Материалдар / ізденіс жұмыс Мұнай өндірудің экологиялық проблемалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ізденіс жұмыс Мұнай өндірудің экологиялық проблемалары

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2021
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұнай өндірудің экологиялық проблемалары

Қатысушының аты-жөні: Бимахан Шұғыла

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Қаратөбе ауылы

229 орта мектебі

10 сынып оқушысы

Жетекшісі: Дауылбаева Айнұр



Жұмыстың тақырыбы: Мұнай өндірудің экологиялық проблемалары

Мақсаты: : Мұнай және оны өндірудің экологиялық проблемалары және табиғатқа зиянын түсіндіру.


Жоспары:

І. Кіріспе бөлімі.

1/ Мұнай жайлы мәліметтер

ІІ. Негізгі бөлім

1/ Мұнайдың шығу тарихы

2/ Мұнай өнімдері

3/ Қолданылуы

4/ Мұнайдың экологиялық зияны

ІІІ. Қорытынды

1. Ұсыныс

2. Пайдаланылған әдебиеттер




І/ Мұнай жайлы мәліметтер

Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай жер қыртысында 1,2-2 км тереңдікте немесе одан да тереңіректе және теңіз түбінде кездеседі. Қазақстан Республикасы мұнайға бай елдердің бірі. Мұнай Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында өндіріледі.Біздің елімізде мұнай өндіріле бастағанына 100 жылдан асты. Доссор мен Мақат кәсіпшіліктерінде мұнай Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында (ХХ ғасырдың басында) өндіріле бастады. Мұнай-әртүрлі көмірсутектердің күрделі қоспасы. Мұнайдың құрамы табиғатта кездесетін орнына байланысты әр түрлі болады. Мысалы, ембі мұнайында күкірт,алкандар (парафиндар) , т.б. жоғары молекулалы көмірсутектер тәрізді қоспалар аз болады. Сондықтан одан жоғары сапалы бензин өндіріледі.Табиғи көмірсутектердің ішіндегі ең маңыздысы –мұнай. Мұнай – теңіз хайуандары мен өсімдіктерінің баяу ыдырауының нәтижесінде түзілген. Мұнай - қара қоңыр түсті өзіне тән иісі бар май тәрізді.Мұнай – табыс көзі, зор байлық, үлкен қазына. Қазіргі кезде бүкіл әлем мұнай өнімдерін кең пайдаланады. Қазақстан мұнай өндіре бастағаны жүз жылдан асқанын, қара алтын бұлағының Ембідегі Қарашұңғылдан басталғанын, содан Маңғыстаудағы Өзенге жалғасып, ақыры Қашағанға дейін қазақ мұнайы жүріп өткен жол бәрімізге белгілі. 2011 жылғы деректер бойынша Қазақстан мұнай өндіруші елдер ішінде 9-орында тұр, өндіру көлемін 170 миллиондай тоннаға жеткіздік. Мұнайды экспорттаудан да алғашқы ондыққа ендік. «2015 жылы мұнай экспорттаудан 5-тікке кіруіміз керек » деп Елбасы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев межеп қойып отыр. Қазақстанда Атырау, Павлодар және Шымкент зауыттарында мұнай өңделеді. Ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін тағы екі зауыт 2020 жылына дейінгі аралықта Көкшетау мен Қызылжарда іске қосылады. Мұнай саласындағы , ғалымдардың пікірінше ірі мұнай кен орындары түгел барланған, қорлары белгілі. Су астындағы бұғып жатқан Қашаған аралында 4 км тереңдікте ғаламат мұнай қоры табылды. Бір Қашаған қоры бүкіл Американың мұнайынан асып түседі. Қашағандағы мұнай қоры 7 миллиард тонна және аса ірі сапалы мұнай. Бұл ғаламат байлық. Қашағанда табылған мұнай әлемде соңғы 30 жылда табылған аса ірі кен орыны.Су бетін мұнай және мұнай өнімдерімен ластанудан суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар көп зиян шегеді. Мұнайдың су бетінде аса жұқа қабық түзетін ерекше қасиеті бар. Алтаты қаласының өзінде-ақ көліктер жылына ауаға 20 мың тоннаға жуық зиянды заттарды шығарады екен. Сондықтан экологияны сауықтыруды үнемі басты назарда ұстау қажет.

Мұнай – органикалық заттардың күрделі қоспасы.Кез келген мұнайдың құрамында үш түрлі : қаныққан , циклопарафин, аромат көмірсутектер кіреді. Олардан басқа органикалық қышқыл, күкіртсутек, күкірт, органикалық қосылыстар бар . Шығарылатын мұнайды шикі мұнай ,судан тазартылған тауарлық мұнай дейді .

Ерден Нығыметұлы Әзербаев (1912-1975). Қазақ арасынан шыққан тұңғыш химия ғылымдарының докторы, академик. Қазақстанда органикалық химияның әртүрлі салалары – көмір химиясының, мұнай химиясының, ацетилен химиясының дамуына және органикалық синтездің қалыптасып, өркендеуіне көп еңбек сіңірді.

