін асырауға тиым салынған: америкалық стаффордширский терьер, питбультерьер, стаффордширский бультерьер, бультерьер, неаполитанский мастиф, испанский мастиф, бордоский дог, аргентинский дог, американский бульдог, бульмастиф, кавказская овчарка.

Европада барлық итке салық, сақтандыру бар, яғни адамға шабуыл жасағанға төленетін ақша есебіне саналады. Жылына бір рет агрессияға тест тапсырады. Алты ай сайын әр – түрлі ауруларға дәрі ектіреді.

Сондықтан, Қазақстанда арнайы Осы ит асырайтындарға заң шығару қажет сияқты. Сол итті дұрыстап бағып қағуына және сол иттің барлық қылығына өз басымен жауап беретіндей. Сонда ғана олар жауапкершілікті сезінеді. Әйтпесе, солардың кесірінен біреулер зардап шегеді де, ешқандай жазасыз құтылып кетеді, ал біреулер өмір бақи зар илеп қалады.

Өткенде, 2019 жыл 1-сәуір күні жаңалықтардан көрсетіп жатырғанын көрген шығарсыздар, Алматыда өз иті сол үйдің кішкентай қызын шайнап тастаған. Не деген сұмдық, ит иттігін жасайды деген осы шығар.

Ойланайық, БАЛА өмірі қымбат па? Ит өмірі ме?

Сіз не дейсіз.


Айдаров О.Т.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2020
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі