Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жаңа үлгілік оқу жоспарлары. Шолу"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жаңа Стандарт.
Жаңа типтік бағдарлама.
Жаңа үлгілік оқу жоспарлары. Шолу»
атты баяндама
Тәрбиеші: Ағзам А.А.
Қазақстан Республикасында 10.04.2015 Білім берудің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты деп аталатын станддарты пайда болды. Шығыс №3851/1.4-10/5502
Жалпы ережелерде былай деп жазылған: Стандарт «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді. Стандартқа сай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында 191 беттен тұратын Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасын әзірледі.
Бұл типтік бағдарлама «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Ғылыми- әдістемелік кеңесінде (№4 хаттама 20 қазан 2014 ж) қаралып ұсынылған.
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қорытынды сараптамасы берілді және Осы типтік бағдарлама сынақтан өткізуге ұсынылды (23.12.2014 ж. кіріс номері №02-2/2671).
Қазіргі кезеңде республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру үдерісінде негізгі білім беру бағдарламалары «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» және «Қайнар», «Балбөбек», «Қарлығаш», т.б. балама бағдарламалар қолданылуда.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының мониторингі көрсеткендей, бағдарламалардың көптігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ете алмағандықтан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерісті қамтамасыз ететін бірыңғай типтік білім беру бағдарламасын (бұдан әрі - Типтік бағдарлама) әзірлеу қажеттілігі пайда болды.
Типтік бағдарлама отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибелердің соңғы жетістіктері ескеріле отырып әзірленген мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жалпы білім беретін бағдарламалық құжат болып табылады.
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
Типтік бағдарламада бала тұлғасының біртұтас дамуын сипаттайтын мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделі анықталған.
Типтік бағдарламаның мазмұны баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып әзірленді.
Типтік бағдарлама білім беру үдерісінің заттық-дамытушылық ортасында жүзеге асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және білімдік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген қолайлы әлеуметтендіру мен шешуші құзіреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік беретін ерте жастағы балаларды туғаннан бастап мектепке дейінгі ересек жасқа дейінгі (мектепалды даярлық) кешенді дамуын қамтамасыз ету. Ерте жастағы балалардың мұндай қабілеттерін дамыту одан әрі қарай мектепте оқығанда қажет болатын құзіреттіліктер жүйесін қалыптастыруға негіз болады.
Типтік бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың даму траекториясы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша заманауи бағдарламаларды әзірлеуге негіз болады.
Мақсаты: балаларға әрі қарай үйрету үшін олардың жас ерекшеліктеріне сай рухани-адамгершілік қасиеттерін, әлеуметтік, коммуникативтік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Міндеттері:
- баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарымен қамтамасыз ету;
- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
- баланың тіршілік әрекетіне қажетті білім игеру, білік және дағдыларды қалыптастыру;
- тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың халықтың салты мен дәстүрлеріне деген құндылықтарын, адамгершілік бағдарын қалыптастыру;
- Отанға, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған ортаға, отбасына, түрлі ұлттың адамдарына ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара қарым-қатынасы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік бағдарламасы:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тұрқын және психологиялық саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
- зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда тиімді әдістерді қолдануға;
- педагогикалық ізгілендіру, сабақтастық, бірізділік, жүйелілік ұстанымдарын жүзеге асыруға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
- балалардың даму деңгейін анықтайтын индикаторларға сәйкес олардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын критериальды бағалауға;
- тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қоғамдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға;
- меншік нысандарына қарамастан барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның құрамдас бөлігі Үлгілік оқу жоспары мен мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын критериальды бағалау жүйесі болып табылады. Бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларына негізделген.
Типтік бағдарламада балалардың жас ерекшелігінің сипаттамалары нақтыланған, балаларда отаншылдық, төзімділік, ізгілік сезімдері мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыратын білім беру үдерісінің мазмұны, күн тәртібі, дамытушылық ортасы анықталған.
Бағдарламаның мазмұны дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтитын балалардың жас топтары бойынша ұсынылған:
1. I ерте жас – туғаннан 1 жасқа дейін (І ерте жас тобы);
2. IІ ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ІІ ерте жас тобы);
3. I мектепке дейінгі кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (I кіші топ);
4. II мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (II кіші топ);
5. Мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
6. Мектепке дейінгі ересек жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (ересектер тобы).
5 жастан 6 (7) жастағы балалар мектепалды даярлық тобына (сыныбы) жатады. Мектепалды даярлық аралық саты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Мектепалды даярлық мазмұнының ерекшелігі балаларда оқу әрекеттерінің қалыптасуы мен мектепте оқытудың жаңа жағдайларына белсенді түрде енуі болып табылады.
