Материалдар / «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға пайдалы материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
502
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құндылықтар практикасы кезінде өткізілген мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары

Семинарды тыңдаушылардың саны 14

Мерзімі «16» қазан 2020 ж

Мұғалім:Кеженова А.Т.

Тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»

Мақсаты:Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге  бағыт беру.

Міндеттері:

  • Балалардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру.  

  • Мұғалімнің рөлі оқушының  ішкі әлеуетін, оның рухани –адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау.

  • Мұғалімдердің гуманистік педагог болуына ықпал ету.

Ресурстары:

(материалдары, көздері) слайд, плакат.




1.Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы. - Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін анықтау;

- Дағдарыстардың түрлері және себептері туралы

2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

Өзін-өзі тану тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары.

3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері. - Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері. «Притча о ценности жизни» бейнеролигін қарау. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі . Звездочки на земле" фильмінен үзінді қарау (талдау) 4.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру. - Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы. - Әр пәнге қысқаша мысал келтіру - Бейнефильм " Звездочки на земле"бойынша ой бөлісуді жалғастыру. Бейнеролик: Кристаллы воды. Влияние слов на кристаллы воды

Слайдтар

















Бейнефильм «Звездочки на земле» Бейнеролик: «Кристаллы воды»

Үйге тапсырма . Ш.Амонашвилидің еңбектерін оқу.


Ш.Амонашвилидің еңбектерін электронды түрін беру

Жиналыстың қорытынды сәті.

 Жақсы болыңыздар!

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар!

Жақсы нәрсе айтыңыздар!

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар!

Жақсы нәрсе жасаңыздар!

Бақытқа жеткізер жол-осы! 

  Бүгінгі семинарға қатысқандарыңызға рахмет!



Ұстаздарға сөз беру.





































Мұғалімдерге арналған семинардың сценариі


Тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! Бүгінгі «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» атты семинарымызға қош келдіңіздер.

1.Тыныштық сәті. №1 «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көздеріңізді ашуға болады.

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік бағдарламасының негізін қалаушы Сара Алпысқызының «Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр адамның міндеттерінің міндеті екеніне сенімдімін...» Рухани бастау ол адамгершілік, риясыз мейірімділік, махаббат, өзара түсінушілік, төзімділік арқылы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңарту керек, өзінің бастауына оралуы қажет дейді.

Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол интелектуалдық білімнен айтарлықтай өзгеше. Рухани-адамгершілік білім-ішкі білім.

1. Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы.

«Сыртқы дүниенің көптігі сонша бірақ жүректе ешнәрсе жоқ...»

О.Гадецкий

Shape1

Сананы қалай тазалауға болады?

1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.

2. Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.

3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.

4. Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.

5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.

6. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.

7. Жақсы компания, орта табыңыз.

8. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.

9. Тыныштықты сақтауға үйреніңіз.

10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз.

11.Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз



Айналамызды, қоршаған ортаны, елімізді, жақын туысқандарымызды, бауырларымызды, достарымызды нұрға бөлейік!

2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

Өзін-өзі тану тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары.

1. Ізгілік бағыты қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет.
ž2. Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім.
ž3. Әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді.
ž4. Ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады.
ž5. Табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.

3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

  • Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио-құндылық, логос-ілім – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет – ежелгі философ Сократ қарастырды.

Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынастың ешқандай құндылығы жоқ

Сокра́т

Т.И.Петракова (д.пед.наук.профессор МПедГУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл – ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы). Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б) Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады.Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.

Оқыту үрдісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.

Мәңгілік құндылықтар білім негізі және оның өзегі болып табылады.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар

Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.

Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

  • Қиянат жасамау – рухани аспект. Барлық төрт Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық құндылықтарының іс-тәжірибесі нәтижесінің жемісі, ойымен, сөзімен, ісімен зиян келтірмейтін өмір

  • Ақиқат – интеллектуалды аспект. Ол бастапқы шынайылықтың мәңгілік мәні, ол жаратылыс негізінде жатқан қасиеттер, адам табиғатының бастау.

  • Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект. Барлық жүректерді, барлық тіршілікті, барлық кезеңдерді, барлық ұлттарды, барлық діндерді, күллі табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші құндылық

  • Тыныштық – эмоциялық аспект. Тыныштықтың шынайы, мәңгілік мекені – адамның таза жүрегі

  • Дұрыс әрекет – физикалық аспект. Жүректен шығып ,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық

Мәуелі ағаш суреті слайдта

- «Құндылықтар ағашы» Ақиқат - құндылықтың түп тамыры.

