Материалдар / Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына ақпаратты-коммуникативтік технологияларды тарих пәнінде қолданып іс-әрекетін қалыптастыру, дамыту және заманауи тұлғаны тәрбиелеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына ақпаратты-коммуникативтік технологияларды тарих пәнінде қолданып іс-әрекетін қалыптастыру, дамыту және заманауи тұлғаны тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
• оқу үдерісінде замануи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушыларды дайындау сапасын арттыру; • оқытудың белсенді әдістерін қолдану,оқу қызметінің шығармашылық құрамдастарын жетілдіру;білім беру қызметінің әралуан түрлерінің ықпалдастығы (оқу,зерттеу және т.б. оқытудың ақпараттық технологиялардың оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеу; • оқушының танымдық қызметін белсендіруге және кәсіби қызметте пайдалануға қажетті ақпарат құралдары мен әдістерін меңгеруге деген ынасын арттыруға ықпал етуші оқытудың жаңа
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін №32 орта мектеп






Молдалиева Дина Ибраимқызы


Пәні: Тарих


Дайындау бағыты: ғылыми-педагогикалық




Магистранттың шығармашылық тақырыбы: Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына ақпаратты-коммуникативтік технологияларды тарих пәнінде қолданып іс-әрекетін қалыптастыру, дамыту Line 20
және
заманауи тұлғаны тәрбиелеу
























2022 жыл

Жоспары:

I. Кіріспе. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына ақпаратты-коммуникативтік технологияларды тарих пәнінде қолданып іс-әрекетін қалыптастыру, дамыту және заманауи тұлғаны тәрбиелеу



II. Негізгі бөлімі.

1. Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдісін қолдану тиімділігі. 2.Ақпараттық-коммуникативтік технологияны колдану арқылы өткізілетін сабақ түрлері. 3. Ақпаратты-коммуникативтік технологияларды тарих пәнінде қолдану арқылы замануи тұлғаны тәрбиелеу

ІІІ.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер:









































Кіріспе

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»-делінген. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабақта компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция арқылы іске асырылуда. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән ретінде қабылдау олқылық көрсетеді.Олай болса “Мұғалім” қоғам айнасы бола білуі керек. Мұғалiм–ақпараттанушы емес,оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал сол мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайықты бейімдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге сәйкес келмейтіні белгілі. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.БҰҰ шешімімен “ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры” деп аталды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады. Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы құзырлы оқушы даярлау. Ал, оның негізі – мектеп.

Өзектілігі:

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі – таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі – танымдық белсенділік пен танымдық қызығушылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкінді беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі – білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушы ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибе тағылымдары жөнінде оқушының беретін біліммен шектеліп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді, танымдық іс-әрекетті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Оқушылар өмірінде қызығушылықтың әр түрлі көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың қай түрінде болмасын танымдық компонент бар. Әйтсе де, танымдық деп қызығушылықтың ерекше түрін – оқуға, ғылымға, білімді жинақтауға қызығушылықты айтады. Ол адамның әр нәрсеге әуестенуінен байқалады. Болмыстың қандай да бір саласын терең меңгеру үшін, оған танымдық қызығушылықты көрсету қажет.

Жұмыс нәтижесі:
- Оқу үрдісінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Ақпараттық - коммуникациялық технология оқушы мен ақпарат арасына байланыс орнатады;
- Ақпараттық – коммуникациялық технология білім алу мен күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерді шешуде қолдана білуді оқып үйренеді.

Оқу үдерісін ақпараттандыру мақсаты:

  • оқу үдерісінде замануи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушыларды дайындау сапасын арттыру;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану,оқу қызметінің шығармашылық құрамдастарын жетілдіру;білім беру қызметінің әралуан түрлерінің ықпалдастығы (оқу,зерттеу және т.б. оқытудың ақпараттық технологиялардың оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеу;

  • оқушының танымдық қызметін белсендіруге және кәсіби қызметте пайдалануға қажетті ақпарат құралдары мен әдістерін меңгеруге деген ынасын арттыруға ықпал етуші оқытудың жаңа

  • Ақпараттық технологияларын әзірлеу; Демонстрациялық сабақ - кеңінен таралған түрі .Ақпарат үлкен экранда көрсетіледі және сабақтың кез- келген кезеңінде қолданылуы мүмкін .

  • Компьютерлік тестілеу сабағы. Тестілеу бағдарламалары жұмыс нәтижесін жылдам бағалауға,білімінде кемшіліктері бар тақырыптарды нақты анықтауға мүмкіндік береді. Олар «мұғалім -оқушы» жүйесіндегі кері байланысты нығайтады.

  • Жаттықтыру немесе кеңес беру сабағы. Мұндай сабақта оқушылар мақсатқа жету үшін жеке немесе топпен бірге құрылымдық ортада жұмыс істейді.

  • Біріктірілген сабақ. Сабақты пән мұғалімдері мен информатика пәнінің мұғалімі өткізеді.

Сол себепті тарихшы ұстаз ретінде дидактикалық әдістемелік құралдарды сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты пайдаланып, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдануды өзіме міндет етіп қойдым.Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Адам қызметінің барлық саласына енетін жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты білім берудің коммуникативтік үдерістер технологиялардың дамуына тікелей тәуелді.Педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология – оқытудың технологиялық үдерісінің негізін ақпарат алу мен оны түрлендіру құрайды.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Сонымен, компьютерді пайдалана отырып, оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы мәселенің бірі екені баршамызға аян. Оның себебі, оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген, сол үшін де оқушының сезімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әртүрлі, жанжақты болуы керек. Ұстаздың әрбір сабағы оқушы сезіміне,ынта-ықыласына әсер етуі тиіс.
Оқушылардың компьтерлік презентацияларды дайындауы барысында мынандай дағдылары қалыптасады:

-ақпаратты сыни тұрғыда ұғыну; -ақпараттық хабарламадағы бастысын айқындау;

- материалдарды жүйелеу және жинақтау;

- қолда бар ақпаратты сауатты түрде ұсыну;

- әртүрлі анықтамалар жүйелерге, электрондық кітапханаларға, басқа да ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз теу.

СD-ге немесе Интернетке жүктелген оқытуға арналған әртүрлі бағдарламалар бар;

Энциклопедиялар - оқытудың негізгі үдерісіне қатысты қосымша, толықтырушы, көрнекі қызметтерді атқаруға арналған.

Репетитор бағдарламалар - оқытудың қортынды кезеңіне арналған (емтиханға қарқынды дайындық ).

Электорондық оқулықтар пән бойынша тұрақты жүйелі сабақтар өткізудің,ауқымды дәріс материалдарын көрнекі түрде елестетуге мүмкіндік беретін негізгі құралдардың бірі.
Коммунакативтік қасиеттерді дамыту үшін жұмыстың
топтық формаларының атқаратын ролі зор, олар машықтары мен дағдылары әртүрлі деңгейде қалыптасқан оқушыларды біріктіреді. Бұл ретте мұғалім оқу-танымдық қызметті басқарады.. Мысалы 7 сыныпта «Ғылым мен білімнің дамуы »деген тақырыпта Семантикалық картаны пайдалану арқылы оқушы дұрыс жауапқа + белгісін қояды.

Семантикалық картаны пайдалану

1-кесте

Ғұламалар



Туған

жылдары

870-

950 ж

973-1050ж.

1030-1090 ж

1021-1075ж

1103-1167ж

Шамамен ХІІғ.с.-ХІІІғ.б.

1

Ахмет Иүгнеки






+

2

Махмуд Қашғари



+




3

Әбу Насыр әл - Фараби

+






4

Жүсіп Баласағұни




+



5

Ахмет Йассауи





+




Сонымен қатар осы тақырып бойынша сәйкестендіру тестісін жүргіздім.

А) Ғалымдардың еңбегін табу.

1Прямая со стрелкой 19 Прямая со стрелкой 20 .Әл – Бируни « Данышпандықтың інжу - маржаны»

2Прямая со стрелкой 18 Прямая со стрелкой 17 .Махмуд Қашхари « Ақиқат сыйы »

3Прямая со стрелкой 16 .Жүсіп Баласағұн « Асыл тастар »

4Прямая со стрелкой 15 .Ахмет Иүгнеки « Даналық кітабы»

5.Қожа Ахмет Йассауи «Түрік тілдерінің сөздігі »

6. Әл – Фараби « Құт негізі білік »

Жаңартылған бағдарлама бойынша өз тәжірбиемді жүзеге асыру мақсатында 5 сыныптарға «Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы», «Сарматтар» тақырыбында сабақтарымды өткіздім. Бұл сабақтағы нәтежием:

  • Оқушы тапсырманы орындау барысында өздерінің деңгейіне қарай қалай бөлінгендігін білмеуі;

  • Кез-келген әдіс-тәсілдердің тиімді түрде жүзеге асуы;

  • Оқушы өз ойын еркін айта алады.

Сонымен бірге коммуникативтік оқу әрекеттерін диагностикалау мен қалыптастыру үшін бірнеше тапсырмалар берілді: серіктесіне тапсырма дайындау , серіктесінің жұмысына пікір айту; сөзжұмбақ құрастыру бойынша жұмыс істеу. Нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік қабілеттері қалыптасады және дамиды: қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату ниеті , қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату барысында қажетті нормалар мен қағидалар меңгеріледі, қарым-қатынасты ұйымдастыру машығы қалыптасады, оның серіктесінн тыңдай білу , түсіністік таныту, даулы жағдайларды шешу, топта жұмыс істеу машықтары қалыптасады.

АКТ сабақта қолдану :

  • оқушылардың барлығының сабаққа қатысуы және еркін ойлау мүмкіндігі;

  • Сабақтың нақты мазмұнын толық ашуына көмектеседі;

  • Тұлғалық мінезін , шығармашылығын дамытуғаа зор ықпал етеді және сөздік қорды байытады және шығармашылық белсенділікті арттыру;

  • Сабақта, ұжымда еңбек мәдениетін қылыптастыру және ақпараттық технологияларды меңгерген заманауи тұлғаны тәрбиелеу.

АКТ-ны қолдану барысындағы оқушылардың мүмкіндіктері:

  • меңгерілетін тақырыпты қабылдауы және өз бетімен дайындалу және өзін-өзі текесеру;

  • шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау және меңгерілмеген тақырыптарды қайталау ;

  • білім деңгейіне сай келетін тапсырманы таңдау;

Овал 14 Прямоугольник: скругленные углы 13 Прямоугольник: скругленные углы 11 Прямая со стрелкой 10

Прямая со стрелкой 9

Прямоугольник: скругленные углы 7 Прямая со стрелкой 6 Прямая со стрелкой 8

Прямоугольник: скругленные углы 5 Прямоугольник: скругленные углы 4 Прямая со стрелкой 1





Оқу материалы оқу әдебиетінің дәстүрлі түрлерінің мүмкіндіктерін арттыратын мөлшерде болады.Көптеген бағдарламалар окушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін жеке қарқынды ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып құрастырылған, деңгейлік саралау технологиясы қолданылады. Ауқымды көрнекілік материалдары, пәнді барынша терең меңгеру мүмкіндігі ойын формалары арқылы шығармашылық белсенділік ынталандырады. АКТ-ды қолдану мұғалімнің жұмысын барынша жеңілдетеді, оның әрбір сабақ алдында қызықты ақпаратты, көрнекілік материалдарды, жазбаша дереккөздерді, дыбыстық үзінділері , ізденумен «жанталасуының» қажеті жоқ.















































Қорытынды

Біз білім беру саласында ақпараттық және телеқатынасты технологияларды тиімді пайдалана білсек, онда  оқушылардың  білім сапасын арттырып, ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті нәтижеге жетеріміз сөзсіз.Ақпараттық технологиялар дұрыс таңдалған оқыту технологияларымен бірге оқыту мен тәрбиелеу сапасының қажетті деңгейін, саралануы мен дербестігін қалыптастырады.Қазіргі оқытудың базасын құрайтын, АКТ құралдарымен құрастырылған әмбебап оқу машықтары мен дағдылары оқушылардың жеке зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін сәтті жүз

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!