Типтік бағдарлама сабақтарды ұйымдастырудың келесі талаптарын қамтамасыз етеді:
1. Гигиеналық (таза желдетілген, жақсы жарықтандырылған бөлме, баланың дұрыс қалпы, әртүрлі әрекет түрлерін кезектестіріп отыру, шаршауына жол бермеу);
2. Дидактикалық (білім беру міндеттерін нақты анықтау, тақырыптың оңтайлы мазмұны, тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану, балалардың танымдық белсенділігін қамтамасыз ету, дамытушы сипаттағы дидактикалық ойындарды қолдану).
Мектепке дейінгі жастың бүкіл кезеңінде іс-әрекеттердің мынадай негізгі түрлері қолданылады:
- ойын – балалардың қоршаған әлемді тану қабілеті мен өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру; ойын түрлері: дидактикалық, қимылды, музыкалық, театрландырылған, мазмұнды-рөлдік, драмалық-ойындар;
- қимылдық – баланың әртүрлі қозғалғыштық белсенділігінің түрлері мен мазмұнын тиімді құрамдастыру;
- коммуникативті – әр түрін (әңгіме, жағдаяттар құру, сұхбаттар, мазмұндық ойындар және т.б.) қолдана отырып, балалар тілін дамыту;
- еңбек – өзіне өзі қызмет ету, табиғатта еңбек ету, қол еңбегі, ересектер еңбегіне бақылау, ойындарға арналған заттарды дайындау, сұлба жасау, коллекциялар және олардың безендірілуі, мерекелерде топ бөлмелеріне рналған әшекейлер дайындау;
- танымдық-зерттеушілік айналаны танып біледі және жаңа білімді меңгереді;
- өнімді іс-әрекет – сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру және басқа;
- музыкалық-көркемдік – музыкалық аспаптарда ойнау, ән салу, тыңдау, қосылып айту, суырып салу, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар;
- оқу – тыңдау, түсіну, әңгімелеу, өлеңді мәнерлеп оқу, әлди, иллюстрацияны қарастыру, әртүрлі жанрдағы шығармаларды талқылау;
- мультфильмдерді, бейнефильмдерді, телебағдарламаларды көру және талқылау;
- өсімдіктер мен жануарларды бақылау бойынша, заттар мен көріністердің суреттерін қарау және әңгімелер құрастыру;
- бейнелеу: сурет салу, мүсіндеу, жапсыру (заттық, мазмұндық, өз ойымен, сәндік);
- жағдаяттар құру, әлеуметтік-адамгершілік мазмұнда әңгімелесу, қызықты дәйектер мен оқиғалар туралы арнайы әңгімелер ;
- би, музыкалық-ырғақтық би қимылдарын көрсету, халықтық
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының мониторингі көрсеткендей, бағдарламалардың көптігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ете алмағандықтан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерісті қамтамасыз ететін бірыңғай типтік білім беру бағдарламасын (бұдан әрі - Типтік бағдарлама) әзірлеу қажеттілігі пайда болды. Типтік бағдарлама отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибелердің соңғы жетістіктері ескеріле отырып әзірленген мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жалпы білім беретін бағдарламалық құжат болып табылады.
Бағдарламаның құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
I. Түсіндірме жазба.
II. Ерте жастағы бірінші топ.
III. Ерте жастағы екінші топ.
IV. Бірінші кіші топ.
V. Екінші кіші топ.
VI. Ортаңғы топ.
VII. Ересектер тобы.
VIII. Қорытынды.
ІХ. Қосымша (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары, критериальды бағалау жүйесі, заманауи бағдарламалардың үлгілік құрылымдары).
II – VIІ бөлімдер мыналардан тұрады:
- балалардың жас ерекшеліктеріне сипаттама;
- балалардың тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру;
- білім беру салаларының мазмұны және күтілетін нәтижелер;
- күн тәртібінің үлгісі;
- ата-аналармен жұмыс.
Бұл типтік бағдарламада ата-аналармен жұмысқа ерекше назар аударылған.
Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
- ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру;
- ата-аналарды балабақша өміріне отбасылармен тиімді жұмыс түрлерін іздестіру мен енгізу арқылы қатысуға бейімдеу;
- педагогтар мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.
- өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау.
- отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
Мазмұны:
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін қолдану.
