Анеля.Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа
бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа
уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз,
қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің
сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай,
тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған
қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша
қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан
елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң
шапағын!
Алтынай.Жылдың әнін
бастайын,
Аяз- Ата кеп
қалды.
Майысады жас
қайың,
Көтере алмай
көп қарды.
Бақша іші
мереке,
Ойын күлкі
асқақ ән.
Жақсы әпкелер
жаңа кеп,
Мерекені
бастаған.
Айбол.Жаңа жылды
қарсы алдың,
Мініп алып
күймеге.
Мен де бүгін ән
салдым,
Араластым биге
де.
Оралдың
өлкеме,
Жаңа жыл
армысың.
Оранды ақ
көрпеге,
Асқар тау,
қарлы шың.
Мейрлан.Ақ қырауға
малынған
Сақалы да мұрты
да.
Аяз ата
сағынған,
Сәлем бepді
жұртына.
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты
баршаны.
Той-маскарад
басталды,
Аяз оны
басқарды.
Еламан.Аппақ тонға
оранып,
Базарлықты мол
алып.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата
оралып.
Қалып едік
сағынып,
Kүтіп алдъқ
жабылып.
Жолын қойдық
жарық қып,
Шыршаларға шам
іліп
Жанас.Аяз Ата ойды
қырды
Аралап жүр
түгел шолып.
Қарсы алғалы
жаңа жылды,
Ол да көптің
бірі болып.
Қайда қызық
болса думан,
Аяз Ата сонда
болды.
Күндіз үйде
ойнап бізбен,
Балалармен
бірге болды.
Жалғас.Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Бақдаулет.Жаңа жыл, жаңа
жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ақмарал.Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Ерасыл.Жаңа жыл Жаңа
жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Құралай.Аяз ата келіп
тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Әлішер,Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Айшолпан.Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Ерсұлтан.Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Нұржас.Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Азим.Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Жұлдыз.Ақ
таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып,
Ал балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Доңғаланып жүрейік.
Ринат.Көрдің бе Аяз Атаны?
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Аппақ, аппақ
Жапалақтап
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман
Қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше Жаңа Жыр.
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл.
Салим.Жаңа жылға арналады жаңа
жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Эльхам.Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын
Наим.Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа
жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт
ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Мухамед.Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын
1-жүргізуші: Бағдарламамызды ары қарай
жалғастырамыз. Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын
ойнайық.
КОНКУРС-1.Ортаға әр топтан 1 жұптан
яғни 1 ұл 1 қыздан шақырамыз.(ортаға .. оқушы шығару керек) Ал
ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз.
Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде
әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек. Кімнің шары
бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға
болмайды, ішпен қысып жару керек).
2-жүргізуші :
Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!-дей келе ортаға
сыныптастарымыз.................. ды шақырамыз.
1-жүргізуші. Мен балалармен ойын өткізгім
келіп тұр.Достарым менімен ойнайсыңдар ма? Қазір менің артымнан
қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
1, 2 ,3
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты
түрге еніп қатып қалуларың керек.
Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата
кәмпит береді.
Бірнеше рет ойнау.
2-жүргізуші: Қатысқан жұптарға мың алғыс,
орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға ................................... әнімен шақырамыз. Ал
қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
1-жүргізуші: Рахмет достар. Орындарыңызға
жайғасыңыздар.
2-жүргізуші:
Конкурс-2.Тағы бір ойын
ойнайық,ол үшін барлықтарың сапқа
тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға
секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол
бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген
балалар жеңіске жетеді.
1-жүргізуші:
Ал, халайық,
тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән
.............................................................................................
2-жүргізуші:
КОНКУРС – 3. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады.
Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл
шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек,
және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап
табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз.
Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал
енді ойынды бастайық.
Ойын шарттары: 1. Жылқының дыбысын
сал.
2. Әтештің дыбысын
сал.
3. Сыйырдың даусын
салыңыз
4. Араның дыбысын
салыңыз
1-жүргізуші:
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей
кешіміздіңқатысушысы
...........................ортаға
шақырайық
2-жүргізуші:
Міне, Қымбатты
қонақтар,достар
бірлесіп, достасып өткізген
мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді.
Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз
сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
Жылдан жылға аман есен,бақытты бал-бұл жүзбен
жете берейік.