Оқиғаларды әңгімелеу Аңыз
әңгіме
Бір диуана ер аралап
шаһардан шаһар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде
жүреді екен. Оның айтар сөзі, берер батасы «жақсылық етсең өзіңе,
жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса
керек.
Күндердің күнінде
есік алдында ерігіп тұрған кербез әйел келе жатқан диуананы көріп:
«О, жаман неме, міне саған жақсылық та, жамандық та. Мынаны же де,
өліп қал»,- деп
у қосып пісірген бір
таба нанды ұстата салады. Нанды қоржынға салып алған диуана ел
аралап, жұрттың қол қайырын алып жүре
береді.
Бір күні ол жапан
далада шұбап келе жатқан керуенді
көреді
Керуен соңында
жаяулар да бар еді. Керуен жақындап, диуананың қасына келіп
тоқтайды.
-Е, диуана жүрген
жерің мейірімді, қайырымды болсын,-деп ізетпен сәлем береді керуен
басы.
-Жүрер жол, басар
тауың жеңіл болсын,-деп диуана ілтипатпен жауап қатады. Керуен
соңында азып-тозған аталы-балалы екеу тұр
екен.
-Ей, диуана, азық
таусылып біздің күніміз қиын болады. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап,
қарақшыларға тоналып аталы-балалы екеуіне жүрек жалғар бірдеңе
болса, бер,-дейді керуен
басы.
Қайырымды диуана
қоржынынан бір таба нан алып, екеуіне бөліп береді. Неше күн бойы
нәр татпаған олар нанды қомағайлана жей бастайды. Нанды жеп бола
бере әуелі бала, одан кейін әкесі құлайды. Сол құлағаннан тіл
қатпайды. Неше күн, неше түн жол азабын бірге көріп келе жатқан ер
азаматтардың ауыр халге ұшыраңанын көріп, керуеншілер диуананы бас
салып ұрғылай бастайды. Оны ауыз аштырмай сабай береді. Бір кезде
диуана үн қатады.
-Уа, қарапайымды
адамзат, жазықсыз мені таяқтадындар. Мен ел берген қайыр -садақаны
алып жүре бердім. Кімнің не бергенін қайдан білейін, бірақ осы таба
нанды берген үйді білемін. Ар жағын айтқызбай керуеншілер
бастырмалатып кетеді:
-Жүр, баста бізді
сол үйге.
Хал үстіндегі
адамдарды арбаға салып алып, керуеншілер диуанаға ереді. Диуана нан
берген үйді көрсетеді. Керуеншілерді көріп, далаға жүгіріп шыққан
сылқым әйел, әл үстінде жатқан күйеуі мен жалғыз баласын көріп, өз
ісіне өзінің жаны күйзеледі. Әйелдің жазықсыз жаңға жауыздықпен
жамандығына өкініп, ақыры ішқұса болып өмірден
өтеді.
Міне «Жақсылық етсең
өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал осыдан қалған
екен.
-Әңгімеден не
түсіндіңдер?
-Әйелдің жаман ниеті
қандай нәтиже берді?
-Қайырымдылық пен
мейірімділіктің мәні неде?
-«Жақсылық етсең өзіңе,
жамандық етсең өзіңе» деген мақалды қалай
түсінесіңдер?
|