- дөңгелек үстелдер,
- іскерлік ойындар,
-ата-аналардың конференциялары,
- кеңестер, педагогикалық кеңестер,
- ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық)
- ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.)
Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу ұсынылған:
- жылжымалы папкалар,
- видеофильмдер,
-жаднама-нұсқаулар,
- шақыру қағаздары,
- сурет көрмелері
- ата-аналар бұрыштары және т.б.
Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын құруға көмектесу.
Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.
Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.
Отбасымен қалыпты қатынасын дамыту үшін ата-аналар және педагогтер бірлесіп іс-шаралар іс-шаралар өткізу арқылы жағдай құруын жетілдіру.
- ата-аналар конференциясы, кеңестер, әңгімелесу,
- сұрақ-жауап кештері, пікір-сайыс,
-ата-аналарға арналған үйірмелер және т.б.),
- сонымен қатар педагогтер, ата-аналар және балалармен бірлесіп ертеңгіліктер және мерекелер, концерттер жүргізу
- ашық есіктер күні,
- викториналар, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар,
- газет шығару, бірлесіп жасаған шығармаларынан көрме ұйымдастыру және т.б.)
Мамандармен (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогтарымен т.б.) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен олардың дамуының алға басулары туралы ақпараттар алуларына мүмкіндік беру.
Ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, олардың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруларына жағдай жасау.
Ата-ана — әкелермен, аталармен, әжелермен қарым-қатынасының әртүрлі түрлерін қолдану. Олардың беделін көтеруге бағытталған шығармашылық, әлеуметтік маңызды әрекеттеріне балалармен бірлесе отырып қатыстыру.
Отбасылық тәрбиенің озат тәжірибесін жүйелі жалпылау, суретті газеттер, ұжымдық жұмыстар, жинақталған суреттер түрінде ұсыну.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру
Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру бағдарламаларын игерудегі түзету жұмыстары дене тұрқы мен (немесе) психикалық дамуындағы және әлеуметтік бейімделуіндегі кемшіліктерін түзететін кешенді көмек жүйесін құруға бағытталады.
Бұл санаттағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін олардың мүмкіндіктерін дұрыс бағалау және білім алуға деген ерекше сұраныстарын анықтап алу қажет.
Осыған орай:
- мүмкіндігі шектеулі балаларды уақытылы анықтауда;
- баланың жеке психо-педагогикалық ерекшеліктерін анықтауда;
- педагогикалық үдерістер мен түзету шараларын ұйымдастырудың кешенді тәсілдерін анықтауда;
- мектепке дейінгі ұйымда әр баланы жекелей сүйемелдеуді қамтамасыз етуде;
- даму динамикасын және түзету жұмыстарының тиімділігін бағалауда;
- баланың тәрбиелік және оқыту жағдайларын анықтауда;
- баланың ата-анасына кеңес беруде психологиялық-медико-педагогикалық диагностикаға ерекше рөл беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы № 557 бұйрығы Әділет Министрлігінде №8275-мен 2013 жылдың 17 қаңтарында тіркелді.
Осы бұйрықтың 1-қосымшасында 1 жастан 6 /7/жасқа дейінгі балалармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары, яғни базистік жоспар дайындалған болатын. ШОЛУ:
а/. «Денсаулық» саласында сағат санындағы өзгерістер мектепалды даярлық тобына қатысты: ДШ – 2.5 сағат болса, валеология – 0.5 сағат
ә/. «Қатынас» саласында да солай: мектепалды даярлық тобына САжЖ – 0.5 сағат және орыс тіліне 1 сағат қосылды
б/. Сондай-ақ, «Қатынас» саласында ортаңғы және даярлық топтарында жаңа пән ретінде «драма» - 0.5 сағат берілген.
в/. Айналамен таныстыру, қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері атты пәндер «Жаратылыстану» деген жалпы атауға ие болды.
г/. «Өзін-өзі тану» пәнін арнайы білімі бар мамандардың жүргізілуі ұсынылған
д/. МД топтарына ҚМТҚ пәніне 1сағат қосылды, енді аптасына 2 сағат болды.
Басқа топтардың базистік жоспарында да аздаған өзгерістер бар.
е/. Мектепалды даярлық тобында 4 сағат вариативтік сабақ берілген.
Ескерту:
Варитивтер сабақтан басқа іс-әрекет түрлеріне бөлінген. Мысалы: ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.
Үлгілік, яғни базистік жоспарда әр топтардағы сабақтардың уақыт шегі мен ең жоғарғы жоғарғы сабақ саны ретінде МД топтарында күніне 4 сағат оқу жүктемесі көрсетілген.