Материалдар / Жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі
Авторы:
27 Желтоқсан 2023
234
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі»


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін бекіту және толықтыру. Білім деңгейлерін, іскерлік дағдыларын тексеру.

Educational: to enrich pupils’ knowledge about Kazakhstan, talking about cities of Kazakhstan in this lesson.
Позновательная: Закрепление и дополнение по изученным материалам о Республике Казахстан. Проверка уровня знания и деловых навыков.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Үш тілде бірдей еркін сөйлеуге бейімдеу.
Developing: to develop pupils’ skills in oral speech and reading, to train pupils’ abilities in grammar, to improve pupils’ skills in independent work with answers.
Развивающие: развитие логического мышления у учеников, развить умение правильно отвечать на вопросы, свободно владеть тремя языками;
3. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Bringing - up: to bring up pupils to be patriots of their motherland, to love their country and to make great efforts in the development of the country.
Воспитательные: пробуждение патриотического духа и любви к Родине. Воспитание достойных граждан своей страны.

Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру.
Forms of work: individual, group, collective, work in pairs.
Формы: беседа, сообщение, работа с группой.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, география, тарих.
Subjects’ connections: Kazakh, Russian, English, literature, geography, history.
Взаимосвязь: казахский, русский, английский, литература, география, история.
Қолданылған технологиялар: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбына сай презентация.
Materials of the lesson: presentation.

Сабақтың эпиграфы:
«Қазақстан: Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты».


«Астанам - шапағаттың шуағындай,

Алматым - махаббаттың тұрағындай,

Шымкентім - қазағымның құрағындай».

Сабақтың құрылымы:
I - кезең: Кіріспе. ҚР Мемлекеттік Әнұраны.
II – кезең: Қала туралы мәлімет беру.
III – кезең: Видеороликтер көрсету.
IV – кезең: Үш тілде қалалар жайлы тақпақтар.
V – кезең: Қалалар жайлы әсем әуенге салып айту.
VI – кезең: Постер жасау. «Қаламыздың көркеюі үшін не істер едік?»
VII – кезең: Ән. «Әрқашан күн сөнбесін» үш тілде.
VIII – кезең: Кері байланыс. «Бес саусақ».
IX – кезең: Өтілген сабақ жайлы пікір қалдыру.


Сабақтың барысы:

I. Кіріспе.


Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық даярлық.

- Саламатсыздар ма қонақтаржәне балалар! Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға жан – жақтан қонақтар келіп отыр.

Good morning, dear guests, boys and girls. Today we have an unusual lesson. We have got a lot of guests. They are teachers from our city. We are very glad to greet you at our school. We will talk about our capital Astana and cities Almaty and Shymkent.

Уважаемые гости и ученики, сегодня у нас необычный урок. У нас на уроке присутствуют гости, по этому мы должны показать все свои знания и активно участвовать в выполнении различных заданий.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Наш президент Нурсултан Абишевич Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на трех языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков это наше богатство.

Also our president N.Nazarbaev demands us knowing several languages. And now young generation is learning English as it is in international level. Our children of 5th grade prepared for you a performance. Please, enjoy it.

II – кезең: Қала туралы мәлімет беру.

Ақтарып тарихтың сан қойнауларын,

Аралап батыр өткен жол бойларын.

Біліп жүргін танытып ізденісті,

Тарихта баға жетпес қойнау барын.

Тарих - білу халқыңды танып білу,

Тарих - білу кеуде керіп анық жүру.

Тарих - білу нағыз қазақ болғандығың,

Тарих білу - біле білсең оңғандығың.

Назерке: Мен - Астанамын! Қазақстан Республикасының елордасымын. Мен Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысындаЕсіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқанмын. Мен үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарынан тұрамын.

Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.Астана қаласының аумағы жақын маңындағы аудандардың жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды. 
Бүгінде Астана -71014 га аумақты алып жатқан ірі мегополис. Климатының өзіндік ерекшелігі тым континентік болып келеді. Қысымыз суық, аязды. Жазымыз ыстық, қуаң. Жел жиі соғады. Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш , Шенет, Ағанас, т.б. Мен халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орындамын. Астана 
1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

Астана өте серпінді дамуда.  Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар. Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, мұражай, 1 клубмекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда.

Қалада білім беру кеңістігі құрылды. Білімге ынталы дарынды балалар үшін мектептер ашылды. Қаланың назар аударарлық орындары: Сулы-Жасыл гүлзар — Астана орталығындағы жаңа көше. Ақ-Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бәйтерек — Астананың басты символы. Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат. Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы. Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан. ең үлкен ойын-сауық орталығы. Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан Батордан жылы, Канадаастанасы Оттавадан суық. Әлемдегі астана аталатын астаналар тек қана Қазақстан астанасы — Астана қаласы және Оңтүстік Корея астанасы — Сеул қаласы.

Қарлығаш: Мен - Алматымын! Қазақстанның ең үлкен қаласымын. Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқанмын. Алматыда 1 700 000-нан астам адам тұрады. Қаланың аумағы — 682 шаршы километр. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы — желсіз тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады. Олар: Алмалы ауданы; Алатау ауданы; Әуезов ауданы; Бостандық ауданы; Жетiсу ауданы; Медеу ауданы; Наурызбай ауданы; Түрксiб ауданы. Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауд

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!