Материалдар / Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу, неке бұзу мәселелерінің алдын алу. Отбасы құндылығын насихаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2022
390
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері»

Қазіргі таңда отбасы және бала тәрбиесі – ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, отбасы – қоғамның негізгі әлеуметтік институты, адам өмірінің ошағы. Бүгінгі күннің өмір салты мен талаптарына сәйкес отбасы институты өзінің дәстүрлі формасынан жаңа модельге біртіндеп өзгеріп келе жатыр. «Бұл заманның ағымына сай қалыпты үрдіс және оған алаңдаудың қажеті жоқ» деп айтушылар да аз емес. Дегенмен, Қазақстан үшін отбасы құндылығы, тәрбие, ана мен бала денсаулығы, әлеуметтік жағдайы мен қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі шешілуі тиіс өзекті проблемалар.

Заман  дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы өзгереді. Бұл-бұлтартпас шындық, факті. Себебі заманға сай адам психологиясы өзгереді, бір қалыпта тұрмайды. Ал біздің менталитетімізге отбасы құндылықтарын бірінші орынға қою, отбасы ұйытқысын сақтау сынды нәрселер сіңіп, ата-баба дәстүрі мен салты бойынша «ажырасу» ұғымы – табу-ға айналған. Осыдан біраз жыл бұрын ажырасуға бару – үлкен күнә, қылмыс, яки болмаса ерсі қылық ретінде қабылданды. Гендерлік құқық заңнамасы қабылданған соң, әйелдер құқығы қоғамда айқын көрініс таба бастағаннан кейін ажырасу фактісі де көптеп тіркеле бастаған.

Пандемия салдарынан көптеген отбасылар шектеулерге тап болып, жұмыстары мен жалақысы азайып, қашықтан қызмет етіп, балалары үйден оқыған уақытта оның жаңа қиыншылықтары мен мүмкіндіктері бар екенін түсіндік. Сондықтан, қазіргі қоғамдағы отбасының жағдайын жаңа қырынан зерделеу, оның функциясы, өмір салтының өзгеруін зерттеу, моральдық-психологиялық көмек көрсету, жалпы ерлі-зайыптылардың, отбасы институтының нығаюы бойынша нақты шаралар жүргізу қажет. Отбасылардағы дағдарыс экономикалық жағынан – жұмысынан шығып қалу, жалақы немесе жәрдемақы ала алмау себебінен болса, әлеуметтік жағынан – маскүнемдік, ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де заңсыз әрекеттері болып саналады. Әдетте, бұл рухани-моральдық құндылықтардың төмендеуі, балалар алдындағы жауапкершіліктің болмауымен де байланысты. Отбасындаңы ұрыс-керістің себебінен баланың көңіл-күйі өзгергіш, өзіне сенімсіз, депрессивті, жалпы әлеуметтік және мәдени ортаға сәйкес келмейтін мінез-құлық стереотиптерін қалыптастырады. Ұлттың ұйытқысы болған отбасының кескін-келбеті мен өмір салты өзгеріп келе жатқаны жасырын емес. «Отбасы өмірінің құндылығы мен сипаты өзгеріп жатыр» дегенде біз нені айтамыз? Неке мен отбасы өзі әлеуметтік институт ретінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы түп тамыры орнығып-қалыптасқан институттың бір сәтте өзгеріп шыға келуі де біз ойлағандай жеңіл процесс емес.

Ажырасудың салдары отбасының дәстүрлі құндылықтары сақталмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып олардың артында «махаббатты, жылулықты сезінбеген», толыққанды отбасы деген ұғымның не екенін түсінбейтін балалар қалады. Ал бұл балалар үлкен өмірге қадам басқанда  өз өмірлеріне де осы науқанды әдетке айналдыратыны дәлелденген. Мұндай отбасылардан (отбасы деуге келсе) өскен балалар толыққанды жеке тұлға болып қалыптасу кезінде түрлі қиындықтарға бой алдырып, шын мәнінде есеймеген бала күйінде қалады. Ажырасудың бала үшін тигізетін зардабы – бірінші мәселе болса, екінші жағынан  ажырасу процесін орындаушыларға бұл үлкен трагедия. Себебі шын мәнінде жан-дүние мен адамның психологиясына күйзеліс әкелетін ажырасу нағыз –  қайғы. Бұдан кейін адамның әсіресе әйелдер қауымының қайтадан өмір айналымына қайта ену ауыр әрі ұзақ процесс.

Ажырасқан ер адамдардың әйелдерге қарағанда қайта некеге тұру мүмкіндігі өте жоғары. Алайда ажырасқан ерлердің 50% сол күйінше үйленбей, жалғыз қалып қалады екен. Ал әйелдерге ажырасқан соң қайта некеге тұру үшін өте ұзақ уақыт, шашамен 10- 15 жылдай керек екен.

Ажырасуды мүлдем болдыртпау, оған заңды тұрғыда тоқтау қою мүлдем дұрыс емес әрі мүмкін де емес. Алайда оған міндетті түрде тоқтау қажет. Және оған тоқтау бар. Себебі, шын мәнінде ажырасу- бұл өз әдеттерімізден айырылудан, серігіміз үшін өзгеруден бас тарту. Әдеттен арылуға болады. Ол үшін тек мықты күш-жігер  керек. Көктау орта мектебінде орта және жоғарғы буын қыз балаларымен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Қызға қырық үйден тыю" тақырыбында мектеп медбикесі Зайнулина Г. А қыздар тәрбиесіне басты назар аударылып, жеке бас гигиенасы туралы толық айтылды.

Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықты, зорлық зомбылықты болдырмау мақсатында мектеп психологі Бижанова Г. И түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқушылар толғандырған сұрақтарын қойып пікір алысты.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылар арасындағы қылмыстық фактілердің алдын алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Култаева Э. Р жиын өткізді. Жиналысқа барлық 5-11 класс оқушылары қамтылды. Білім алушыларға кешкі …


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!