Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жанды табиғат. Құстар - біздің досымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарының мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құстар- біздің досымыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды

Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша диалогқа қатысады.

Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғайды.

Лексикалық минимум

Көгершін, құстар, қорғайды

Грамматикалық минимум

Тәуелдік жалғау

Құстар- біздің досымыз.

Жіктік жалғау

Құстарды қорғаймын.

Құндылықтарды дарыту


Қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12 сайтында тапсырманы орындайды

Бастапқы білім


Жәндік жанды табиғатқа жатады ма?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


«Пойыз» ойыны (бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады, келесі тұрған оқушы алдыңғы сөздің соңғы әрпіне сөз айту керек, айта алмаған оқушы ойыннан шығады).

Ара-ат-түйе-есек-күшік-кесіртке-ешкі

Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісі. Оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеру. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.

Сабақ мақсатымен таныстыру

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.

Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.


Сабақтың ортасы


(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту


Құстар


Көгершін

Қорғау-көмектесу, жамандықтан қорғау, суықтан қорғау

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.

Жыл құстары, құстарды қорғау. Құстарды қорғау керек.

Ақ көгершін. Мен көгершіннің суретін салдым.


(Ө, Ұ) Тыңдалым

Тыңдалымалды тапсырма

Тыңдалымда кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жүргізу.

«Қамқорлық» сөзіне түсінік беру.

«Қамқорлық» - қорғау, күту, су, тамақ беру, ұя жасау.

Құстарға қамқорлық, әжеге қамқорлық, балаға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық жасау

Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын болжату

  • Қандай құстарды білесіңдер?

  • Құстардың қандай пайдасы бар?

  • Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.

Тыңдалым мәтіні

Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.

Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені?

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.

  • Сұрақтарды сөйлемде дұрыс қолданады.

  • Суреттердің ретін анықтайды.

Сөйлемдер:

  1. Тоғайда ... бар?

  2. Құстар ... табиғатқа жатады?

  3. Құстар ... қорғайды?

  4. Құстарды ... қорғайды?

  5. 1 сәуір ... күн?

Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады. Суреттердің ретін анықтайды.

_______құстарды қорғаймыз.


Құстар __________ қорғайды.

1 сәуір – құстар _________ .

Тоғайда ___________ бар.


Бірнеше оқушы өздерін дескриптор бойынша бағалайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиын болды ма?


(Ж) Оқылым. Мәтінді оқып,әр сөйлемге сұрақ қояды. Деңгейлеріне қарай ашық, жабық сұрақтар құрастырады.

Үлгі (деңгейі жоғары сұрақтар):

  • Тоқылдақты неліктен «орман дәрігері» деп атайды?

  • Көгершіндердің қандай пайдасы болған?

  • Құстар адамның тілін түсінеді деп ойлайсың ба?

Оқылым мәтіні

Құстардың пайдасы көп. Тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Құстар да жанды табиғатқа жатады.

Тапсырманы орындап болған соң, сұрақтың деңейін 1- 3 балл аралығында бағалайды. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жабайы құстар туралы, пайдалы құстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.


(Ж, Ө) Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушыларға үш жақта жазылған есімдіктер мен тәуелдік жалғаулы сөздерді таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазады.

Құстар - менің дос... .

Құстар - сенің дос... .

Құстар - оның дос... .

Құстар- біздің дос....

Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.


(Ж) Айтылым. Диалог құрайды. Төмендегі сұрақтарды қолдану:

  • Сен қандай құстарды білесің?

  • Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

  • Саған қандай құс ұнайды?

  • Құстар неге жанды табиғатқа жатады?

Жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Үлгі:

Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты.


Сөйлемдегі сөздердің ретін сақта.

Сабақты бекіту

АҚТ қолдану (http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12)

  • Құстардың атауларын тыңдап, суретпен сәйкестендіреді.

  • Шатасқан әріптерден құстардың атауларын жазады.


Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

4-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрайды.

Үлгі: Бұл- көгершін. Ол хат тасиды.

Рефлексия

Мен бүгін ... .... үйрендім.

  • жаңа сөздер;

  • сұрақтар құрастыруды;





  • сұрақтарға жауап беруді;

  • тақырып бойынша диалог құруды









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2020
891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12