Мұнайдың шығу тарихы

Мұнайды ең алғаш рет ертеде шығыс халқы пайдаланған. Ең алғаш болып мұнайды кәдеге жаратқан Тигр мен Ефрат өзенінің бойын мекендеген шумария мемлекеті. Ал, 2800 – 3500 жыл бұрын Суза қаласының маңынан табылған көне құмыра ыдыстардан мұнай жұғындылары табылған, сол деректерге сүйенсек Иран халқы мұнайды сол кезде тауып, пайдаланған. Мұнай б.э.б алты мың жыл бұрын пайда болған.Ең алғаш Еврата жағалауында, Керчта,Қытай мемлекетінде Сычуань елінде болған.Мұнай туралы қолжазбалар ежелгі тарихшы ,географтар :Герадот, Плутарха еңбектерінде кездеседі.Тек ХХ ғ бастап шикізат ретінде отынға , органикалық қосылыстарға пайдаланыла бастады.

Мұнайдан алынтын өнімдерді келесі топтарға жіктеуге болады.

1. Жанар май (отын)

2. Мұнай майлары

3.Парафиндер , вазелиндер.

4. Мұнай битумдары;

5. Жарықтандырушы керосиндер.

6. Еріткіштер;

7. Басқа мұнай өнімдері (кокс, күйе консистентті майлайтын майлар; мұнай қышқылдары және т.б).

Қолданылуы: Мұнай және оның өнімдерінің қолданылуы. Мұнайдың еліміздің экономикасындағы маңызы зор. Мұнай экспортқа шығатын негізгі өнімнің бірі. Ол- сұйық отынның басты көзі. Елімізде қалған мұнайдың басым көпшілігі

(90%-ке жуық) әртүрлі жанармайларға айналдырылады. Мұнай өнімдері энергия көзі ретінде электр станцияларында,отын ретінде жерүсті, су және әуе көліктерінде пайдаланылады. Мұнайды өңдеу арқылы тек жанармайлар мен жағармайлар ғана емес, сонымен қатар химия өнеркәсібіне қажетті басқа да заттар алынады. Мұнайды өңдегенде түзілетін газдар химия өнеркәсібінің бағалы шикізаттары болып табылады. Олардан пластмассалар, синтетикалық және жасанды талшықтар, синтетикалық көксағыз бен резеңке, синтетикалық жуғыш заттар, тыңайтқыштар, қопарылғыш заттар, бояулар, дәрі-дәрмектер, т.б көптеген заттар алынады.


Мұнайдың экологиялық зияны

Мұнай өңдеудің зияны.

«Алмақтың да салмағы бар » -*демекші сутекті қазба байлықтарды өндірудің ұлғаюының кен орындары орналасқан аймақтағы экология және жер қойнауына тигізетін қатерлі әсері жайында. Мамандардың есебі бойынша, жерастынан алынған бір тонна мұнаймен бірге 500 кг ілеспе газ шығатын болса, оның құрамында 160 кг улы заттар болуы мүмкін. Сондықтан ілеспе газды ауаға жібере беруге, немесе бүгінгідей шырақ түрінде өртеуге болмайды, адам жүйкесіне ауыр әсер етеді, ауруларға шалдықтырады, отқа өртеле қалған жағдайда одан бөлінген күкірт қышқылы ауаның жоғары қабатына көтеріліп, жер бетіне жүздеген жылдар бойы қышқыл жаңбыр болып себелейді. Сонымен қатар ілеспе газды жобасыз, есепсіз жер астына қайтадан жібере беруге тағы болмайды, онда ол жерасты су көздерін ұзақ мерзімге ластауы мүмкін. Елімізде «Қара алтынды» тасымалдау және қайта өңдеу экологиялық ластану мәселелерін туындатып отыр. Мұнай өңірінде қалдықтардан құтылу оңай емес, мұнайдың қоймалжың тұнбалары, пайдасыз топыраққа, ластанған тұзды мұнайға, металл қалдықтары, бұрғылаудан кейінгі қалдықтардың барлығы экологияға өте зор зардабын тигізетін жағдайлар болып табылады. Мұнаймен ластанған жерлерді қайта қалпына келтірудің жаңа технологияларын әзірлеу және қолда бар технологияларды жетілдіру қажеттілігі өзінен -өзі туындап отыр. Каспий, Қазақстан және Орта Азияның мұнай және газ кен орындарын меңгерудің экологиялық проблемаларының өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар - географиялық, геологиялық, геодинамикалық, сондай-ақ әлеуметтік. Оның үстіне қазіргі кезге дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесі мұнай мен газды өндіру бойынша жобалық тапсырмалардан кейін тұрғаны және жобаларда дұрыс шешім таппауы экологиялық жағдайға ерекше із қалдырады.

