Жалқы және жалпы есім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалқы және жалпы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖАЛҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕСІМ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушылардың жалқы есім туралы алған білімдерін одан әрі тереңдете түсу,

жалпы есім туралы мағұлмат беру,сөздерді сауатты жазуға үйрету.

Дамытушылығы:зат есімнің мағыналық қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелігі:адамгершілік асыл қасиеттерді меңгерту.


Сабақ типі: аралас сабақ.


Сабақ түрі: «Бауырсақ» ертегі желісімен


Әдіс-тәсілі:түсіндіру,көрнекілік қолдану,сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,әңгімелеу,

көркем сөз қолдану,жеке жұмыс жүргізу.


Көрнекілігі:ертегі кейіпкерлерінің макеттері,ребус,тапсырмалар,дидактикалық ойындар,

слайдтар,семантикалық карта,Венн диаграммасы.


Пәнаралық байланыс:дүниетану,музыка.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық сәт.

Армысың асыл күн,

Армысың асыл жер.

Армысың жан досым,

Міне менің қолым

Жылуыма жылу қос.

-Балалар осы алған жылуымызбен сабағымызды бастайық.Бүгінгі сабағымызды біздер кішкентай кезімізден көп естіп,тыңдап келе жатқан «Бауырсақ» ертегісінің желісімен өткіземіз.

Ерте,ерте,ертеде бір ата мен әже болыпты.Олар бақытты өмір сүріпті.Сөйтіп бір күні атай әжейге маған бауырсақ пісіріп берші,-депті.Әже бауырсақ пісіру үшін біз атайға көмектесуіміз керек екен. Сендер сабаққа жақсы қатысып отырсаңдар сендергеде әжей бауырсақ беріп отырады.Кім сабақтың соңында көп бауырсақ жинаса,сол оқушы жақсы бағамен бағаланады.


2.Білім деңгейін тексеру.Ой-қозғау.

1.Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

2.Түбір дегеніміз не?

3.Қосымша нешеге бөлінеді?

4.Жұрнақ дегеніміз не? Мысал келтіру.

5.Жалғау дегеніміз ше? Мысал келтіру.

Семантикалық карта

Сөз таптары мысал

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

кітап





он төрт





оқушы





қызыл





жазды





қырық үш






3.Көркем жазу минуты. Жұмбақ шешеу.

Аппақ,аппақ ақ мамық,

Жерде жатыр топталып (Қар)

-Ендеше,осы Ққ дыбысына байланысты көркем жазу жазамыз.

4.Жаңа тақырып.

-Сендер оқушылар үй тапсырмасына жақсы жауап бердіңдер.Әжей бауырсақты пісіріп терезеге суытып қойды.

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

DrawObject4

DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5







-Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді табу.Жазылмай қалған сөздерге назар аудару.Олар туралы не айта аласыңдар?

Ережемен таныстыру

-Енді,балалар,бауырсағымыз өлең айтып келе жатып,қоянға жолығады.Қояннан құтқару үшін бауырсаққа көмектесейік.Қоянның тапсырмасы:

Мына берілген сөздердің ішінен жалпы есімдерді теріп жазу.

1.Астана,Ақжар,өзен,Алпамыс,қала,құс,Байқоңыр,Жәнібек,қыс,киім,жеміс,Ақтабан.

2.Астана сөзіне дыбыстық талдау жасау.

-Балалар,қоянға бауырсақты жегізбей аман алып қалдық.

5.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

6.Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы 398-жаттығу.Ребусты шешіп(Алматы),шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

-Енді,балалар бауырсақ әндетіп келе жатып,аюға жолықты.Аюдың тапсырмасы:

А әріпінене басталатын қала және адам аттарын жазу.


7.Дидактикалық ойын:

Масаты: зат есім туралы түсініктерін кеңейте отыра,балалардың сенсорлық қабілетін

(сипап сезу,иіс сезу,дәм сезу) дамыту.


Ойын барысы: үш оқушы сыныптың алдында көздерін байлап тұрады.Қалған оқушылар қораптың ішінедегі әр түрлі заттарды алып (түйме,бор,бет орамал,алма,ермексаз,сақина)

қолдарына береді.

-Мынау не? Кім берді?

-Бұл бор,Бекбол берді.

Оқушылардың дауысын танып,заттарды жаңылмай дұрыс тапқан оқушы ойын жеңімпазы атанады.


Ойынды қорыту:-ойын барысында қандай сұрақтар қойылды?

-Енді,балалар,бауырсағымыз әндетіп түлкіге кездесті,түлкінің қулығы басым,сондықтанда ертегі желісі бойынша бауырсақты түлкі жеп қояды.


8.Қорытындылау:

Венн диаграмасы:



DrawObject11 DrawObject10 Жалқы есім Жалпы есім

Зат

е

с

і

м



9.Бағалау.

Бауырсақты көп жинаған оқушыларды бағалау.


10.Үйге тапсырма: 399-жаттығу,ереже жаттап келу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2018
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі