Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Жалбыздың емдік қасиеті туралы мәлімет
Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға және медицина саласына пайдасы зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Қаңтар 2019
1321
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Биология, экология Орынбасар Әсем Берікқызы, №26 жалпы білім беретін мектептің 9 «Г» сынып оқушысы Ғылыми жетекшісі: Бейвазы Кенжегүл
Жалбызды жерде жан қаладыАдамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бұрынғы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.Греция елінің дәрігері Гиппократ осындай дәрілік өсімдіктердің200-ден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге, қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан мағлұмат беріп кетсе, ал Грецияның Диоскорит атты дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» еңбегімен тарихта қалған. Оның еңбегінде дәрілік өсімдіктердің 600 түрінің қолдану жолдары жазылған.Жалпы қолданып жүрген препараттардың 40% дәрілік өсімдіктерден жасалған.Еліміз Қазақстан өсімдіктердің алуан түрлерімен және де емдік өсімдіктердің 500-ден астам, ал Шиелі өңірінің өзінде 50-ден астам түрлері өседі және ол дәрілік өсімдіктерді халыққа шипалы қасиетін таныстырушы, халық емшісі Л.Б.Скупченко.Халық емшілерінің тәжірибесінен қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған.Бүгінгі таңда өз өлкеңе деген қызығушылықты арттырып, дәрілік өсімдіктің қажеттілігін түсіну, табиғатты қорғап, оның байлығын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, қолдануды ұсынады. Сондықтан алдыма мынадай мақсат қойдым: дәрілік өсімдіктерді зерттеп, оның адам өміріне және адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеу, анықтау және насихаттау. Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған өсімдіктің бірі – жалбыз.Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Жалбыз өсімдігің өзіндік ерекшеліктерін, адам ағзасына пайдасын анықтау үшін жалбыз өсәмдігін тереңірек зерттеуге кірістім. Жалбыз өсімдігін далалы жерлерден, жайылымдардан көріп-біліп жүрсек те оның адамзат үшін маңызын біле бермейді екенбіз.Зерттеудің мақсаты: Жалбыз өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Жалбыздан дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.Міндеттері:- Жалбыз өсімдігіне сипаттама жасау;- Жалбыздың емдік қасиеттерін айқындау;- Жалбыз қосылған шайдың пайдасын таныстыру;- Жалбыздың ауыз әдебиетіндегі берілуін анықтау;Жалбыз – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол – хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі – ментол. Құрамында шайырлы және илік заттар, каротин, гесперидин, аскорбин, хлороген, кофейн, урсол және олеанол қышқылы, аргинин, рутин, глюкоза, бетаин, бейтарап сапонин, фитостерин кездеседі. Ментол тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады.Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5 % эфир майы болады.Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Жалбыздың жапырақтары мен гүлдерінен ерекше хош иісті ментол заты бөлінеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.Жалбыздың емдік қасиеттері. Дәрілік өсімдіктің халық ұғымында қолданылуы Қазақ халқы жалбыздың жан – жақты шипалық қасиетін ежелден – ақ біліп , түрлі мақал – мәтелдерге , жұмбақтарға және аңыздарға , әңгімелерге арқау еткен. « Жылан жалбызға жуымайды » , « Жылан жалбыздан қашады, жалбыз аузын ашады » деген мәтелдер жыланның жалбыз өскен жерлерде болмайтындығын аңғартады. « Жалбызды жерде жан қалады » деген нақыл жалбыздың шипалық қасиетін толық аңғартып тұр. .... Жалбызда бар таң нұры , Туған жердің нәрі бар . Ауа демі , жаңбыры Жалбызда емнің бәрі бар .... ( Тұяқ Абдрабиев ) Жалбызға қатысты аңыздардың бірі Лұқпан Хакімге байланысты айтылады. Оның жалғыз ұлы жазылмас дертке ұшырап , ешқандай ем қонбай , қайтыс болады. Ұлының қандай дерттен қайтыс болғанын білу үшін ішін жарып қараса , ұлтабарынан тобықтай тас шығады. Оны жалғызымның көзіндей көрейін деп қалтасына салып алады. Күндердің күнінде Лұқпан Хакім өзенге суға түседі. Судан шығып киінейін десе , жалбыз үстіне қойған қамзолының қалтасынан еріген майды көреді , абайлап қараса , қалтасындағы тас еріп жатыр екен.... Баласы жас кезінде ешкі майын жеп , тамақтан соң мұздай су ішкен екен. Сондағы май ұлтабарына қатып , ішкен тамағынан әрі - бері қозғалып тасқа айналған екен. Лұқпан Хакім « жалғызымның емі жалбыз екенін білмеппін ғой » деп өкінген екен.... Белгілі жазушы әрі ғалым Советхан Ғаббасов « Жалбыз » атты аңыз - әңгімесінде ертеде ел ішінде данагөй Алан атты данышпан қартайған шағында жалғыз ұл көрген екен. Сол ұл ер жетіп , ел көзіне түсе бастаған кезінде қатты ауырып , төсек тартып жатып қалыпты. Көрсетпеген балгер – бақсылар қалмапты, ешбір ем іздеп таба алмай жігіт өмірден озыпты. Ұлының тасқа айналған жұдырықтай жүрегін ақ дәкеге орап , күміс белбеуінің кісесіне салып сақтап қойған екен. Данышпан қарияның қасіретті қайғысы ел – жұртына да қатты батыпты. Содан , күндердің күнінде азалы қария жанына біраз кісі ертіп , аң аулауға шығыпты. Кіселі белбеуін қалың өскен жалбыздың ішіне шешіп қойыпты. Бұлақтың кәусар суынан қанып ішіп , кіселі белбеуінің жанына келсе , жалбыздың жапырақтарының үстінде қып – қызыл нарттай болып соғып тұрған дәке ішіндегі жүректі көріпті. « Қапыда қалғаным – ай , сырын білсем жалбыздың , аман қалар ма еді жалғызым » деп егілген екен. Содан қария ел – жұртын жинап алып , « Ерменді жерде ел өлмейтіні, жалбызды жерде жан қалатынын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіңдер ! » - деп өсиет қалдырған екен. Бұл әңгімеден де жалбыздың жүрекке шипалық қасиеті айқын байқалады. Жалбыздың шипалық қасиеті этнограф ғалым Жағда Бабалықұлының естеліктерінде , көрнекті жазушы әрі ғалым Ақселеу Сейдімбектің « Тауға біткен жалбызым » атты әңгімесінде және атақты ақын Ұлықбек Есдәулеттің « Жалбыз » атты өлеңінде ерекше атап айтылған . Ел ерекше мақтаған , Сенімін елдің ақтаған . Жалбызда бар қасиет , Жүрегіңді сақтаған .... ( Р. Сәтімбеков .) Үй жағдайында өсірілген жалбыз Дәрілік өсімдіктердің пайдасы «Сенің денеңнің қуаты - өсімдік шырынында» Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)