Материалдар / Жалпы ұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын таратуда сынып жетекшінің алатын орны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпы ұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын таратуда сынып жетекшінің алатын орны

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мәңгілік Ел" идеясын таратуда сынып жетекшінің ролі" қандай болмақ деген мақсатта жазылған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
950
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция“Бала тəрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тəрбиелеу үшін əркімнің өз тəжірибесімен танысу керек”. Мағжан Жұмабаев «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өтті Н. Назарбаев. Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жетілдіруді талап етіп отыр. Мектептегі тәрбие мен білім егіз ұғымдар. Мектептегі басты міндет білім десекте, саналы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті. Тәрбиенің ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор және басқада жақсы қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық құндылықта білім мен тәрбие берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу сынып жетекшінің басты міндеті. Әр сынып сағаттарының өтілу механизмін өзгертіп, тақырыптың мағынасына үңілуге, ондағы «Мен не үйрендім? Мен қалай үйренемін? Мен оны қайдан аламын?» сұрақтарына жауапты өз бойынан табуға тарту. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Ардақта ата-анаңды», «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Құрбан айт туралы не білеміз?», «Мен қайырымды баламын», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Тәуелсіздік елімнің тірегі», «Елбасы бастаған болашақ» тақырыптарында өткен тәрбие сағаттарында балалар бойына отансүйгіш, имандылық, тұлғаның адамгершілік қасиеттері артады, оянады.Сонымен, сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі процесс. Ол мұғалім қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байланысты. Бала тәрбиесіне мектеп пен отбасының ықпалы күшті болса, болашақ жас жеткіншектерге берген тәрбиенің нәтижесі сапалы болмақ.Динара Махмутова Балқаш қаласы №2 мектеп-интернаты







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!