Материалдар / Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
376
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер


Оқу мақсаты 2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну;

100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау,

натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

2.1.1.2 Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

2.1.1.3** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау,

разрядтық қосылғыштарға жіктеу


Бағалау критерийі Білім алушы


100 көлемінде тура және кері санайды


Санның натурал сандар қатарындағы орнын

анықтайды


100 көлеміндегі сандарды салыстырады


Екітаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың

қосындысына жіктейді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 15 минут

Тапсырма


  1. Түсіп қалған сандарды толықтырып жаз.

















  1. Берілген сандардың көршілерін жаз.






3.
Салыстыр.



23


32

37


3

77


70

















  1. Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз


Дене тәрбиесінің пәнаралық байланысы

Күні: 2020-09-30      Уақыт: 08:00 - 09:30

Қолданылған материалдар

Лекция №5.  Дене тәрбиесінің пәнаралық байланысы

Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдануы олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді. Белгілі психолог Ю.А.Самарин өзінің «Ақыл-ой психологиясының очерктері» деген еңбегінде былай деп жазды: Диалектикалық тұрғыдан ойлай білу дегеніміз – әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл ойының жоғары деңгейі.

Дене шынықтыру сабағын басқа пәндер бойынша бұрынғы алған білім, іскерлік дағдыларын дамытамыз. Сабақтарды барынша әсерлі өткізуге, оқушылардың жүйелі дене жаттығулары сабақтарына қызығушылығын қолдай отырып және қозғалу қимылдарына белсенділігін дамыта келіп, жоғары деңгейде ойлау белсенділігі қағидаларын таратуға болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясымамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас кешенімен байланысты. Олардың біреулері гуманитарлық сипатта болады, дене тәрбиесінің дамуы мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам психикасына әсерін, сондай-ақ педагогикалық әсер ету құралдарын, формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар - биологиялық және шектес жаратылыс ғылымы пәндері адамның биологиялық даму процесін, оның жас ӛзгерісінің заңдылықтарын, дене жаттығуларын, сондай-ақ сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен болып жататын ӛзгерістерін зерттейді. Жоғарыда аталып өткен, дене дамуының белгілі бір жағын терең зерттейтін ғылыми пәндердің әрқайсысы тәрбиеде жақсы жетістікке жету үшін педагогикалық  әсер ету жүйесіне негіз бола алмайды. Бұл міндетті мамандандырылған педагогика ғылымы - балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі шешуге тиіс, ол дене тәрбиесіне қатысы бар басқа ғылымдардың барлық жетістіктерін синтездейді. Бұл ғылым дене тәрбиесінің педагогикалық заңдылықтарын танып білу және теориялық жағынан негіздеу мақсатында социологиялық және биологиялық құбылыстарды пайдаланады, мұның өзінде өзіндік ерекшелігін және өз пәнін сақтап қалады. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының табиғи-ғылымдық негізін ғылыми пәндер кешені құрайды, олардың міндеттері баланың биологиялық даму процестерін зерттеу болып табылады.  Ғылыми білімдердің бұл кешені орыстың ұлы физиологтары И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, В. М. Бехтеревтың және олардың ізбасарларының ілімі негізінде құрылды. Организм мен ортаның бірлігі туралы  Адам дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады. И.П.Павлов осы тепе-теңдікті өмірдің негізгі заңы ретінде қарастырды.

