Материалдар / ЖАМАНДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЖАУЛАСАДЫ, БІЛГЕНДЕР МҰНДАЙ ЖАЙДЫ АДАСПАҒАН...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАМАНДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЖАУЛАСАДЫ, БІЛГЕНДЕР МҰНДАЙ ЖАЙДЫ АДАСПАҒАН...

Материал туралы қысқаша түсінік
(Ақын С. Сауытбеков поэзиясындағы адам мінезіне берілген сын-сипаттар) «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» – демей ме ұлы Абай. Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Қызылжар уезі, 4-ші ауыл) Төңкеріс ауылы, Мүсірепов ауданында дүниеге келген Сейтен Лиманұлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАМАНДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЖАУЛАСАДЫ,

БІЛГЕНДЕР МҰНДАЙ ЖАЙДЫ АДАСПАҒАН...

(Ақын С. Сауытбеков поэзиясындағы адам мінезіне берілген сын-сипаттар)


«Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» – демей ме ұлы Абай.

Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Қызылжар уезі, 4-ші ауыл) Төңкеріс ауылы, Мүсірепов ауданында дүниеге келген Сейтен Лиманұлы:

Халық сүйген әкемнің аты Лиман,

Таңдағаны тағдырдан дін мен иман.

«Құдай бір, құран шын, пайғамбар хақ,

Уа, халайық, мүлтіксіз деген илан» –

деп ардақты асқар тауы – әкесі жайлы толғанған. Ол әкесі Лиман молданың арқасында он үш жасында араб тілін жетік меңгеріп, Құран сүрелерін жатқа білгендігі Сейтен Сауытбеков өлеңдерінің кәусар күйлі бұлақ көзі дін тазалығын, иман ибағатын бала жастан бойына сіңіргендігінен-ақ бірден аңғарылады. Бала жастан имандылық кәусәрімен сусындаған Сейтен Сауытбеков өсе келе ұлтына жанашыр, халқына қамқор азамат болып қалыптасты.

Ол өз заманының көкейкесті мәселелерін көтеруде нағыз өнер адамына, шығармашылық иелеріне тән қалыппен қолына қаламын қару етіп қоғамдағы келеңсіздіктерді «бетке айтып отыратын заманының айнасы іспетті» өрнекті өлең жолдарын шумақтады. .

Ақын өз заманының алдыңғы қатардағы азаматы болғандықтан, ел тағдырын, жер тағдырын ойламай тұра алмады.

Адам бойына ізгілік себуді мақсұт еткен ақын адал еңбекті, адамгершілікті, дін жолы-имандылықты, тату-бірлікті үлгі етіп ұсынды.

Жалпы адам баласына, қалың қауымға қауіпті дерттің бірі-алауыздық екені аян. Пенделер арасында болатын қайшылықтардың себебіне үңіліп, жұртшылыққа жақсы тағылым айтады. Сондықтан ақынның көптеген өлеңдерінде халықтың қадір-қасиетіне кір келтіретін ұнамсыз, теріс іс-әрекеттерді әділ сынға алады.

Ит пенен мысық ауыз жаласпаған,

Шындық пенен жалғандық жараспаған.

Жамандық жақсылықпен жауласады,

Білгендер мұндай жайды адаспаған.

Ғалым Сейтен Сауытбеков ағартушы, ұстаз Ыбырайдың «Шариғат - үл исләм» – Мұсылманшылықтың тұтқасы – атты кітабын араб тілінен аударып, оның мағынасын таратып, талдаған, ондағы «Теріс мінездерге қарсы ізгілік тағылымдары» тарауы – ғалымның сүбелі зерттеулерінің бірі. «Адамның пиғылы екі түрлі. Бірі көркем, екіншісі бұзық сипатта. Аят пен хадистерде баян етілген жаман мінез алпыс түрлі, соның негізгі жеті түрлісін сөз етеміз – дей келе, адамның жағымды, жағымсыз мінез-құлықтарына тоқталып әрқайсысының тарам-тамырларын да толық атап берген: «Бірінші теріс мінез – КАФІР. «Кафір дегеніміз – Құдай бір, Құран шын, Пайғамбар хақ деп – білмейтіндер. Ондай мінезділер қасаңдай қатып, адал, арамды айырмай, бұзықтықпен өмір шегеді, ...обал мен сауапты айыра алмайтындар, Өз өмірінде ешкімге қайырым жасамағандар, Әділетсіз, мейірімсіз, қысымшыл қатал, осылардың бәрі Кафір болып табылады»;

Сейтен ақында «Алдарбек» атты өлеңдегі:

Жасында дау-шарға қатысты,

Іргелес румен атысты.

Шариғат бұйрығы солай деп,

Қолдады, қорғады жат істі.


...Бертінде бейнесі өзгерді,

«Құдайдан» безуді көздеді.

«Дін жолы өтірік,

Жерледім» –

Деп жазды – «Отырмын безгелі».


Бұзық мінез-құлықтың екіншісі – БИДҒАТТЫҚ дін бұзғыштық,


үшінші теріс мінез – РИЯ деп аталады. Оның мағынасы екі жүзділік – сайқалдық. Арамдық деп те айтады,




Теріс мінездің төртіншісі ТАККАПАРЛЫҚ,


жаман мінездің бесіншісі ХҰСЫТТЫҚ (күншілдік) күншіл мінездер: Біреудің дәулетті тұрмысын, ғылыми жетістіктерін, қоғамға келтірген пайдалы ісін, өнерін, оқу үлгерімін т.с. жетісітігін көре алмай қызғанып... қас болады,

Сейтен ақынның «Күншіл» өлеңіндегі бірінші сипат:

Күншілдік көп қырсықтың сабасындай,

Күншіл сұм күн кешпейді аласұрмай.

Қадалар қылт еткенге микроскоппен,

Өйтпесе өлетіндей бағы ашылмай [Ой маржандары, 39]

түрінде сипатталса, күншілдіктің екінші сипаты:

Біреудің табысына күйінеді,

Сүрінсе арсыздықпен сүйінеді.

Болады жай түскендей, түн түнемей,

Сандықты құрметтесе дүйім елі [Ой маржандары, 39].

Ал, үшінші күншіл:

Зәр тілді кінә қойып алаңдауда,

Адалды жанталасып арамдауға.

Күліне күншіл шоғын көме салып,

Кірісер түсіруге аран ауға [Ой маржандары, 39].

деп суреттеледі.

Ал «Күншілдік тамыры» өлеңі:

Тамыры күншілдіктің ала ауыздық,

«Бір ұрты май, бір ұрты қан» – ауыздық.

Жүздік, рулық, жерлестік, құда-андалық,

Бірлік пен тірлікке жат кіл жауыздық.


жеркенішті мінездің алтыншысы БАХИЛ (сараңдық),



жаман мінез-құлықтың жетінші саласы ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ».

Бұларға қарсы ізетті мінездің Жетпіс сегіз түрін атап, олардың жеті түріне тоқталған: Біріншіден Кафірлікке қарсы – имандылық, екіншісі – санад Бидғатқа қарсы – әділет – Мағния, үшінші Рияға қарсы – Ихлас / Яғни тәңірге сүйікті болуды тілеу/, төртінші Күпирге қарсы – менмендікке қарсы – Тауазығ – кішіпейілділік, парасаттылық, бесінші Хұсыдтыққа қарсы – Насихат, алтыншы Бахилға қарсы – Сауахат яғни қамқорлық, жомарттық, мырзалық, жетінші Ысырапқа қарсы – Машруғ яғни ғұрыптық, діни тыйым.

Ғалым Сейтен Сауытбековтың зерттеу еңбегінде бастау алған «Теріс мінездерге қарсы ізгілік тағылымдары» яғни, бірінші – имандылық, екінші – әділет-Мағния, үшінші – Ихлас (тәңірге сүйікті болуды тілеу), төртінші – Тауазығ–кішіпейілділік, парасаттылық, бесінші – Насихат, алтыншы – Сауахат яғни қамқорлық, жомарттық, мырзалық, жетінші – Машруғ яғни ғұрыптық, діни тыйым түріндегі ізеттілік белгілері, адамгершілік өлшемдері ақынның поэзиялық туындыларында өзекті өрнек, өнегелі өлеңге айналған.

Ыбырай Алтынсарин атамыз өз өлеңдерінде өткен өмірін мал жинап қоңданғанда ұмытып кететін мақтаншақтар туралы:

Арық мал жан жолатпас бір жалданса,

Пенде ойлар кемімеймін деп бір малданса.

Қадамы әзіз ердің ұзамайды,

Жігітке бақыт шіркін сырт айналса –дейді. Сейтен Сауытбеков ағамыз «Мақтаншақ» өлеңінде мақтаншақтықтың жақсы қасиет емес екендігін былайша көрсетеді:

Өзен айтқан арналы ағатынын,

Бұлақтың енсіз тайыз болатынын.

Өзі ғана болғансып мақтаныпты,

Жасырып басын қайдан алатынын – деп өзінің шыққан тегін нәр алған тамырын ұмытқандары сынап айтады.


Ұлт зиялылары өз халқының бойындағы жағымсыз қылықтарды, мінездері аяусыз әшкерелеп отырған. Абай ақынның жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жуық болу идеясы, Сейтен ағамыздың өлеңдерімен үндеседі.


Сейтен Сауытбеков шығармашылығында адам бойындағы ашушаңдық, қызбалық, әменгерлік, даңқойлық, жадыгөйлік, тәкаппарлық, қуыс кеуделік, жағымпаздық, бөспелік, жағымпаздық, арамдық, азғындық, құмарпаздық жатып ішер жалқаулық, қырсық мінезділік,күншілдік, тәубесіздік, парақорлық, қызғаншақтық, змияндық, әумесерлік, қорқақтық, хамелеондық,арамтамақтық сияқты барынша жағымсыз қасиеттерді тізбелей отырып олардан аулақ болу қажеттігі жайында үнемі ескертіп отырады. Ыбырай Алтынсарин өз шығармашылығында мысалдар арқылы қазақ балаларына асыл қасиеттермен жаман қасиеттерді жеткізе білсе С.Сауытбеков шығармаларында осы қасиеттер туралы молынан айтылған.Жамандық пен жақсылық қатар жүретіндіктен, адам бойындағы жақы қылық қасиеттері саналмай кетеді. Сейтен Сауытбеков өлеңдерінде мынадай жағымды сипаттар кездеседі.Олар: жомарттық, ізгілік, бауырмалдық, арлылық, зертшілдік, төзімділік, зеректік, білімділік, өнегелік, мақсаткерлік, батылдық, рақымшылдық, батырлық, даналық, ақылдылық сияқты қасиеттер екендігін айтады.

Қорыта айтқанда, ұлы даналарымыз Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы бастаған ағартушылық сарын,Сейтен Сауытбеков туындыларынан әрдайым көрініс тауып отыраты анық. Бұл - дәстүр жалғастығы ұрпақтар сабақтастығы, ұлт болашағын жүзеге асыру жолынлдағы ізденіс деп білеміз.

Тірлікте, тауға өрмелеп талпынарсын,

Артында алтын қалмай,атын қалсын.

Көмілсе егер атын өзінмен бір,

Санда бар,санада жоқ пақыр жансын. –деп Сейтен ақын жырлағандай елі үшін еткен еңбек халық санасында әрқашан қала бермек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!