Материалдар / Жалындар жастар- Қазақстанның болашағы

Жалындар жастар- Қазақстанның болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе: Жалынды жастардың болашағы өз қолдарында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
358
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі











Жалынды жастар- жарқын болашақ

( Эссе)







Орындаған: Хасаинова Айдана Зулпухаровна







































2018-2019 оқу жылы

Жалынды жастар-жарқын болашақ

Міне, еліміз Тәуелсіздік алып көк туымызды желбіретіп, еңсеңімізді көтергенімізге биыл 28 жыл толып отыр. Аз ғана уақытта Қазақстан адам танымастай гүлденіп, өсіп келеді. Бүгінде біздің елімізге қаншама ілем қызығып қарауда. Елімізді одан әрі көркейту , оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Ел бламын десең бесігіңді түзе дей келе, осындай еңсесін тіктеп келе жатқан елге, ең алдымен білімді, дарынды, жігерлі ұрпақ керек деп ойлаймын. Елбасымыздың өзі ұрпақ тәрбиесіне аса назар аударып, өз жолдауларында «Елдің ертеңін ойлау керек 21 ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмір сүруге бағыштауымыз керек» деген сөздерді бекер айтпаса керек.Олай болса , әрбір мемлекеттің келешегі мектебінде шыңдалатыны анық. Болашақта ел тізгінін ұстау - біздің қолымызда екені анық. Сондықтан бойымдағы бар жақсылығымды елімнің болашағы үшін жұмсағым келеді. Ата- бабаларымыздың мұрат еткен аманатын, сенімін ақтап, Тәуелсіз елімнің тізгінін ұстар азаматшасы болғым келеді.

Арман. Мақсат. Талпыныс. Әр адам ұйықтар алдында өзінің болашағының қалай болатынын елестетеді, армандайды. Арманнан мақсат пайда болады. болашағымыздың жарқын болуы үшін әр адам алдына мақсат қойып, соған жету үшін барынша тырысуы керек. Болашаққа жасаған әр қадамымыз маңызды. Адам алдында не күтіп тұрғанын білмейді, болжай да алмайды. Барлығы бір Алланың қолында. Біздің қолымызда мақсат қойып соған ұмтылу, нәтиже шығарып, барлығы жақсы болатынына сену келеді. Біз болашағымыздың қандай болатынын білмесек те, елестете аламыз. Қиялымыздағы нәрсенің шынайы болуы үшін тек әрекет ету жеткілікті.
Болашақ дегеніміз -ол біздің маман болып шығуымыз, отбасын құрып ұрпақ тәрбиелеуіміз. Болашаққа басқан әр қадамымыз сәтті болсын. Алда бәрімізді жарқын болашақ күтіп тұрғанына кәміл сенімдімін.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң деген бағытта барады. Мен қазіргі таңда оқу орнын жаңадан бітіріп келген жас маманмын. Тәжірибем аз, үйренетінім көп. Болашақта мен білімін жетілдіру курстарынан өткен білікті маман иесі болғым келеді. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылығы мол тұлға. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандықты меңгереді. Ол үшін тек табандылық, еңбекқорлық, мақсаткерліктің арқасында мансапқа жете алатыныма сенімдімін. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында». Болашақта оқушыларды жарыстарға дайындап, сол дайындаған оқушыларым жетістіктер алатынына сенімдімін. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім ретінде, өз пәніме қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық деңгейімді өсіріп отыруға міндеттімін деп білемін. Мен 5 жылдан кейін өзімнің нағыз ұстаз екендігімді жан-жақты дәлелдеген мұғалім боламын деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде қандай да бір семинар немесе іс-шараларда жүретініме сенімдімін . Оқушыларды жылда пән олимпиадаларына апарып жүлдегер ету менің мақсатым. Себебі беріп жатырған білімімнің жетістігін көргім келеді. «Үш тұғырлы тіл-болашақтағы сапалы білім кепілі» тақырыбында әдіс алмасу семинарларында ашық сабақтар өткізу алға қойған мақсаттырымның бірі. Ұстаз - талай шəкіртті білім нəрімен сусындатқан, «ұлағатты ұстаз» деп ауыз толтыра мақтауға лайық жандардың бірі болғым келеді. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» демекші, білімді шəкірт тəрбиелеген ұстаз – толағай жетістіктер мен марапаттаулар алған, ұжым алдында жаңашыл, еңбекқор, беделді ұстаз болатыныма сенімдімін. Мен өзімді әруақытта  жас ұрпаққа сапалы  білім, сапалы тәрбие беру жолында бағыт –бағдар беруді  үлкен жауапкершілік деп танитын тұлғамын деп санаймын.

Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан  сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай игілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деген сөзімен аяқтағым келіп тұр. Жұмысына аңсап барып, қуанып қайту, өзінің не бітіргеніне, енді не істейтінін білу, бұл-мамандығын сүйген адамның ісі.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