 Индивидуалдық бейімделу түрлері өте көп. Олар табиғи ӛмір жағдайында

 пайда болады және оларды адам арнайы, әдейі жасауы мүмкін. Индивидуалдық бейімделу негізінде тірі организмдердің ӛте маңызды қасиеттері – сыртқы орта жағдайы ӛзгергенде физиологиялық процестердің жиілігін және сипатының өзі белгілі бір шекте ӛзгертуі жатыр. Мәселен, ыстық күндері, сыртқы орта температурасы кӛтерілгенде адамның тері бездерінің әрекеті күшейеді, терінің тамырлары кеңиді. Тердің одан әрі булануы дененің сырты мен терінің кеңіген тамырлары арқылы ағатын қанның салқындауымен жалғасады. Сонымен жылу берілісі артады. Сыртқы ортаның температурасы тӛмендеген кезде, керісінше, тері тамырларының тарылуы байқалады, бұл жылуды кӛп жоғалтудан сақтайды. Бұл кезде тотығу процестерінің қарқыны артады. Соның нәтижесінде екі жағдайда да дененің температурасы ӛмірге керекті деңгейде сақталады. Адам организмінің қызмет ету мүмкіндігінің артуы немесе кеңеюі дене тәрбиесі процесінде ерекше маңызды болып табылады. Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген тәртіппен, организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен үйлестірілген ертеңгілік гимнастикамен жүйелі айналысу, дене тәрбиесі сабақтары, ойындар, ауаның, судың тӛмен температурасы тӛзімділігін арттырады, жүйке жүйесі, жүрек, ӛкпе, бұлшық еттерінің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады. Шынығу және дене жаттықтыру адам организмнің қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюіне кӛмек ететіні түсінікті бола түседі. Осының барысында шыныққандық және белгілі мӛлшерде жаттыққандық әркімнің өзгеріп отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады. Адам организмнің қоршаған ортаға бейімделуіне адамь миының, жоғары жүйке жүйесінің қызметінің дамуы үшін жетекші мәні бар және оған себепші болатын әлеуметтік ортаны ерекше бөліп көрсеткен жөн. Адамның қоғамдық еңбек іс-әрекеті процесінде, ал баланың отбасылық және   қоғамдық тәрбие процесінде индивидуалды бейімделуі шартты рефлекторлық уақытша байланыстар принципі бойынша біріншімен ӛзара әрекеттегі екінші сигналдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Оның үстіне екінші сигналдық қоздырғыштардың адамның барлық тканьдарында және ішкі органдарында болатын физиологиялық процестерге, сондай - ақ оның тұтас мінез-құлқына да айқын ықпал жасайды. Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға индивидуалдық бейімделуіне әртүрлі дағдылар, пайда бола бастаған әдеттер, қалыптасқан күн тәртібі және айнала қоршаған ӛмір талаптарына саналы қарым-қатынасқа негізделген барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін. Сондай-ақ, қозғалыс қызметтерінің қалпына келуі жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет, оқуға және қоғамдық ӛмірге мылқаулардың, соқырлардың, соқырмылқаулардың бейімделуі де индивидидуалды бейімделудің кӛрініс беруі болып табылады. И.П.Павлов: «.....жоғары сатыдағы, сол сияқты төменгі сатыдағы организмдердің аса зор күрделілігі осы күрделілікті құрайтын нәрсенің бәрі нәзік және дәлме-дәл байланыста, ӛзара және айналадағы жағдайлармен тең

