Материалдар / Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше бәілімді қажет ететін балалармен жұмыстанатын мамандар мен сабақ беруші пеадгогтар үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2020
377
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі














Баяндама


Тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері»













Оқыған:М.Қ.Шалғынбаева





























Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру

мемлекет үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Бұл әрбір адам өз әрекетінің қажеттілігін және қатыстығын

сезіне алатын нағыз инклюзивті қоғам құрудың қажетті

шарты. Біз әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа

жағдайларына қарамастан, өз әлеуетін толық жүзеге

асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды

мүшесі болуына мүмкіндік беруге міндеттіміз.

Дэвид Бланкет

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады....Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.» деп атап өтілген.

Белгіленген бағыт-бағдарға сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерінің бірі инклюзивтілік болып табылады. Балалардың білім алуға құқығы мен инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмысты жетілдіру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарымен кепілдік берілген.

«Білім туралы» ҚР Заңының баптарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті, түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қарастыратын мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының мәні мен принциптері айқындалған. Мысалы, «Білім туралы» ҚР Заңының 3-бабында «...1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі...» деген принциптер белгіленген.

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың нормативті құқықтық базасы мекен-жайы бойынша барлық білім алушыларға олардың жеке ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне білім беру ортасының бейімділігін қамтитын педагогикалық тәсілдер арқылы тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету - басты постулатына негізделген.

Негізі қоғамды ізгілендіру болып табылатын инклюзияның мәнін айқындауға байланысты 2016 жылы «Білім туралы» Заңында «мүмкіндігі шектеулі балалар» термині «ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар)» ұғымына ауыстырылды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды қолдау мен оқытудағы жеке ыңғай жасау ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бабымен сақталады, яғни, «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің: ... білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға құқығы бар» Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны меңгеруге ұзағырақ уақыт керек. Нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейімен сәйкес деңгейге жетеді. Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар, оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектерге алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары (СТКБ) бар балалар – бұл есту қабілеті сақталған, ақыл-ойы бұзылмаған, бірақ сөйлеуінеде айтарлықтай ақау бар, дамуында кешеуілдеу бар рекше санаттағы балалар.

Баланың сөйлеуін дамыту ана тілін бірте-бірте меңгеруімен байланысты: фонемалық естуді дамыту және ана тілінің дыбыстарын білу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қоры, синтаксис ережелері және сөздің мағынасы болу керек. Баланың тілі қоршаған айналасындағы ересектердің сөйлеуінің тікелей әсеріне және сөз сөйлеудің жеткілікті тәжірибесіне, сөйлеу ортасының мәдениетіне қарай, оқыту мен тәрбиелеу арқылы қалыптасады. Сөйлеудің бұзылуы сөйлеудің әртүрлі компоненттеріне әсер етуі мүмкін: дыбыстық жазба (сөйлеудің түсінігі, дыбыс кемшіліктері), фонемиялық есту (сөздің дыбыстық құрамының жеткіліксіздігі), лексико-грамматикалық құрылымы (сөздік қордың аздығы, сөйлемдегі сөздерді үйлестіру қабілетсіздігі). Бұндай бұзушылық сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі деп аталады.

Жоғарыда аталған деңгейлерге сәйкес балалардың сөйлеуі тұтығу, дизартрия, ринолалия, алалия, афазиямен бірге жүруі мүмкін. Сөйлеуінде ауыр патологиясы бар балаларда барлық танымдық қызметінің дамымауы байқалады (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу), әсіресе саналық деңгейде. Ойлау қызметінің ерекшеліктері сөйлеудің, оның барлық компоненттері дамымағандығы есебінен қалыптасады. Сөйлеу тілінде бұзылулары бар балалардың зейіні тұрақсыздық, ауыстыру және тарату қиындықтары сипатталады. Балалардың осы санатында материалды тез ұмыту, әсіресе ауызша (сөйлеу), мәтін сюжетіндегі оқиғалардың туындауын есте сақтау процесінде белсенді бағыттың азаюы байқалады. Олардың көпшілігінде ақыл-ойдың аз дамуынан меңгеру қабілетінің төмендеген. Дыбыс патологиясы бар балаларға сөйлеу емес, көрнекілік түрде ұсынылған тапсырмаларды орындау жеңілдеу. Сөйлеу бұзылыстары бар көптеген балаларда тірек-қимыл бұзылуы бар. Олар қозғалғанда ыңғайсыз, импульстік, хаотикалық қозғалыстармен сипатталады. Сөйлеу бұзылулары бар балалар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмен болады. Олар ұзақ уақыт бойы тапсырма орындауға кірісе алмауы мүмкін.

