Реферет
Тақырыбы:
«Жахандық рухани
дағдарыс»
Орындаған: Балкибекова
Э.Е
№122
ЖББМ
Жахандық рухани дағдарыс
Жаhандық
дағдарыстан шығудың жолдарын іздеумен шұғылданатын жетекші
орталықтардың бірі бүкіл әлемдегі көрнекті ғалымдардан,
саясаткерлер мен кәсіпкерлерден құралған "Рим клубы" болып
табылады. Олардың шешімі адамзаттың ішкі жан дүниесіндегі
өзгерісте, адамдардың материалдық игілігінен, рухани-адамгершілік
құндылықтарға қайта бағдарлану жолында болып
отыр.
1. Жеке
тұлғаның дағдарысы ( интеллектуалдық,
тәндік)
2. Қоғамдық
дағдарыс: экономикалық, мәдени, саяси, отбасылық, білім
беру
3. Экологиялық
дағдарыс: ресурстық, табиғи,
климаттық
Қазіргінің
ғаламдық мәселелері – бұл әлеуметтіктабиғи мәселенің құрамы, оның
шешімінен адамзаттың әлеуметтік озықтығы және өркениеттің сақталуы
байланысты.
ХХІ ғасыр –
ғылым мен техниканың барынша қарыштап дамуы мен мәдениет,
экономика, қоғамдық және жеке-даралық өмірдің бар салаларындағы кең
ауқымды жаһандану кезеңі. Жаһандық үдерістер қоғамдық өмірдің бар
қырларын жеделдетіп, және де қоғамдық пен жеке-даралық
әлеуметтік-мәдени даму қарқындары арасындағы қарама-қайшылықтарды
үдетіп және тереңдете түседі. Адамның әлеммен өзара қатынасы, бір
жағынан, мәдениеттің жаһандануы, екіншіден – рухани жұтаңдаушылық
пен азғындау жағдайында тұлғаның адамгершіліктік-рухани
қалыптасуының проблемасын өзектендіре түседі. Осының салдарынан
жаһандық рухани дағдарыс туды.
Жеке тұлғалық
дағдарыс Зияткерлік Эмоционалды
Физикалық
Зияткерлік –
(ақпарат көп, бірақ жүйелі ойланудың, зерделеудің жоқтығы).
Европалық бір топ ғалымдардың жаңа зерттеулерінің нәтижесі бойынша,
қазіргі адамдардың жүз, екі жүз жыл бұрын өмір сүрген ата -
бабаларынан ақыл-ойы бойынша төмендігін көрсетті. Айырмашылық ақыл
– ой коэффиценті (IQ) бойынша 14 балды құрады. Дэвид ди Сальвоның
айтуы бойынша, IQ әрбір он жыл сайын 1, 23 балға төмендеп отырған,
жалпы алғанда зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен бастап 14 балға
төмендеген. Зерттеу жүргізгендердің бірі ағылшын ғалымы Майкл
Шайердің айтуы бойынша, оның себебі - адамның зияткерлік дамуына
мүмкіндік бермейтін, қазіргі мәдениет, компьютер
заманы.
Қазіргі
ғаламдық мәселелер – бұл әлеуметтік-табиғи мәселенің құрамы, оның
шешімінен адамзаттың әлеуметтік озықтығы және өркениеттің
сақталуына байланысты. ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың барынша
қарыштап дамуы мен мәдениет, экономика, қоғамдық және
жеке-даралық өмірдің бар салаларындағы кең ауқымды жаһандану
кезеңі. Жаһандық үдерістер қоғамдық өмірдің бар қырларын
жеделдетіп, қоғамдық пен жеке -даралық
әлеуметтік-мәдени даму қарқындары арасындағы қарама-қайшылықтарды
үдетіп және тереңдете түсуде.
Адамның әлеммен
өзара қатынасы, бір жағынан, мәдениеттің жаһандануы,
екіншіден – рухани жұтаңдаушылық пен азғындау
жағдайында тұлғаның адамгершіліктік-рухани
қалыптасуының мәселесін өзектендіре
түседі.