 жағдайда болып тұратын кезге дейін ғана тұтас күйде ӛмір сүреді» – деп атап көрсетті. И.П.Павловтың бұл қағидасын мынадай мысалмен кӛз алдына келтіруге болады. Баланың үдеп келе жатқан нашар кӛрушілігі сыртқы жағдайдың қолайсыз кезінде тұлғаның бұзылуына себепші болуы мүмкін. Тұлғаның бұзылуы организмдегі патологиялық ӛзгерістерге әкелуі мүмкін: кеуде клеткасының қозғалғыштығы нашарлап үстірт тыныс алуды тудырады, демді ішке тартқан кезде диафрагманың тӛмен түсуі қиындайды, бұл демді ішке тарту кезіндегі қанның сорылу күшін бәсеңдете және жүректің диафрагмаға тірелуін кеміте отырып жүрек-қан тамырлары жұмысына әсерін тигізеді: тыныс алу және қан айналу процестерінің нашарлауы ас қорыту органдарының жұмысына әсер етеді. Ол зат алмасуын бұзады, алмасудың бұзылуы жүйке жүйесінің қоректенуін нашарлатады, бұл тез шаршауға әкеледі, баланың психикасының және денесінің жетілуін бәсеңдетеді. Келтірілген мысал адам организмінің үйлесімділігі мен тұтастығының бұзылатындығын кӛрнекі етіп көз алдыңа әкеледі, бұл бұзылыстың себептерін сонымен бірге дене және психика процестерінің ажыратылмас ӛзара байланысын көрсетеді. Шартты рефлекторлы уақытша байланыстар және динамикалық стереотиптердің құрылуы туралы. И.П.Павловтың және оның ізбасарларының жоғары жүйке қызметін зерттеулері дене тәрбиесі практикасында пайдаланылатын шаралар жүйесін және оның организмде пайда болатын күрделі процестерге әсері мен оның қызметінің қайта түзілуін дұрыс талдауға мүмкіндік береді. Адамның барлық іс-әрекеті дене тәрбиесі процесінде жоғары жүйке қызметіне тәуелді болады. Қарапайым қозғалыс және түптеп келгенде күрделі спорттық дағдыларды меңгеру үлкен ми сыңарлары қыртысы қызметінің жаңа жүйесі құрылуымен анықталады.  И.П.Павловтың жүйелік, динамикалық стереотип туралы ілімі қозғалыс дағдыларының пайда болу және жетілу процесін түсіндіреді, оның  заңдылықтарын айқындауға және осыған сәйкес балаларды оқыту процесін дұрыс құру мен басшылық етудің неғұрлым мақсатты және тиімді әдістерін пайдалануға көмектеседі.

 

Пәнарлық байланысты ашып көрсететін ойындар

  • «Жұп-тақ» ойыны.

  • Ойын шарты: Ойыншылар қатарға сап түзейді. Мұғалім тапсырманы түсіндіреді. Ол хабарлаған кез-келген жаттығуды оқушылар тек қана жұп сан аталғанда ғана орындайды. Егер мұғалім тақ сан атаса, жаттығу орындалмайды. Мысалы: мұғалім «отыру» жаттығуын 8 рет (жұп) деп хабарлайды. Оқушылар отырып- тұруды орындай бастайды. Егер кімде- кім жаттығуды тақ сан атағанда орындаса, ол бір қадам алға шығады. Жаттығулар мен аталған сандар құбылып өзгеріп отырады. Ойын соңында оң ынталы оқушылар аталады. Енді сандар емес, математикалық мысалдар аталады: 74-78=? 29+37= ?

  • «Музыкалық ырғақ» ойыны.

  • Ойын шарты: Оқушылар қатарға тұрады. Мұғалім музыкалық үзінділер қосады, оқушылар осы музыканы ырғағына сәйкес қимылдайды. Мысалы: (вальс айтады, полька- екі адым алға қарай секіреді және т.б.) қимылды дұрыс орындамаған оқушылар ойыннан шығады.

  • «Арифметикалық қимылдар» ойыны.

  • Ойын шарты: Ойыншылар саны тең екі команда бір-біріне қарама-қарсы 15-20 метр қашықтықта екі қатарға тұрады. Әр команда ойыншылары реті бойынша саналады. Командалардан тең қашықтықта доп жатыр. Мұғалім ойыншыларға кез келген қосу, алу, бөлу, көбейту мысалдарын ұсынады. Оқушылар мысалдарды шешіп (30-24), жауабын тауып (6), әр команданың рет санын осы санға сәйкес келетін ойыншысы допқа дейін жылдам жүгіріп жетіп, оны өз командасына жеткізуі керек. Бұл тапсырманы орындаған ойыншы өз командасына 1 ұпай әкеледі.

  • «Кемпірқосақтың  суретін сал» ойыны.

  • Ойын шарты: Оқушылар жеті адамнан командаларға бөлінеді. Команданың әр қатысушысы арақашықтықты секіргішпен және шеңбермен екі кезең етіп өтеді, бір түспен кемпірқосақ салып, оралады және эстафетаны келесі қатысушыға береді. Мәреге бірінші келген және кемпірқосақтың түстерінің орналасуын дұрыс салғаны үшін екі ұпай алған команда жеңеді.

  • «Қан талапай» — асықпен ойналатын ойын.

