«Жалпы білім беретін Мүткенов
атындаы орта мектебі»КММ
Жаңа
педагогикалық технологияларды ұтымды
пайдалану.
Баяндамашы: Алькеева
Бақытжамал Капашовна
математика пәні
мұғалімі
Мүткенов ауылы,2017
жыл
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты — жаңа
педагогикалық технологияларды ұтымды
пайдалану.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы,
дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра
отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім
саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы
зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың
адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін
қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның
тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми
теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне
негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы
– жаңа технология негіздері болып
табылады.
Математика пәнін оқытуда жаңа технологияларды
пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да
маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға,
өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін
тигізеді.
Жаңа ақпараттық технологиялар
дегеніміз–
білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру
процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып
табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете
меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық
технологиялардың тілін білетін мұғалім
қажет.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге
асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік
тақта, мультимедиялық және он-лайн
сабақтары.
Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп
кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Сондықтан бұл
тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын,
себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа
заман технологиясымен жұмыс жасауға
үйретеміз.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық
технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге
жеткізеді:
1.
Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2.
Тіл байлығын дамытады;
3.
Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге
үйретеді;
4.
Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге
тәрбиелейді.
5.
Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы
меңгерген, білімді жеке тұлғаны
қалыптастырады.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті
адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік
қағидам. Ұлы педагог
Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де
жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім
күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман
талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру
жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.
Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген
жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту
технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың
маңызы зор.
Инновациялық білім беру құралдарына:
аудио-видео құралдар
компьютер
интерактивті тақта
интернет
компьютер – мультимедaялық құрал
электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт
және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде
немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды
пайдалану деп атауға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның
мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа
қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың
ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру
мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу
тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру
үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет
кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін
арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам
өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі
тиіс.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім
беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен
тиімділігін арттырудың маңызы зор деп
білемін.
үй,құстың ұясы т.б.тапсырмаларды орындау керек
болса, бала оны сызып жатпай дайын түрде фигураларды ақ қағаз
бетіне түсіріп алуына мүмкіндік туғызады.Компьютер арқылы ақ
қағазға дайындап шығарып келеді де, бояу,қию жұмыстарын аяқтап
тиісті бағасын алады.АКТ бастауыш сыныптарда үнемі пайдалана
бермейді бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн.
Заман талабына сай ашық сабақтар беру барысында
көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсетуге
тиімді.Мұғаліммен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп, баланың
ойлануына, көзбен көріп,қолмен ұстап нәтижеге жетеді.Баланың
сауатты жазуына көмегін береді.Жіберген қатесін көзбен көріп,қолмен
жазып түзете білуге үйретеді.Мен өз сыныбымда АКТ тиімді пайдалана
отырып, көптеген нәтижеге, жетістіктерге қол
жеткіздім.
Математика сабағында ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық
технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды
пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен
ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз
педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң
бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты
үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы
тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің
туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу
мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр
түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы
зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның
құзыреттілігін дамыту құралы:
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының
өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу
траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша,
ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының
өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып
саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт
аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін
ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі
оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушыларын
емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын
пайдалану;
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі
олардың таралымдалуы мен оқу сапасын
арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс
істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез
орындау мүмкіндіктері артады.
Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол
оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге,
сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған
программалық құрал.
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен
табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану
барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім,
екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану
оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін
практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы
оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін
компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс
жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда
инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі
көзі.
Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың
мақсаттары:
1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие
процесінің барлық деңгейін жетілдіру:
- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын
арттыру,
- пәнаралық байланысты тереңдету,
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін
ұлғайту.
2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге
даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерді дамыту,
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау
дағдыларын қалыптастыру.
- компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы
эстетикалық тәрбие беру,
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей
білу:
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын
орындау:
- Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;
- компьютерлік орталарды пайдаланушыны
даярлау:
Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі
мақсаттарға бағытталады:
- компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы
оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін
көтеру:
- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды
қамтамасыз ету:
- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде
пәнаралық байланысты тереңдету.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу
керек?
Біріншіден,
құрал-сайман, кем дегенде бір
компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны,
бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті
тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс
істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық
проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы
қажет.