Зияткерлік
дағдарыс - ақпарат көп, бірақ жүйелі
ойланудың, зерделеудің жоқтығы. Еуропалық бір топ ғалымдардың
жаңа зерттеулерінің нәтижесі бойынша, қазіргі адамдардың жүз, екі
жүз жыл бұрын өмір сүрген ата - бабаларынан ақыл-ойы бойынша
төмендігін көрсетті. Айырмашылық ақыл – ой коэффиценті (IQ) бойынша
14 балды құрайды.
Дэвид ди Сальвоның айтуы бойынша, IQ әрбір он жыл
сайын 1,23 балға төмендеп отырған, жалпы алғанда зерттеу жұмыстары
жүргізілгеннен бастап 14 балға
төмендеген.
Зерттеу
жүргізгендердің бірі ағылшын ғалымы Майкл Шайердің айтуы бойынша,
оның себебі - адамның зияткерлік дамуына мүмкіндік бермейтін,
қазіргі мәдениет, компьютер заманы болып
табылады.
Бұл мәселенің
ортамызда бар екенің өзіміз де байқап отырған
шығармыз.
Эмоционалды
(балалардың назар қою төмендігі, ЖАҚ дұрыс түсінбеуі, жүйкенің
жұқаруы). Эмоционалды күйіну (ағылш. Burnout) түсінігі ұзақ
мерзімді өзіндік дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік күйін білдіреді.
[1] Бұл терминді 1974 жылы американдық ғалым Дж. Х. Фрейденбергер
кәсіби көмек кезіндегі толық эмоционалды атмосферада клиенттер мен
науқастармен қарқынды және тығыз қарым-қатынаста болатын сау
адамдардың күйзелістік жағдайларын сипаттау үшін еңгізген.
Эмоционалды дағдарыс нәтижесінде, неврологиялық ауытқуларға,
психосоматикалық ауруларға алып келуі мүмкін. (Ш. А. Амонашвилидің
атасы жайында “Жүрекке ой салу” жайында
мысал).
Қоғамдық
дағдарыс - Экономикалық …мамандар көп, бірақ мәселе де көп ) -
Саяси …әлемде болып жатқан саяси қақтығыстар, көтерілістер) -
Мәдени …(мәдени ошақтарға бармау және кітап оқу төмендігі). -
Отбасылық …(неке, отбасын бағаламау, ажырасу) - Білім беру… (ғылыми
атақ көп, бірақ дұрыс ойдың болмауы). Далай
Лама
Экологиялық
дағдарыс климаттық адамның шаруашылық жүргізу нәтижесінде
шығарылатын парниктік газдардың жартысы атмосферада қалады.
Парниктік газдар жаһандық жылынудың бірден бір
себебі).
Экологиялық
дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы
қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Жанейро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі
заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде
таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан
бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан
жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология
революцияның болжап білуге болмайтын
зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды
жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда
болды.
Экологиялық
дағдарыстан экология апатты
ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын
қайтымды күй, апат – қайтымсыз
құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші
тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы).
Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері
нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады.
Олар: контоматация (ортаның
инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті
субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын
радионуклидтермен ластану),
электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың
бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің
бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп,
табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып
келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына
апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып
отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан
“парникті әсердің” күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі
мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып
соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың
қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт
үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік
мұхиттың мұнай қабыршағымен
ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен
масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің
түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер
бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын
озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты
“фабрикасы” орманды шабу, кесу
(дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан
зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір
аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне
жетті (Арал өңірі, Семей полигоны
аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген
индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың
жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік
ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар –
министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология
саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты
шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды
тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз
көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың
шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да
жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.)
жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол
жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы,
қауіпті технологияларға қарсы халықаралық қоғамдық
қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық
дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде
халыққа экология тәрбие беру
енгізілді.[1]
Экологиялық
дағдарыс Ресурстық (1800 жылдан 2007 жыл аралығында жер асты
отындарын (мұнай, көмір, т. б. ) жағу нәтижесінде ресурстардың
сарқылу қаупі).
Экологиялық
дағдарыс табиғи (қышқылдық жаңбырлар, озон тесіктері, парниктік
әсерлер).