  • Ойын шарты: Оқушылар екі топқа бөлініп сап түзейді. Бұл ойынға нөмірленген асықтар алынады. Нөмірге байланысты үлестірмелер болады. Екі топтан үш оқушыдан шығады. Асық жерге шашылып, «қан талапай» дегенде асықтарды таласып бөліп алады. Алынған асықтардағы нөмірлері бойынша үлестірмедегі берілген есептерді шығару қажет. Қай топ асықты көп алып, үлестірмедегі есептерді дұрыс шығарса сол топ мүшесіне 1 ұпайдан беріледі.

  •  

 

 

 
























Дене тәрбиесінің пәнаралық байланысы

Күні: 2020-09-23      Уақыт: 08:00 - 09:30

Қолданылған материалдар

Лекция № 4. Дене тәрбиесінің пәнаралық байланысы

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Қазір заман мен қоғамның өзгеруіне орай бүгінгі балалар да өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар ретінде өсіп келеді. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік–құқықтық, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан–жақты игерген кәсіби құзыретті маман болуын талап етіп отыр.

Құзыреттілік (competentia) латын тілінен аударғанда, адамның жақсы хабардарлығы, танымдылығы және тәжірибелілімен сипатталатын мәселелер шеңберін құрайды. Белгілі саладағы құзыретті адам осы салаға сәйкес білімдермен, қабілеттермен қаруланады. Құзыреттілік - жеке тұлғаның өзіндік даму, жеке тұлғалық даму, өзіндік тәжірибе қорытындысы, сондай-ақ білімнің, біліктің, дағдының және тану тәжірибесінің, пәндік практикалық түрлендірудің, субъективті тұлғалық тәсілі.    

Білім беру орнының басты мақсаты - қоғамдық және әлеуметтік дамудың заманауи талаптарына жауап беретін кәсіби құзыретті мамандарды дайындау.

Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі – бұл түлектің әрекеттегі сапалық жеке қабілеттері. Ол түлектің келесі мүмкіндіктері мен біліктіліктерін қамтиды: жоғары кәсіби деңгейде өз бетімен ақпаратты іздеу, жинау, талдау, көрсету, тасымалдау, объектілер мен үрдістерді, соның ішінде өз жеке әрекеттерін және ұжымның жұмысын модельдеу және жобалау. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда келесі жағдайлар жасалуы тиіс:

  • оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін көтеру;

  •  оқу орнын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарымен сапалы түрде техникалық қамтамасыз ету;

  •  басқаруға жаңа ақпараттық технологиялар мен жүйелерді енгізу;

  • оқу үрдісінде жаңа программалық жабдықтарды пайдалану;

  •  ғылыми және оқу ақпараттарын алу көздерін барынша кеңейту.

Осы мақсатта келесі әдістерді қолдану шарт:

  • өз мамандығы бойынша жоғары деңгейде теориялық және практикалық білім алу;

  •  ақпараттық коммуникациялық технологияны теориялық және практикалық меңгеру;

  • түрлі бағыттағы программалық жабдықтарды меңгеру;

  • оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың тиімділігін игерту, оны өз тәжірибесінде қолдану;

  • ақпараттық коммуникациялық технологияның жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту әдіснамасын өзгерту, ақпараттық коммуникациялық технологияны сабақтарда, ғылыми-зерттеулерде, оқушылардың өзіндік жұмыстарында қолдану;

  •   оқу және зерттеу әрекеттерінде локальді және әлемдік ақпараттық желілердің телекоммуникациялары мен ресурстарын құру және пайдалану;

  •  коммуникативті әрекетті теориялық және практикалық игеру;

  •  тереңдетілген тілдік дайындық;

  •   ұжымдық әрекеттерді модельдеуде ақпараттық коммуникациялық технологияны, жаңа құралдарды пайдалану, т.с.с.

Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда пәнаралық байланыстың маңызы зор. Білім берудің дәстүрлі моделі қазіргі уақыттың жаңа талаптарын қанағаттандыра алмауда: бұл модель жеке ойлауға, механикалыққа, сызықтылыққа бағытталған, нақты өмірдің құбылыстары мен пәндер арасындағы табиғи байланыс бұзылған. Ал оқушыларда әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін, ол туралы толық түсінік, гумандық дүниетаным және диалектикалық ойлау қалыптастыру өзекті болып табылады. Оқушыларды өмірдің жеке, оқшауланған құбылыстарына емес, әлемді кең көлемдегі бірлікте, өзара байланысты көпқырлы етіп қарауға үйрету керек. Осыған байланысты пәнаралық байланыс мәселесі туындайды. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды. Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған. Пәнаралық байланыс құрамындағы маңызды болып табылатын мазмұндық және шығармашылық негіздерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұндық негізін жалпы ғылыми фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар құрайды. Мысалы, жаратылыстану-ғылыми циклдегі пәндер үшін жалпы түсініктер болып материяның (зат және өріс) құрылымдық формалары, денелердің қасиеттерін сипаттайтын, құбылыстарды және бақылауларды сипаттайтын шамалар болып табылады. Ал, жалпы заңдарға масса, энергия, электр зарядының сақталу заңдары, химиялық реакциялардың жүру заңдары және т.б. жатады. Теорияларға химия, физика және биология ғылымдарында қолданылатын, тірі және тірі емес табиғаттың көптеген құбылыстарын түсіндіретін зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясын, зат құрылысының электронды теориясын, квантты-өрісті теорияны және т.б. айтуға болады. Жаратылыстану ғылымдарының шығармашылық негізі –есептеу, өлшеу, графиктеу, бақылай білу, өздігінше тәжірибе жасау және құралдармен жұмыс жасау болып табылады.

 

Жаратылыстану ғылымдарының тағы бір жалпы құраушысы –ғылыми таным әдістері, яғни: бақылау, эксперимент, ойша модельдеу, теориялық анализ және жалпылау болып табылады. С.А.Суровикина пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі түрде көрсетеді:

  • Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі керек.

  •  Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы қабылдағыштық.

  • Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды меңгеру міндеттері.

  • Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері.

  • Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру.

  •  Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстарын ашу.

  •    Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын көрсету.

  •   Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру.

Пәнаралық байланыстың басқа да құраушыларын және маңыздылығын былайша көрсетуге болады:

  • Пәнаралық байланыс негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда оқушыларға бірнеше пән бойынша өз білімін көрсетуді талап ететін сабақтарды, яғни бірнеше әртүрлі пәндерді біріктіретін біріктірілген сабақтарды өткізу қажеттілігі арта түсуде.

  • Біріктірілген сабақтар, әсіресе егер ол информатика пәнімен біріктірілген болса, білім берудің қазіргі деңгейлері мен технологияларына толықтай сәйкес келеді.

  • Осындай сабақтарда ғана оқушылардың түрлі пәндерден ақпарат алу арқылы құбылыстар мен оқиғаларды жаңаша түсіне отырып, терең әрі берік білім алуға мүмкіндігі болады.

Біріктірілген сабақта білімді синтездеу, дағдыны қалыптастыру және пайдалану үшін үлкен мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде оқушыны ынталандырады, таным объектісіне жүйелік түрде қажеттілікті дамытады, объективті шындықтың күрделі процестері мен құбылыстарын салыстыру, талдау дағдыларын қалыптастырады. Осының нәтижесінде тұтас дүниетанымның қажетті алғышарты ретінде нақты өмірді біртұтас қабылдау жүзеге асады. Біріктірілген сабақта дағды қалыптасады, ойлау, еске сақтау, қиялдау дамиды, әлеуметтік нормаларды мағыналы игеру жүзеге асады. Мұндай сабақтарға үлкен білімділік және тәрбиелік потенциал тән. Біріктірілген сабақты жоспарлау барысында оқытушы оның мақсатын, материал мазмұнын, сабақтың әдістерін, оқытудың құралдары мен формаларын анықтауы керек, нәтижені болжауы қажет. Түрлі технологияларды біріктірілген сабақтарда қолдана отырып, оқытушы процесті әлдеқайда қызықты етеді. Компьютерлік оқытудың пәна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!