Материалдар / Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
ата- аналарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2019
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ата-аналарға арналған жиналысының жоспары


Мектеп: Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Сыныбы: 10б-сынып

Мерзімі: 28.03.2018

Ата-ана:15 ата-ана

Мұғалім: Алхамова Ж.А.

Тақырыбы:«Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі»


Мақсаты: Қазіргі әлемдегірухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы және ата-аналардың жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейте отырып, бала-ата-ана-педагог біртұтас тәрбие кеңістігін құру өзектілігін түсіндіру.

Міндеттері:

1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздерін өмір тәжірибелері негізінде түсіндіру;

2. «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін құрайтын жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу;

3. Бала тәрбиесіндегі ана мен әкенің рөліне тоқталу.

Ресурстары: (материалдары, көздері)

бейне таспалар, жоспар бойынша фильм үзінділері, слайдтар.


Жоспар:

  1. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасыныңпсихологиялық-педагогикалық негіздері

  3. Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері

  4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (ұл бала, қыз бала тәрбиесіндегі рөлі)

  5. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  6. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы

  7. Бейнеролик көрсету (бала тәрбиесі туралы)

  8. Топпен ән айтуМ.Өрісбаев «Өмір сыры»

  9. Қорытынды .


  1. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді оятып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарап барады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, аяқтарыңызға да тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек жақсы, ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттайық: барлық адамдарға, олардың да жүрегі нұрға толсын. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жайымен көзіңізді ашуға болады.


2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

Педагогика және психология классиктерінің ортақ пікірі бойынша адам өзіне арналған табиғатына сай жетіледі. Жетілуге қоғамдық ортада өмір сүрген адамдар тек білімнің көмегімен қол жеткізеді. Қандай да жағдай болмасын рухани бай ортамен араласу, білім саласының негізгі мақсаты ретінде қарастырылуы тиіс. Әлемді реформалау дегеніміз тәрбиені реформалау деген сөз.

Оқыту үдерісі, ойлану және түсіну – бұның бәрі сананың ішінде болады. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға (саналық немесе бейсаналық) келіп түседі де, онда психоэмоциялық реңге ие болады. Сананың құрылымы, оның табиғаты – ол адамның руханилығымен байланысты психологияның түбегейлі мәселелерінің бірі. Зигмунд Фрейд ең алғаш рет адам санасынан оның бейсаналық аймағын бөліп алып құрылымын анықтады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана аймағынан ығыстырылған эмоциялар табады да осы аймақты түпкі сана деп атайды.

Карл Густав Юнг сананың жеке тұлғалық төмен деңгейінен басқа сананың жоғары деңгейі (жоғары сана) бар екенін зерделей отырып, бейсаналық ұғымын кеңейте түсті, ол адам күйзеліске түсу барысында оның бойында шығармашылық рухани қуатының оянатынын атап көрсетті. Осындай жоғары деңгейдегі дәрежеге ұмтылу үшін адамның ішкі санасының тазаруы және ізгіленуі қажет, сол мақсатпен «Өзін-өзі тану» білім беру Бағдарламасының әдістемесі бағытталып құрылады.

Негізгі қағидалар орындалуы міндет:

а) білім беру ұйымдарында сүйіспеншілік пен сенімділік, шабытты шығармашылық ахуалын орнату;

ә) тұтас педагогикалық үдерісті рухани-адамгершілік білім берумен интеграциялау;

б) рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде жағымды және ізгілікті әдістерді қолдану. Бағдарламаны жүзеге асыру мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс: «Өзін-өзі тану», мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа оқу пәндерімен интеграциялау және сабақтан, мектептен тыс жүргізілетін іс-шаралар, ата-аналармен жұмыс, қоғаммен өзарақарым-қатынас.


3. Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері

Аксиология (грекше «құндылық» және «ілім») - «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлер құндылықтар деп аталынады.

Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді:

Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б.)

Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар:

  1. Ақиқат

  2. Сүйіспеншілік

  3. Дұрыс әрекет

  4. Ішкі тыныштық

  5. Қиянат жасамау



4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (ұл бала, қыз бала тәрбиесіндегі рөлі)

Дәйексөз

«Балаларды жақсы етудің керемет тәсілі – оларды бақытты ету».

Оскар Уайльд

Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.

Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;

Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.

Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады.


Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін ата-аналардың қарым-қатынас типтері

Орынсыз қамқорлық (бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды).

Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды).

Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).

Жоғары талаптар қою(балалар сасақалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады).

Кемсіту, елемеу(мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады. Өсе келе түрлі қылмсыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін).

Отбасындағы ананың рөлі

Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады.

Отбасындағы әкенің рөлі

Әке отбасында ең басты орынды иеленеді. Ер – білімнің даналықтың, тәртіптің іске асырушысы. Ер- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам. Ер мен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.

Агрессивті баланың ата-анасының бойындағы қасиеттер:

Отбасында ешқандай ережелердің болмауы;

Балаларға ешқандай бақылаудың болмауы;

Тәртіптің болмауы;

Отбасында түрлі мәселенің шешімін табу іскерліктерінің болмауы;

Балағасөзбеннемесеіспенқиянатжасалуы.

Ұл бала тәрбиесінде болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық, жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керектігі, ел - жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйел адамдарға  және балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай  үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі. Ұлдарды еңбекке тәрбиелеуде әр отбасы «еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «еңбек – бақыт, байлықтың атасы» деп ұрпақтары ес біліп, қолғабысқа жарай бастаған кезден бастап ерте тұрғызып, түрлі шаруаларды істетіп, жұмыстарға жұмсап тәрбиелей бастайды.

Қай заманда болмасын халқымыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше қараған. Бала кезінен бастап, «қызға қырық үйден тыю» дегендей, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, өзін көргенді жердің қызы деген атаққа ие болатындай етіп өсірген. «Шешесін көр де, қызын ал» демекші, ең бірінші ретте анасының жүріс-тұрысы, мінез-құлқына ел арасындағы өзін-өзі ұстауына ерекше мән беріп қараған. Қыз баланың тәрбиесі ұлттық болмысымызды көрсетіп, халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты болғаны белгілі.Ұл балаларға да, қыз балаларға да әкенің де, ананың да тәрбиесінің маңызы өте зор.

Ынтымақтастықта тәрбиелеу:

1. Барлық баланы жақсы көру керек. Жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш.

2. Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.

3. Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.


5. Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар

1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:» Сен сала алмайсын,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6 .Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?


6.«Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?

5 Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз кеше қандай баға алды?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

11. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

12.Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.


7. Бейнеролик көрсету (бала тәрбиесі туралы)

(Бейнероликті тамашалап, талқыға салу)




8.Топпен ән айту

М.Өрісбаев «Өмір сыры»



9.Жиналыстың қорытынды сәті

- Енді осы семинар жұмысында айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізейік.Құрметті ата-аналар! Семинар жұмысында барлық айтылған жақсы ойларды жүрегімізге сақтап алайық.Әрбір күндеріңіз қуанышқа толы болсын! Рахмет.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!