  • Мұнай мен газды өндіру және өңдеу кезінде табигатты қорғау бойынша маңызды багыттар болып экологиялық таза үрдістер игеру және қалдықтарды азайту, мұнай-химиялық өндірістердің газды қалдықтарын тазарту, бүралқы суларды тазарту, қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануын қадағалау және т.б. болып табылады.

  • Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химиялық кешенде қоршаған ортаның ластануы іздеу-барлау және газ өндіретін скважиналар құрылысынан басталады.

Скважиналардың құрылысы кезіндегі негізгі ластану көздері: бұрғылау қондырғыларының дизелдерінің түтіндері (выхлопы), бұрғылау сұйығының дегазаторлары, ұнтақ тәріздес сусымалы материалдарды сақтайтын ыдыстар, өндірістік-технологиялық қалдықтары бар қоймалар, сондай-ақ циркуляциалық жүйелер. Көп жағдайларда, бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді. Қондырғылар аймақтары қатты жабынмен жабдықталмаган және құм төгілмеген. Осының салдарынан, жақын жатқан жерлер бұрғылау сұйығымен және мұнай өнімдерімен ластанады. Кейін бұл зиянды заттарды еріген сулар жақын жатқан жерлерге және су қоймаларына қарай шайып кетеді. Топырақ-тың ластану үрдісі топырақтарда өнімді қабаттар мен сіңіретін қабаттарға қабат қысымын көтеру мақсатында айдалатын минералдығы жоғары қабат және бұралқы сулардың болуымен күрделінеді. Бұрғы мұнарасынан 500-800м. радиуста өсімдіктер 70-80%, ал 100м. радиуста бұрғылау сұйығымен ластанудың нәтижесінде толығымен жойылады.

Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңындағы қоймаларда жиналады және оларды кейін арнайы қалдық сақтау орындарына алып кетіп, орналастыруды талап етеді. Бұл кезде қалдықтардың ластау шамасын (дәрежесін) бағалау маңызды орын алады. Жер асты суларында ластағыш заттардың мөлшері мен улылығы тәуелді болады. Бұрғылау жұмыстарындағы ең негізгі және күшті ластағыш -бұрғылау сүйығы. Оны дайындау үшін жиырмаға жақын химиялық реагентгер қолданылады, олардың көбінің мүмкін болатын шектік концентрациясы орнатылғаннан жоғары. Скважиналар құрылысы мен бұл кезде жиналатын қалдықтар өндірістің басқа түрлерінен бұрғылау кешендерінің шашыраңқылығы мен қалдықтардың сипаттарының әртектілігімен және олардың уақыт өте өзгеретіндігімен ерекшеленеді.

Бұрғылау жұмыстарын орындау мен скважиналарды пайдалану кезінде қолданатын қалдық тоспа қондырғылардың (ҚҚ) сапасы мен құрамы біршама маңызды. Ол үш рет (1975, 1980 және 1990) қайта қарастырылған МЕСТ 13862-90-пен орнатылады. Бұл шаралар отандық ҚҚ әлемдік үздік стандарттар деңгейіне, мысалы, Америка мұнай институтының АР-1-16А стандартына сәйкестендіруге бағытталған Оған 30 жылдан астам қалдық-тоспа қондырғылардың көптеген түрлерін игерумен айналысатын "Азнефтемаш" көп үлес қосты. "Азнефтемаш" концернінің зауыттары барлық отандық ҚҚ өлшемдерінің 75%-ін шығарады. Достастықтың бұрғылау кәсіпорындарына бұл концерн жабдықтың 90% -ін ұсынады.

Пайдасы: Қара алтын, аса пайдалы, халықты жұмыспен, ақша көзімен қамтамассыз етеді; Ауыл шаруашылығы, еліміздің экономикасын өркендетеді; Өнімдерінің қолданылу саласы кең.

Зияны: Түрлі газ қоспасы арқылы ауаны бүлдіреді, суды ластайды; 1 л мұнай 410 мың л суды бүлдіреді; Ластанған суға ауа бармай,ондағы тіршілік уланып, қырылады; Судың булануы азайып, құрғақшылық белең алады


Қорытынды

Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр.

1997 жылы « Қоршаған ортаны қорғау туралы » заң қабылданды. Болашақ ұрпағымыздың өміріне экологиялық қауіптің әсерін болдырмау үшін, алдын ала шара қолдануға өз ұсынысымды білдіремін.

Мұнайлы өлкем бағымсың,

Құбырдан мұнай ағылсын.

Бейбіт өмір жалғасып,

Шырағың мәңгі жағылсын.

Ұсыныс

1 Жанар-жағар майлар сапасын арттырса екен.

2. Мұнайды тиімді жолмен , табиғатқа зардабы тимейтіндей етіп өндірсе екен

3. Мұнай тасымалдайтын су асты құбырларын жаңартса екен

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Химия мектепте

  2. Химик анықтамалығы

  3. Интернет желісі

  4. « Биология, география және химия» №1, 2002

  5. «Жас алаш» газеті, №3, 2002

  6. Химия: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы

11- сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова,Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. - Алматы

« Мектеп », 2007




















































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!