Эмоционалды-ерік жағынан да ауытқулар байқалады. Оларда қызығушығының тұрақсыздығы, ынтаның төмендігі, тұйықтық, өзіне сенімсіздік, агрессивтілік, ренжігіштік, басқалармен қарым-қатынаста, құрдастарымен байланыс орнатудағы қиындықтар орын алады.

Сөйлеу қабілетінің бұзылуы бар балалардың арнайы білім беру қажеттіліктері жалпыға бірдей, сөйлеуді дамытудағы ауытқулары бар барлық балаларға тән.

СТКБ бар білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін уақытында есепке алу үшін мына жайттарды ескеру қажет:

сөйлеу бұзылулары бар балалардың талдағыштық, аналитикалық, синтетикалық және реттеуші қызметті қалыпқа келтіруге кешенді көмекпен қамтамасыз етуге негізделген жағдай жасау; педагогикалық, психологиялық және медициналық құралдарды кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық түзету құралдармен үйлестіру;

білім беру кеңістігін барынша кеңейту, әлеуметтік байланыстарды күшейту арқылы тиісті коммуникациялық стратегияларды және тактикаларды таңдауға және қолдануға үйрету;

баламен түзеу-сауықтыру жұмысына белсенді түрде қатысу мақсатында отбасын психологиялық-педагогикалық қолдау; ата-аналармен серіктестікті ұйымдастыру.

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

СТКБ бар балаларға білім беру процесінде педагогикалық нәтижеге жету үшін бірқатар ұсынымдарды есепке алу қажет:

тапсырманы ұсына отырып, сабақта әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында бір баланың белсенді және әлеуетті мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды есепке алу қажет.

балалар мәнін түсіну үшін сұрақтарды анық, қысқа етіп қойып, жауабын беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек.

СТКБ бар балаларға тән тез шаршауды болдырмау үшін бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстыру, әр түрлі әрекет түрлерін қолдану маңызды.

әр түрлі көрнекі құралдарды білім беру міндеттеріне сәйкес тиімді пайдалану ұсынылады.

баламен көбірек сөйлесіп, барлық әрекеттерді, айналадағыларды айта отырып, бір сөздерді қайталауға қорықпай, оларды анық, сабырмен, мейірімділікпен айту керек.

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

СТКБ бар білім алушыларға арналған жиынтық жұмыстары олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді қарастырады;

СТКБ бар білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға, жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болатындай уақыт тәртібін өзгертуге болады;

СТКБ бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;

СТКБ бар оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;

СТКБ бар білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады;

тілдік пәндер бойынша әрекет дағдыларына (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) арналған тапсырмаларды бағалауда СТКБ бар білім алушының сөйлеу тіліндегі өзіндік бұзылыстарды (сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуінің деңгейі, ринолалия, тұтығу және т.б.) есепке алу қажет.

Психикалық дамуы тежелген балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың психофизикалық ерешеліктері және ерекше білім беру қажеттіліктері

Психикалық дамудың тежелуі ‒ бала психикасының даму қарқынының бәсеңдеуі, ол жалпы білім қорының жетіспеушілігінде, ойлау қабілетінің жетілмеуінде, ойынға қызығушылықтың басымдығында, зияткерлік әрекетке тез жалығуда байқалады.

ПДТ норма мен ақыл-ой кемістігі арасындағы шекті жағдай болып табылады. Бұл тұрақты, қайтымсыз психикалық жетілмеу туралы емес, оның қарқынының бәсеңдеуі туралы ұғым. Бұл ретте, бір жағдайларда эмоционалдық дамудың кідірісі бірінші орынға шығады, ал зияткерлік саладағы бұзылулар (инфантализм түрлері) тез арада байқалмайды, басқа жағдайларда, керісінше, зияткерлік саланың дамуындағы іркіліс басымырақ болады.

Психикалық дамудың тежелуі әртүрлі себептерге байланысты туындайды. Сонымен бірге бұл санаттағы балаларда танымдық әрекет пен тұлғаның дамуында бірқатар ортақ ерекшеліктер болады.

ПДТ бар балалар орталық жүйке жүйесі функционалдық жағдайының жетілмеуімен сипатталады (тежеу және қозу процестерінің төмендігі, күрделі шартты байланыстардың қалыптасуындағы қиындықтар, анализаторлар арасында байланыс құруда артта қалушылық). Оларға білім беру ұйымында қалыптасқан мінез-құлық нормаларын сақтау қиын. Олар іс-әрекетті еркін ұйымдастыруда қиындықтарды сезінеді: олар мұғалімнің нұсқауларын ретімен орындай алмайды, оның нұсқауы бойынша бір тапсырмадан екіншісіне ауыса алмайды. Олар сезінетін қиындықтар олардың жүйке жүйесінің бәсеңдегенімен қиындай түседі: балалар тез шаршайды: жұмыс қабілеттері төмендейді, кейде жай ғана бастаған жұмыстарын орындамай қояды.

Барлық ПДТ бар балаларға зейіннің төмендеуі тән. Оларда зейін тұрақтылығының төмендеуі әртүрлі сипатта болуы мүмкін: тапсырманы орындай бастағанда зейіннің барынша шиеленісуі және одан әрі бәсеңдеуі; біраз жұмыс істегеннен кейін ғана зейін қоя бастау; зейін шиеленісінің мерзімді ауысып тұруы және барлық жұмыс уақыты кезеңінде оның төмендеуі.

Психологтардың зерттеулері ПДТ бар балалардың көпшілігінде көзбен және есту арқылы қабылдаудың сезімтал формаларының толық жетілмегендігін, кеңістіктік және уақыттық бұзылуларды, күрделі қозғалыс бағдарламаларын жоспарлау мен орындаудың жеткіліксіздігін анықтады. Мұндай балаларға көру, есту арқылы және басқа да әсерлерді қабылдау және өңдеу үшін көбірек уақыт керек. Әсіресе ол күрделі жағдайларда (мысалы, бала үшін мағыналық және эмоционалдық мазмұны бар, біруақытта әрекет ететін сөздік қоздырғыштар болған кезде) айқын байқалады. Осындай балалардың қабылдау ерекшеліктерінің бірі қасиеті ұқсас заттарды олардың бірдей деп (мысалы, сопақшаны дөңгелек ретінде қабылдайды) қабылдауы болып табылады.

Бұл санаттағы балаларда кеңістіктік түсініктер жеткіліксіз қалыптасқан: кеңістік бағыттарында бағыт алу практикалық әрекеттердің деңгейінде жүзеге асырылады, аударылып қойылған суреттерді қабылдау қиындайды, жағдайды кеңістіктік талдау мен синтездеуде қиындықтар туындайды. Кеңістіктік қарым-қатынастарды дамыту конструктивті ойлаудың қалыптасуымен тығыз байланысты. Сонымен, күрделі геометриялық өрнектерді дестелеу кезінде ПДТ бар балалар формаға толыққанды талдау жасай алмайды, құрастырылатын фигуралар бөлшектерінің симметриялылығын, ұқсастығын анықтай алмайды, оны тұтас жинай алмайды. Салыстырмалы қарапайым өрнектерді ПДТ бар балалар, ақыл-ой кемістігі бар балаларға қарағанда, дұрыс орындайды ПДТ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері жалпы, мүмкіндігі шектеулі барлық балаларға тән және спецификалық:

оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін деңгейге жеткенге дейін жалғасатын, білім алушының танымдық әрекетінің қалыптасуын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етудегі;

меңгеріп жатқан білімнің мазмұнын түсінуде және кеңейтуде, меңгерген біліктерін бекітуде және жетілдіруде тұрақты көмекке;

қалыптасқан білім мен біліктерді шынайы өмірмен өзара әрекеттесудің жаңа жағдайларына «ауыстыруға» арнайы оқытудағы;

кешенді сүйемелдеудегі, сондай-ақ эмоционалдық даму тапшылығының орнын толтыруға және танымдық әрекет пен мінез-құлықты саналы өз бетінше реттеуді қалыптастыруға бағытталған арнайы психокоррекциялық көмектегі;

коммуникация құралдарын, конструктивті қарым-қатынас пен өзара (отбасы мүшелерімен, құрбыларымен, ересектермен) әрекеттесу тәсілдерін дамытудағы және пысықтаудағы, әлеуметтік қабылданатын мінез-құлық қалыптастырудағы, әлеуметтік байланыстарын барынша кеңейтудегі;

отбасы мен білім беру ұйымының өзара іс-қимыл жасасуын ата-аналармен ынтымақтастықты ұйымдастыру, әлеуметтік белсенді ұстанымды, адамгершілік және жалпы мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін отбасы ресурстарын жандандыру) қамтамасыз етудегі қажеттіліктерді қамтиды.

Психикалық дамуы тежелген балалар үшін білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Қажеттіарнайықұрал-жабдықтар

ПДТ бар балаларды жалпы білім беретін ұйымғақосқанкезде білім беру ортасынкөрнекіматериалмен және мультимедиялық аппаратурамен міндетті жеткілікті жабдықтау туралы есте сақтау керек.

Оқытудың интер белсенді техникалық құралдары:

психикалық дамуы тежелген балалар үшін көзбен және есту арқылы көруге болатын көрнекіліктерге сүйенетін қажетті, сондай-ақ баланың танымдық қызығушылығын оятатын құралдарды пайдалану;

психикалық дамуы тежелген балаларда бастапқы біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған мамандандырылған оқу-жаттығу құрылғылары. Оқытуда тренажерларды пайдалану меңгерілетін әрекетті модельдеу процесінің негізінде құрастырылатын, арнайы әзірленген бағдарламаларды қолдануға негізделген, бұл психикалық дамуы тежелген балаларда сол немесе өзге әрекеттің динамикалық стереотипін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша дидактикалық материалдар

ПДТ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері барлық мазмұнды салалар бойынша оқыту процесін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дидактикалық материалды арнайы іріктеу қажет екенін көрсетеді (түсіндіру, нұсқау, сұрақтар) үйлестіріп сөздік жаттығуларды; белгі-символдарды модельдеуді (модельдер құру және оларды объектілердің құрылымы, осы объектілер элементтерінің арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар туралы түсінік қалыптастыру мақсатында пайдалану); вербальды коммуникация құралдарын пайдалануды болжайды.

Психикалық дамуы тежелген балалардың білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, жақын және жуық даму аймағы туралы есте сақтау қажет;

көбірек ұнататын әрекет түрлеріні ріктеу ПДТ бар балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру жағдайларын оңтайландыруды ескере отырып жүргізіледі. Оқу процесіне қабылдауды, талдау жасай отырып бақылауды, ойлау операцияларын (талдау және жинақтау, топтау және жіктеу, жүйелендіру), әрекеттер мен біліктерді дамытуға арналған тапсырмаларды қосу мақсатқа сай болады;

тапсырманы ұсына отыры

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!