400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жaңa форматта оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті – басқаларды үйрету...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ешенкулова Лазет Шынтаевна,

директор

Т.Аубакиров орта мектебі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түлкібас ауданы

Еңбек ауылы

aubakirov15@mail.ru


Жaңa форматта оқыту


Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді

әрекеті – басқаларды үйрету...

Болашақ жастарымыздың білім деңгейін халықаралық стандартқа сай дайындау үшін білімі,ғылымы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің осы саладан атқарып жатқан істерімен танысып, пайдалы, тиімді технологияларын меңгерген жөн.Оқытудың іс-тәжірибесінде жаңа әдіс-тәсілді енгізу, педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылады.»Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курстарының негізгі мақсаттары осыны көздейді.Бұл өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс.Қазіргі таңда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне келіп тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді.

Ұстаз.... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі,мейлінше шешен,өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,ер жүрек болуы керек. Мұғалімнің , мектептің негізгі міндеті –жеке тұлғаны дамытып,оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру,оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға –Ұстаз.Мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай оларға жаңа технологияны меңгере отырып,оқушылардың білімін тереңдету. Бүгінгі таңдағы оқыту үдерісі жаңа әдіс – тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Жаңаша оқыту оқушыдан көп нәрсені білуін қажетсінсе, ал мұғалім касіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын, ізденгіштікке баулып, танымдық қабілетін дамыта білуі керек. Ұстаз әрекеттері «шәкірттер үшін» ұстанымынан «шәкірттермен бірге» форматына ауыстырылуы қажет.Ұстаздың негізгі рөлдері: «жетекші, ұйымдастырушы, менеджер, қолпаштаушы».Бүгінде бізге жоқ нәрсені армандай алатын тұлғалар қажет,мүмкін олар қазіргі күні жоқ нәрселермен шұғылданатын шығар.Сол себепті де білімнің даму қағидалары бүгінде біліктіліктен құзырлылыққа көшуді талап етуде.Құзырлылық дегеніміз оқушының өзін-өзі ұйымдастыруы,басқаруы,бағалауы,қадағалауы,түзетуі: масылдық пен бәсеңдіктен арылуы,белсенді болуы және өз өміріне деген жауапкершілікті толық өз мойнына артуы

Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті-басқаларды үйрету. Бүгінде шәкірттерді іргелі білімге үйретпей,оны игеретін әдістемеге үйрету керек. Ендеше ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу.

Қорыта келгенде құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі,түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Сабақтарды осындай әдіс-тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып үйрене алатынына,өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін,қызығушылықтары оянып,белсенділіктері артатындығын,олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі