Жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді пайдалану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстздарға арналған баяндама. Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізу барысында әр түрлі стратегиялар мен әдістер қолданылады. Қазақ тілі пәні бойынша тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын әдістерді жүзеге асыру техникалық жабдықтарды талап етеді.Мысалы қазақ тілі сабағында мәтін бойынша жұмыс оны тыңдату,функционалды сауаттылыққа байланысты тыңдалым материалы бойынша тест тапсырмасын орындау немесе сұрақтарға жауап беру,берілген мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіру сияқты тапсырмалар орындалып жатады. Қазақ әдебиеті сабағында бейнебаян көрсету,сурет желісі бойынша мазмұндау,экранда берілген тапсырмалар мен кестелер бойынша жұмыс жасаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді пайдалану.


Мустафина Айза Тлеубергеновна
«Нұра ЖББОМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру.Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген.

Қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген өз көз қарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.

Қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізу барысында әр түрлі стратегиялар мен әдістер қолданылады. Қазақ тілі пәні бойынша тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын  қалыптастыруда  қолданылатын әдістерді жүзеге асыру техникалық жабдықтарды талап етеді.Мысалы қазақ тілі сабағында мәтін бойынша жұмыс оны тыңдату,функционалды сауаттылыққа байланысты тыңдалым материалы бойынша тест тапсырмасын орындау немесе сұрақтарға жауап беру,берілген мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіру сияқты тапсырмалар орындалып жатады. Қазақ әдебиеті сабағында бейнебаян көрсету,сурет желісі бойынша мазмұндау,экранда берілген тапсырмалар мен кестелер бойынша жұмыс жасаймыз.Шығарма кейіпкерлерінің аудиотаспада жазылған дауыстарын естіртіп талдау,пікір алмасу оған қоса ақындардың оқыған өлеңдерін тыңдату арқылы пәнге деген қызығушылығының артуына ықпал етеді.Бейнебаян көру барысында туған жердің әсемдігі мен тарихи өлкелерде әлі де сақталып келе жатқан жәдігерлерді көру арқылы өткен тарих беттеріне қысқаша шолу жүргізеді. Тіпті,үнтаспа тыңдату немесе фильмдерден үзінді,қойылымдарды көрсету арқылы орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, эвристикалық немесе «Сократ», «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалана отырып оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіліп, тілді үйренуге ынтасын артатынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.

Оқыту процесінде шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Осы талапты жақсы түсінген ұстаз ғана өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың компьютерге деген қызығушылығын, пәнді үйренуге деген ынта жігерін, құштарлығын арттырады. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.









Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар  2017 ж. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700002017

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus

3. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі