Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жамбы ату спортының физиологиялық әсері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан инновациялық-техналогиялық университеті
Білім және менеджмент институты
«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:Жамбы атудың шығу тарихы және ағзаға әсері
Орындаған:«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Қойшыбек.Д
Жетекші:PhD қауымдастырылған профессор Мендигалиева А.С
Орал,2023
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Жамбы атудың шығу тарихы
3.Жамбы ату-жауынгерлік өнер
4.Жамбы атудың ережесі
5.Жамбы атудың ағзаға әсері
6.Қорытынды
1.Кіріспе
Жамбы ату – мергендікті жетілдіреді.
Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу» яғни, құймалы алтын немесе күміс дегенді білдіреді. Сол сияқты, бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдарда жамбының рөлін атқара береді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы т.б. деп аталаған. Жамбының жасалған материалына байланысты: таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы деп де атаған.
Жамбы ату ойынын – көшпенділер жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған. Оның басты мақсаты біріншіден, әскери-жауынгерлік дайындықты жетілдіру, екіншіден, ел арасындағы мергендерді (садақшыларды) анықтап оларды көтермелеу, үшіншіден, сыналған мергендерден арнайы топ құрып, соғыста күштік құрлым ретінде пайдаланған. Дәстүрлі ұлттық ойында атқа салт мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған. Ойынға қатысушы лақтырылған жамбыларға жағын тінтуір арқылы дәлдеп, атып тигізуі тиіс. Ойынның басты мақсаты – ретімен күрделене түсетін 5 деңгейден сүрінбей өту. Әрбір деңгейде 1 минут беріледі, осы уақыт ішінде 10 жамбыға дәл тигізуі шарт. Шартты орындай алмаған ойыншы ұтылған болып саналады. Деңгейден деңгейге өту барысында ойын күрделене түсіп, жамбылар көлемі кішірейіп, қозғалыс қарқыны артады.[1]
2. Жамбы атудың шығу тарихы.
Жамбы ату спортының шығу тарихы кім-кімді де болмасын қызықтырары белгілі. Бұл спорттық ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Оның пайда болу мерзімін тарихшы-ғалымдар б.з.б. ІV-ІІІ ғасырлар үлесіне жатқызып жүр. Зерттеушілердің пікірінше, көшпенді Ғұн ұлысы алғаш рет садақшылар (мергендер) қосынын дүниеге келтірген. Қытай жазбаларында ғұндар көсемі (тәңірқұты) Мөденің үш мың мерген садақшылары болғаны жайлы дерек айтылады. Ал, моңғолдың «Құпия шежіресінде» 1225 жылы Шыңғыс қаған Хорезмді толық бағындарған соң «Бұғылы-шашақ» дейтін жерде ұлан-асар той жасап, ат жетер жердегі мергендерді шақырып, сайыс өткізгені туралы айтылады. Осы сайыста Есей мерген 335 құлаш (502 метр) жердегі нысана-жамбыға оғын дәл тигізген.
1-сурет. Жамбы ату
Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер нысана алтын бұйымнан жасалған болса «Алтын қабақ» деп атаған. «Жамбы» немесе «Айқабақты» ұзын сырықтың басына, мөлшерлі жерге іліп қояды. Оны аттың үстінде шауып келе жатып садақпен дәл атып түсіру керек. Бұл садақшылардың ең жоғары деңгейдегі жарысы. Өте үлкен мерекелерде ғана ойналады. Атып түсірген мерген қымбат бұйымды өзі алады. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы кезде жауынгерлер мал табу үшін мерген болуы шарт. Ойын алғашқы кезеңнен-ақ жалықтырмас үшін әрбір тигізілген нысанаға ұпай беріліп отырады. Бұл келесі ретте ойыншының ойын нәтижесін ары қарай арттыруына мүмкіндік береді. Ұпай мөлшері ойыншының қандай жамбыға және қандай биіктікте тигізгендігіне байланысты: алтын жамбы үшін жоғары ұпай, күміс жамбыға орташа, қола жамбыға ең төменгі ұпай саны беріледі. Әрбір деңгейдің соңынан жинаған ұпай саны көрсетіледі.[2]
3. Жамбы ату – жауынгерлік өнер.
Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін сөз бар. Бұл атқан оғы жерге түспейтін садақшыларға қарата айтылған ұғым. Ертеде мергендік өнер ұлыс бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан да, көшпенді халқымыз ер баланы жастайынан садақ атуға үйретіп, елін қорғауға тәрбиелеген. Соңғы жылдары елімізде садақ ату өнерін ұлттық спорт түрі ретінде дамытуда. Ұлтшыл азамат Қайрат Сатыбалды мырзаның жетекшілігімен республикалық Жамбы ату федерациясы құрылып, тұңғыш рет 2014 жылдың мамыр айында Жамбыл облысы, Меркі ауданында садақшылардың 10 күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оған облыстардан 32 садақшы-спортшы шақырылды. Осы жылдың күзінде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында алғаш рет жамбы атудан жарыс өтті. Келесі 2015 жылдың маусым айында Орал қаласында ұлттық спорт түрлерінен өткен жастар чемпионаты мен қазан айында Қызылорда да ұйымдастырылған республикалық 4-ші фестиваль аясында жамбы атудан ресми жарыстар жалауын көтерді.
2-сурет.Ат үстіндегі жамбы ату
Жамбы ату спортының тарихы тым тереңде жатыр. Оның пайда болу мерзімін тарихшы-ғалымдар б.з.б. ІV-ІІІ ғасырлар үлесіне жатқызып жүр. Зерттеушілердің пікірінше, көшпенді Ғұн ұлысы алғаш рет садақшылар (мергендер) қосынын дүниеге келтірген. Қытай жазбаларында ғұндар көсемі (тәңірқұты) Мөденің үш мың мерген садақшылары болғаны жайлы дерек айтылады.Ал, моңғолдың «Құпия шежіресінде»: 1225 жылы Шыңғыс қаған Хорезмді толық бағындарған соң «Бұғылы-шашақ» дейтін жерде ұлан-асар той жасап, ат жетер жердегі мергендерді шақырып, сайыс өткізгені туралы айтылады. Осы сайыста Есей мерген 335 құлаш (502 метр) жердегі нысана-жамбыға оғын дәл тигізген. Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу» яғни, құймалы алтын немесе күміс дегенді білдіреді. Сол сияқты, бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдарда жамбының рөлін атқара береді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы т.б. деп аталаған. Жамбының жасалған материалына байланысты: таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы деп де атаған.Жамбы ату ойынын – көшпенділер жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған. Басты мақсатты: біріншіден, әскери-жауынгерлік дайындықты жетілдіру, екіншіден, ел арасындағы мергендерді (садақшыларды) анықтап оларды көтермелеу, үшіншіден, сыналған мергендерден арнайы топ құрып, соғыста күштік құрлым ретінде пайдаланған.
Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер нысана алтын бұйымнан жасалған болса «Алтын қабақ» деп атаған. «Жамбы» немесе «Айқабақты» ұзын сырықтың басына, мөлшерлі жерге іліп қояды. Оны аттың үстінде шауып келе жатып садақпен дәл атып түсіру керек. Бұл садақшылардың ең жоғары деңгейдегі жарысы. Өте үлкен мерекелерде ғана ойналады. Атып түсірген мерген қымбат бұйымды өзі алады. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы кезде жауынгерлер мал табу үшін мерген болуы шарт. Жамбыны ату үшін ең әуелі садақ керек. Садақ – сонау ежелгі дәуірдегі сақтар мен ғұндардан, берісі Кенесары заманына дейін көшпелілердің иығынан түспеген, дәстүр-салтымен біте қайнасқан қымбат мұра. Ата-бабамыз адырнасын аңыратып жауға шапқан, аң атқан, тойға барып жамбы да атқан. Ал, жамбы ату үшін садақ керек. Садақ «қарағай садақ», «үйеңкі садақ», «қайың садақ», «сарыжа», «сарсадақ», «бұлғары садақ», «адырна», «көн садақ», т.б. түрлерге бөлінген. Қайыңның сарғайған қабығымен қапталған садақты түсіне байланысты «сарыжа» немесе «сарсадақ» деп те атаған.Қарапайым садақ екі бөліктен тұрады. Біріншісі, яғни ағаш немесе сүйектен жасалатын ату үрдісін іске асыратын бөлік – адырна деп аталады. Ал, шірей тартып, садақ оғын ұшыратын жіпті немесе бауды кіріс дейді.
Белі – берік болу үшін сүйекпен көмкеріп, тарамыспен оралған, иінмен түйіскен жері шылғи терімен қапталып, кептірілетін болған.Адырнаның иілмелі серіппелі бөлігін – екі иіні (жоғары және төменгі) деп атайды. Кіріс, яғни жіп байланатын адырнаның екі ұшын басы (жоғары және төменгі) дейді. Иіндерінің үстінен тарамыс тартылып, ішкі беті мүйізбен қапталып, қоңыр аңның немесе малдың майымен майланып отырған. Халқымыздың дәстүрлі қару-жарағын зерттеп жүрген этнограф Қалиолла Саматұлының еңбегінде «адырнаның бастары бөлек-бөлек жасалып, иініне бұрыш жасай бекітіледі», дейді.Ал, адырнаның екі басын қосып байланған жіпті «кіріс» дейді. Ол берік жіптен немесе жібектен, тарамыстан өріледі. Міндеті – оқты нысанаға қарай ұшыру. Кіріс жіп садақтың бір басына мықтап бекітіліп, екінші басы адырнаны босатып тұру үшін алмалы тұзақ түрінде алынып, салынады. Кірісті қатты серпігенде адырнаның басы жарылып немесе сетінеп кетпес үшін сүйектен қорғаныш орнатылады. Оны тобыршық деп атайды. Ал, садақтың оғын жебе дейді. Оның: «сұр жебе», «қу жебе», «тобылғы жебе», «қозыжауырын», «сауытбұзар», «көбебұзар», т.б. қырықтан астам түрлері бар. Елшіл азамат Ерлан Қарин жебе түрлерінің 140 атауын тауып, оларды құрылымдық жасалуы мен міндетіне қатысты бес түрге бөліпті.Жебенің құрамы: езек желі, қанат жалауша, өткір ұшы, жетесі, қырлары және қалпақшадан тұрады. Қалпақшада бағыттаушы саңылау адырнаға қондыру үшін тереңдігі 5-6 мм, ені 2,5-3,0 мм ойық болады. Жебенің қанаты (жалаушасы) құстың қауырсынан жасалып, оқ атылғанда тұрақтандыратын қызмет атқарады. Жебенің оққа бекітілген тұсын жетесі дейді. Жете берік болмаса, жебе сабынан босап, жол ортаға түсіп қалады. Сондықтан жебені жетесіне жеткізіп сіңіретін болған. Қазақтың «жетесіне жеткізіп айтылды» деген сөз тіркесі осы.Этнограф-зерттеуші Қалиолла Ахметжан мырза жебе бекітілген ұзын ағашты сабы десе, кіріске бекітіліп, созыла серпілетін тетікті кез-табан деп атапты. Ал, оқтың түзу ұшуына бағыт беретін қауырсынды оқтың қанаты дейді. Оқтың сабы қайың, тобылғы, қатты талдан жасалады. Оқ өте түзу болмаса нысанға жетпейді. Қазақта, «оқтай түзу» деген тіркес содан қалған. Оқты шын шеберлер ғана жасай алған. Аталарымыздың «әке көрген оқ жонар» дегені де осы. Жонылған оқты суы қанғанша кептіріп, дымданбас үшін майға бөктіріп пісіретін болған.Көшпенділер оқты арнайы ыдыс-қапқа салып алып жүрген. Оны қылшан немесе қорамса деп атаған. Эпикалық дастандарда, «қорамсаға қол салды, қол салғанда мол салды» деген жыр жолдары осыдан қалған.[3]
4.Жамбы атудың ережесі.
Қазақ стилі – жамбы атудың нақ өзі. Бағанға жамбы ілінеді. Әрқайсының қашықтығы әртүрлі. Бірінші тұрған қола жамбы 6 метр қашықтықта, күміс жамбы 8 метр қашықтықта, алтын жамбы 10 метр қашықтықта орналасады. Жіпті атып түсірсе де, дөңгелек нысанаға тигізсе де болады. Жебе қола жамбыға қадалса – 5 ұпай, күміс жамбыға – 10 ұпай, ал алтын жамбыға тисе 15 ұпай беріледі.
Спортшыларға 16 секунд уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде мәреден мәреге дейін шауып өту керек, әрі нысаналарды көздеуі керек. Спортшылардың бірі уақыт ұтамын деп тез шапқанымен, нысананы көздей алмай, ұпайсыз қалады. Енді бірі асықпай көздеймін деп уақыттан ұтылып жатады. 16 секундқа жеткізбей аяқтаса спортшыға тиген жебесінен бөлек, үнемделген әр секунд үшін 1 ұпай жазылады. 16 секундтан асып кетсе әр секунд үшін 1 ұпайдан кемітіледі.
Ал аңшылық тректе спортшылар алаңдағы жансыз аю, түлкі, қоян секілді жануарларды атып түсіруі керек. Жануарлардың денесіне қарай ұпай жазылады, яғни ірі аңға аз ұпай берілсе, шағын денелі жануарларға берілетін ұпай саны жоғары болады. ҚР ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбөреев мұндай жарыстар келер жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына үздік спортшыларды іріктеу мақсатында да өткізілетінін атап өтті. Осыған дейінгі додаларда ұл-қыз деп бөлмей қатар сынға түссе, осы турнирде ерлер бөлек, қыздар бөлек сынға түсіп жатыр. Сондай-ақ, жарыс әділ болу үшін төрешілерден бөлек арнайы камералар нысаналарды бақылап, нақты ұпайды көрсетеді. Спортшыларға берілетін уақытты бұрынғыдай қолмен есептемей, арнайы құрылғы автоматты түрде бірден есептейді. [4]
3-сурет. Нысананы көздеген спортшы
5. Жамбы атудың ағзаға әсері
Бұл ұлттық спорт түрі ептілікке,мықтылыққа,физикалық тұрғыда жүректі болуға үйретеді. Ат үстінде отырған спортшының белі қатайып,қан айналымы дұрыс жүреді.«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану».Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.Теңге ілу спорты яғни ат үстінде жүргендіктен қан айналым жүйесіне пайдасы орасан зор.Атқа мінген кезде 110 тербеліс туады, яғни барлық буын қозғалып қан жүреді,массаж деуге де болады. Жылқы температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары. Атқа отырған кездегі жылу қызу қан айналымның жылдамдығын арттырып,бойдағы тараған қан саусақтың ұшына дейін айналып шығады. Иппотерапия әсіресе жұлынға зақым келгенде,миға қан құйылғанда,жабық бас сүйек ми жарақатын алғанда,мінез құлық өзгеріске ұшырағанда ,көңіл күй төмендегенде,ұмытшақтық пайда болғанда,тірек қимыл аппараты қызметі бұзылғанда,бір сөзбен айтқанда адамның жүйке жүйесіне қатысты ауруларды емдеуге қолданады.[5]
6.Қорытынды
Жамбы ату - қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Ойын қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Терешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек. Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, "қазақ биатлоны" өмірге келер еді?...[6]
V.Пайдаланылған әдебиеттер:
1.2005-2023 Меншік иесі: (Қазақ газеттері) ЖШС.Қазақстан
2.Қазақстан спортшылар елі.
3.Қазақ энциклопедиясы.
4. (Modern media Almaty) ЖШС
5.https://bugin.kz/5507-atqa-minudinh-paydasy
6.https://kk.wikipedia.org