Үнемі - түп тамырды сүйіспеншілікпен (су) суарып отыру керек. Ақиқатпен жүріп әр затқа сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет (ол ағаштың діңі) болады. Дұрыс әрекет болса, ішкі жан дүниемізде тыныштық (оны ағаштың жапырақтарына теңеуге болады) орнайды. Егерде өзіміздің ішкі сезімдерімізді басқара білсек, әр уақытта ар - ұждан даусымен өмір сүрсек, адам еш уақытта ешкімге, ешнәрсеге қиянат жасай (ағаштың жемісі) алмайды.

Бұл құндылықтар өзара бөлінбейді. Бір - бірімен тығыз байланысты.

«Притча о ценности жизни» бейнеролигін қарау. Ата – аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде

Белгілі педагог Симон Соловейчик келтірген статистика бойынша ата – аналар баласының тәрбиесіне күніне 17 минут арнайды. Осы уақыттың ішінде қалайша жақсы адам тәрбиелеуге болады.

Педагогтің стилі

Авторитарлық стиль

Мұғалім өзі айтады, өзі түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары, ал оқушы төмен сатыда болады.

Либаральдық стиль

Әр нәрсені айтып, бәрін дұрыс істеу. Педагогтар үшін ешқандай мақсат, мүдде болмайды. Яғни тек қана дәрісін өткізсе болады.

Гуманды стиль

Бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Мұғалімдерге арналған ереже

1. Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында.

2.Одан кейін барып басқалардан талап ет.

Педагог шеберлігі.

Мұғалім оқушының жүрегіне жол табу. Мұғалімнің үш түрі:
• Шағымданушы
• Түсіндіруші
• Қанаттандырушы
Жолдауды жеткізу
• Сөйлеу - 10%
• Мета-жолдау (жасырын жолдау)-90%
Мұғалімнің басты қасиеттері
• Оқушының, мұғалімнің, ата-ананың өзара әрекеттестігі маңызды.
Мұғалімге қажетті екі қасиет: қарапайымдылық (бұл өз кемшіліктерін түсіну үшін қажет) және жетілу тілегі (ертеде мұғалім баланың алдына бармас бұрын өз ойын тазалап алған).
Адам өміріндегі ең басты жалпыадамзаттық құндылықтарды (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) оқушылардың бойына сіңірудің маңызды үлгісі болып осы құндылықтары бар мұғалімдер болып табылады.
Мұғалімдерге ең бастысы екі қасиет қажет: Қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін; Кемелденуге ұмтылыс. 4. Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы.

Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар: рухани – адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу. Бүгінгі күні білім берудің мазмұнды жағы мектеп тәжірибесіндегі басты жалпыадамзаттық құндылықтарды көбіне елемейді. Сондықтан бүгінгі педагогика жаңа әдістер мен құралдарды ойлап табудан бұрын рухани адамгершілік және интеллектуалдық білімді ықпалдастыруға мүмкіндік беретін анық дүниетанымдық бағдарды қажет етеді.

"Өзін - өзі тану" пәнінің мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздемесі:

- адамның үйлесімді дамуына бағытталған рухани - адамгершілік білімнің жалпы мақсаты;

- оқушыларда жалпы мәдениеттілікті дамытуға бағытталған "Өзін - өзі тану" пәнінің білім беру мақсаты болып табылады. - Бейнеролик: Кристаллы воды. Влияние слов на кристаллы воды

- Химия пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыруда металдардың қасиеттерін атай отырып, оның адамның мінез-құлқымен байланысы жайлы, мысалы, "сабыр түбі сары алтын - сабырлының бәрі алтын" дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешеудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалану туралы ой бөлісуге болады.

- Әдебиеттік оқу пәні мен өзін - өзі тану пәнін ықпалдастыруда "Жақсы ай мен күндей, Әлемге бірдей" деген  бөлімді өткен кезде оқушылар мақалдың мазмұнын былайша жеткізіп, ойларын ортаға салды: Ай мен Күн барлық адамзатқа, тірі ағзаға ортақ. Олар ешкімді, еш нәрсені алаламайды. Жақсы адамның да шапағаты барлық әлемге бірдей. Міне, осындай тақырып, мақалдар арқылы адам бойындағы құндылықтарды біртіндеп сіңіре отырып, қалыптастыруға болады. Барлығын бір мезгілде қалыптастыруды көздемей, там - тұмдап осылай өздері ойлап жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Биологиялық тұрғыда: Жалпақ құрттар. Ақ сұлама. Табиғатта кездесетін жалпақ құрттармен танысу, олардың өкілдерімен танысу. Ақ сұламаның құрылысы, тіршілік ететін ортасы, қай жерлерде кездесетінімен оқушыларды таныстыру. Адамгершілік тұрғыда: Әрбір

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!