Материалдар / Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
354
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам

өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінікберу;

Дамытушылық:Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. «Оқу ақпараты» оқушылардың «Ақиқат» құндылығы жөніндегі білімдерін айқындай түседі.

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-өзін–өзі танудың негізі» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Оқулықтағы Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі ұсынылған. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар берілген:


Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті?

Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар?

Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

Ал екінші жолаушы қалай түсінді?

Өзің мәтіндегі «көңілді,ойыңды осы бұлақтай таза сақта »дегенді қалай түсінесің?


1-тапсырма

«Ақиқат» сөзінің әрбір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазаңдар.

А..

Қ..

И..

Қ..

А..

Т..



Жаңа ақпарат .

Ақиқат,Сүйіспеншілік,Дұрыс әрекет,Ішкі тыныштық,Қиянат жасамау барлық адам баласын біріктіретін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектесетін жалпыадамзаттық құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар уақытпен Өзгермейді және барлық адам баласы үшін аса маңызды.Өз бойындағы асыл қасиеттерді ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі.Жақсы қасиеттеріңді тек жақы іс –әрекеттер жасау арқылы дамыта аласыңдар.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10 мин.

2-тапсырма

Мәтінді оқыңдар.Адамның әдепті істерін тізбелеп дәптерлеріңе жазыңдар. 7.Дәптермен жұмыс Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыңдар.

Абай атамыз нелерден сақтандырады?

Абай атамыз нені үлгі етті?

3-тапсырма

М.Әлімбаевтың «Әдептілік әлппесі»өлеңін оқыңдар. Өлеңдегі жақсы қасиеттерді теріп жазыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріп айтыңдар.


8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Айгөлек » Сөзі: Н.Баймұхамедовтікі, әні: Б.Байқадамов



9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Құрманбай Толыбаевтың «Күн кімдікі» әңгімесімен танысу.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