400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

жаңа мамандықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
dgngdn
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының

білім бөлімінің №26 орта мектебі» КММ













Тақырыбы:

«Жаңа заманға жаңа мамандықтар»







Орындаған: Сабыраева А.Д.

























ЖАҢА ЗАМАНҒА ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР” АҚПАРАТТЫҚ ДАЙДЖЕСТ

ХХI - ғасыр  адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы  ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

логистик - бұл мамандық  туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;

супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;

копирайтер - сайт үшін контент құрушы;

коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

джобер –  оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;

Тізімде келтірілген мамандықтар нарықтағы жұмыс түрлерінің бірсыпырасы ғана. Әрі анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық, девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те солай.

Бірақ бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен-күнге артып келе жатқаны анық.

Дегенмен, бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін жай ғана веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды.

Соған қарамастан, жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер. Компьютер алдында отыратын қызметшілердің табысы жүргізуші, механик, кенші сияқты мамандық иелерінен әлдеқайда көп. Оның үстіне, денсаулығын тәуекелге тікпейді. Алайда жаңа мамандықтардың да кемшілігі бар. Жүйкеге түсетін салмақ пен стресс орасан. Ұдайы ойланып, жаңа тәсілдер табу қажет.  

Қазір заманға сай ғаламторда жұмыс істеу – қалыпты нәрсе. Бірақ, жұмыстың алуан түрлілігі соншалық, қай сала маманы болуы үлкен сұрақ туғызады. Сонымен сұранысқа қандай онлайн-мамандықтар ие?

Карантин уақытында адамдардың көбі тұрақты табыс көзінен айырылды. Бұл үйде отырған адамдардың қашықтықта істей алатын жұмысты қарастыруына ықпал етті. Зерттей келе, көбі үйде отырып-ақ тұрақты табысқа шығуға болатынын түсінді. Қазір заманға сай ғаламторда жұмыс істеу – қалыпты нәрсе. Сондықтан, зерттей келе сұранысқа ие ТОП-5 мамандықты қарастырамыз:

SMM – бұл Social Media Marketing, аударғанда әлеуметтік медиа маркетингін білдіреді. SMM менеджері – бұл әлеуметтік желілерден клиенттерді тартуға мамандандырылған интернет-маркетолог. Бұл әмбебап маман болғандықтан, әрдайым сұранысқа ие. Нарықта бұл мамандық иелері орташа есеппен 150 000-250 000 теңге алады.

Түстер, пішіндер, қаріптер, анимация, басқа элементтер және олардың үйлесімі, сайтты немесе қосымшаны пайдалану ыңғайлылығы – веб-дизайнердің ісі. Онлайн дүкендер, компаниялардың сайттарын, парақшаларын рәсімдеп, бәрі үйлесімді әрі ыңғайлы болу үшін көп жұмысты талап етеді. Сондықтан web-дизайнердың жұмысы конверсияға, сондай-ақ өнімнің немесе брендтің есте сақталуына тікелей әсер етеді. Жалақысы орташа есеппен алғанда 150 000-300 000 теңге.

Instagram, Facebook, ВКонтакте және т.б. әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияны таңдау, шығармашылық жарнама ойлап табу, көрсеткіштерді есептеу және  жарнамаларды іске қосу үшін таргетолог маманы қажет. Жалпы таргеттық жарнама – өнім сататын парақшалардың ажырамас бөлігі. Себебі, бұл жаңа клиенттерді тауып, жеке бренд қалыптастыруға зор үлесін қосады. Табысы:200 000-300 000 теңге

Мамандықты бірнеше бағытқа бөлуге болады: жарнамалық, ақпараттық және техникалық мәтіндер. Ғаламторда жаңа жұмыс істеуді бастап жатқандарға копирайтер мамандығына назар аударған жөн.Себебі, оған кірудің өте төмен шегі бар: жаңадан бастаушыға тапсырма табу қиын болмайды. Жалақысы орташа есеппен:150 000-250 000 теңге.

Мен менеджерді әдейі соңына қалдырдым, өйткені сіз ғаламтормен тікелей жұмыс істейтін сан түрлі мамандық бар екенін көрдіңіз. Осы мамандардың барлығын біреу басқаруы керек. Бұл рөлді жоба/өнім менеджері атқарады. Алайда басқа мамандықтарға қарағанда, менеджер бірден бұл жұмысты атқара алмайды. Себебі, сіз бұл мамандардың қалай және не болып жатқанын түсіну үшін тізімнен бірнеше мамандықты игеруіңіз қажет, сонымен қатар клиентпен қалай жұмыс істеу керегін түсінуіңіз керек, өйткені жоба менеджері онымен өзара әрекеттеседі. Олар бұл жұмыстары үшін 300 000-400 000 - нан бастап алады.

Жалпы бұл – онлайн-мамандықтардың біраз ғана бөлігі. Олардың әрқайсысын өздігінен үйренуге болады, бірақ уақыт үнемдеп, бұл салада сапалы білім алу үшін арнайы курстарды оқып бітірген жөн. Әр жұмыстағыдай әрқайсысының жақсы мен жаман жақтары бар. Бірақ жақсы жақтары молырақ. Ғаламтор төрінде адамның жасына, жоғары оқу орнын аяқтауына немесе аяқатмауына қарамай, тек жұмыс сапасына қарайды. Сондықтан, ең бастысы – сапалы жұмыс!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
05.06.2023
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі