Материалдар / Жай бөлшектерді қосу және азайту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
- Оқушылар орындай алады: - Бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектердің ережесін тұжырымдайды. - Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу мен азайтуға байланысты есептерді шығарады. - Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу мен азайтуды білмейтін оқушы үшін осы амалдарды орындау нұсқаулығын дайындау. Бөлшектерге амалдар қолдану алгоритмін қатаң ұстана отырып, жұптық, топтық жұмыс жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 2 ҚМЖ Қабдолова Ж.Д

ШҚО, Трбағатай ауданы, Құмкөл ауылы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2А Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: «Cасан би атындағы орта мектеп» КММ-сі

Күні:

Сынып 5

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді қосу және азайту


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар:

Жай бөлшектің алымы мен бөлімін ажырата алады;

  • Оқушылырдың көпшілігі:

Жай бөлшектің бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі болатынын біледі;

  • Кейбір оқушылар:

Бөлімдері бірдей және әртүрлі бөлшектерді қосу мен азайтуды орындай алады


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысын және айырмасын табады

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектердің қосындысын және айырмасын табады

Тілдік мақсаттар



  • Оқушылар орындай алады:

  • Бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектердің ережесін тұжырымдайды.

  • Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу мен азайтуға байланысты есептерді шығарады.

  • Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу мен азайтуды білмейтін оқушы үшін осы амалдарды орындау нұсқаулығын дайындау. Бөлшектерге амалдар қолдану алгоритмін қатаң ұстана отырып, жұптық, топтық жұмыс жүргізу

  • Негізгі сөздер мен тіркестер: (Тақырыптық терминдер)

Жай бөлшектер, бөлімдері бірдей бөлшек, бөлімдері

әртүрлі бөлшек, ең кіші ортақ бөлім,азайғыш, азайтқыш,

қосу

  • Диалогқа қажетті жазылған сөз тіркестер:

1.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?

2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?

3. Ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?



Құндылықтарға баулу

Бірлесе жұмыс істеу арқылы тақырыпты талдайды, білім сапасы, пәнге деген ынтасы артады, топтық жұмыс жасай отырып, ынтымақтастық, бірлік және танымдық деңгейін көтереді.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, физика, тарих,информатика


Алдыңғы білім

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру.



Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 минут



Ұйымдастыру:

«Биоинтернет» картасы бойынша жұмыс жүргізу;

  1. Өмірде табысты болу үшін, сабақта табысты болу керек;

  2. Орындадың+түсіндіре білдің= меңгердің;

  3. Үйренгің келсе-үйрет, оқыт;

Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% норма жазылады, сапаға жұмыс істеу;

Сынып оқушылары Альфа, Бета, Гамма тобына бөлінеді.

Сыныпты жұмысқа жұмылдыру үшін тақта алдына көшбасшыны шақырамын.

Сыныптастар!

  • Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

  • ИЯ

  • Биоинтернет картасындағы 63 пайыздан асамыз ба?

  • ИЯ

  • Сабақта белсенді боламыз ба?

  • ИЯ

  • Есепті жылдам шығаруға кірісеміз бе?

  • ИЯ

Онда тек қана АЛҒА!

Ширату жаттығулары




Бағалау парақшасы


A B C D E F






















































Т.А.Алдамұратова, Қ.С. Байшоланова,

Е.С.Байшоланов

Математика, 5 сынып.

Алматы, «Атамұра» 2017ж



Сабақтың ортасы

20-25 минут




Сабақты «Биоинтернет» картасының ОӘЖА М/5/4.1/14 «Жай бөлшектерді қосу және азайту» бойынша түсіндіру: Бұнда бүкіл сыныппен жұмыс жасалынады, әрбір оқушының алдына ОӘЖА сызбасы таратылып беріледі, осы сызба бойынша сабақты түсіндіремін, олар саабақты түсінгеннен кейін алдарына

11 жаттықтырғыштағы «ТКШ-АКШ-ЖКШ» таратылып беріледі. Бұл тапсырмаларды орындау барысында олар жеке және жұптық жұмысты орындайды.

Сынып үш тапсырма алады ТКШ-АКШ-ЖКШ;



Әрбір тапсырма аяқталған соң сынып оқушылары дәптерлерін алмастырады. «Қолдағы қаламсап- қателік» командасы беріледі. Тақтада дұрыс жауаптар ілінеді. Осы кезде қатар отырған әрбір жұп бірін-бірі тексереді де тақтадағы дұрыс жауап бойынша мұғалім бағалау парағына әрбір оқушының неше есеп шығарғанын белгілейді.

Алдын ала таратылып берілген смайликтер арқылы әрбір оқушы өзін-өзі бағалайды.

Сергіту жаттығулары:


Оқулықпен жұмыс жүргізу (топтық жұмыс)

Сынып оқушыларын түрлі түсті стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөліп отырғызамын.


509, №510, №511 есептерді үш топқа беремін

1топ


2 топ



3 топ



БShape3 Shape2 Shape1 елгіленген уақыт біткеннен кейін үш топ өздерінің шығарған есептерін алмасады да дұрыстығын тексергеннен кейін бірін –бірі кері байланыс бере отырып бағалайды. Қалыптастырушы бағалауды екі жұлдыз бір тілек арқылы іске асырады.



Ф.Вассерман

Математика 5 сынып Күрделіліктің 3 деңгейіне дифференциалды оқу тапсырмалары Алматы,2014жыл









11 жаттықтырғыш








































стикерлер





Т.А.Алдамұратова, Қ.С. Байшоланова,

Е.С.Байшоланов

Математика, 5 сынып.

Алматы, «Атамұра» 2017ж



Сабақтың соңы



Сабақтың соңғы бөлімінде барлық оқушыға

БББ кестесін толтыруға тапсырма беремін.


Білемін

Білгім келеді

Білдім




Кестені толтырып жатқанда бағалау баспалдағын таратып, беремін. Кестені толтырып біткеннен кейін бағалау баспалдағының қай жерінде тұрғанын белгілеп, әркім өзінің бүгінгі сабақ бойынша білімдерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы №513,№514 есептерді шығарып келу


Picture 1




Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Осы алған тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған;

  • Саралаудың әр түрлі тәсілдері жоспарланған(тапсырмалар,дереккөздер,оқушыларды қолдау т.б.)

  • Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды.


Сабақтың өн бойында критериалды бағалау болды. Сынып оқушылары бірін бірі бағалады,жеке өздерін бағалады,топтық жұмыстарын бағалады.

  • Бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді

  • Қалыптастырушы бағалау оқуды қолдайды

  • Бағалау критерийлері қолданылады


Денсаулық сақтау технологиясы


Сабақтағы сергіту жаттығулары мен

Белсенді жқмыс түрлерін қолдану;

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары нақты қойылғандықтан, белсенді оқу әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдап қолданғандықтан, барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізе алды.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланғандықтан, сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!