Ұйымдастыру
кезеңі:
-
Сәлемдесу,сыныпта көңіл күй
орнату
-
Оқушыларды түгелдеу, топқа
бөлу.
-
«
Менің үйдегі
дайындығым» әдісі бойынша өз жұбымен үй
тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырыппен танысу үшін,
алдымен жұмбақтарды шешуді ұсыну:
1. Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды. (қайшы)
2. Артық кемдi
теңестiрер,
Дәндi де өзi жемес бiрер.
(таразы)
3.
Жансыз жарады,
Жанды ұрады. (балта)
4. Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы
жауырында,
Тындырады істі
ол,
Жеңілін де, ауырын
да. (ара)
5. Үй артында бүкір терек,
Күресуге кісі керек.
(иінағаш)
Осы құралдардың
барлығын
Оқушылар ойларын айтады.
Осылайша сабақтың тақырыбын табамыз.
Сабақтың тақырыбымен, оқыту
мақсатымен таныстыру.
Б.э.д. ІІІ ғасырда рычагті
түсіндірген Архимед болды. Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің
(осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп
аталады. Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу деп атайды.
Тіреу нүктесінен иіндікке әрекет ететін күш орналасқан түзуге
жүргізілген перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп
атайды.
Біліктің сол жағындағы
күштердің күш моментерінің қосындысы біліктің оң жағындағы
күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болса, айналатын дене
тепе-теңдікте тұрады.
Осыдан 3000 жыл бұрын Хеопс
пирамидасының салуда 2,5 тонна тұратын плиталарды 147 метр
биiктiкке котерген.
Әйгілі грек архитектурасын
салуда жетекші еткен Херсифрон мен Метаген үлкен қиындықтарға тап
болды. Осындай құрылыс салуда, ауыр нәрселерді көтеруде көптеген
құралдар пайдаланған. Мұндай құралдарға көлбеу жазықтық, блок,
рычакты қолданған. Бұларды жай механизмдер деп
атаймыз.
Жұмысшы күшінің иіні ауырлық
күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысшы күштен сонша есе
ұтады. Шығырдың айналу осі арқылы аз күшті үлкен күшпен теңестіруге
болады.
Блок дегеніміз өз осінің
төңірегінен айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ
тегершік.
Жүк көтергенде айналу осі не
жоғары, не төмен қозғалмайтын блок-жылжымайтын блок деп аталады.
Ондай блок күштен ұтыс бермейды. Бірақ күш әрекетінің бағытын
өзгертуге мүмкіндік жасайды.
Жүкпен бірге блоктың айналу
осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы
блок деп аталады. Блок күштен екі есе ұтыс
береді.
Күштен қанша есе ұтсақ, орын
ауыстырудан сонша есе ұтыламыз. Алайда, аз күш жұмсап жұмысты
орындағанмен жұмыстан ұтыс болмайды.
|