-Зал мерекеге сай
безендірілген. Ортада әдемі шырша.
Фанфар
Жүргізуші:
Армысыздар ардақты ұстаздар
мен тәрбиеленушілер! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі
күймен әсем ән сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үмітіміз
бар.
Барлық жандар бір білікке қосқан
үн
Бақытты боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа
жыл
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым
Келе жатқан жаңа 2021 сиыр жылы мерекесімен
барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт,
қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді
бастайыз.
Жүргізуші:
Жаңа жыл ерекше мереке. Жаңа жыл десе қыс
ызғары, аппақ қар, шырша мен неше түрлі сыйлықтар есімізге түседі.
Ал осы мерекенің басты рөлін сомдаушы Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа
жыл мерекесін елестету әсте мүмкін емес. Ендеше, орнымыздан
тұрайық, бетімізді бұрайық, шапалақты аямай ұрайық та Аяз ата мен
Ақшақарды дауыстап
шақырайық!
(Аяз ата Ақшақар! Сахнаға
келеді)
Жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақшақар сіңілім. Қош
келдіңіздер! Аяз ата, жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел
көгерер. Одан да тілек жаудырып, бата беріңіз, мына ұстаздар
қауымына!!!
Аяз ата: Жарайды, қарақтарым, ал қолдарыңды
жайыңдар!
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар,
Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен
тышқан жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз сиыр жылына
табыс жыл, береке, бірлік әкелсін
деймін.
Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай
әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып
кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы
айқайлайды, шырша шамдары
жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз
жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып,
шыршаны айналып өтейік.
Би
«Хоровод»
Жүргізуші:Аяз ата ортамызға орталық
тәрбиеленушілерінің дайындаған өлең шумақтарын
тыңдайық
Жүргізуші Білінбейді жас жүрекке түнгі
ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл
қыздар.
Әнші қыздар ән салғанда беу
шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті
әсем әнге береміз. Тыңдай
отырыңыздар! тәрбиеленушіміз Аяжанның орындауында «Қош келдің, Жаңа жылым,
қазағыма! әнін қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші Құрметті халайық сонау
солтүстіктен ат терлетіп келген Аяз атамыз бен ақшақарға
дайындаған орталық ұжымның ән мен
билеріне кезек берейік.Әр қызмет саласы бойынша өнерлерін
тамашалайық
Номері бірінші мұғалімдер
атынан Айтбаева Зина апайымыздың
« Зима» әнін қабыл
алыңыздар
Жүргізуші:Тәрбиеленуші Нұрайдың
орындауында «Қуыршақ
барби» биін
тамашалаңыздар.
Номері екінші әкімшілік
қызметкерлерінің атынан Нуритдинов М, Смадиярова Г, Зеренбаева
Айгерим орындауында «Жаңа жыл
» әні
ортада.
Жүргізуші: Ал енді кезекті келесі
ойынға береміз.
Мына сандықта әртүрлі сөздер
бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би
билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам
жеңімпаз атанады. Бастайық!
Ән
1.
Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4.
Қар
Би:
1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4.
Ча-Ча-Ча
Жүргізуші:Қуаныш пен шатыққа
кенелейік,
Жадырап ән шырқап
тербелейік.
Төрлет, төрлет халқымның
құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене би
билейік – дей келе, ендігі
кезекті Аяжан мен Нұрайдың
биін Қарсы
алыңыздар!
Жүргізуші: Осы жыл барлық
отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті
болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік
болайық!
Жаңа жыл құтты болсын! Келесі
кездескенше сау-саламатта
болыңыздар!