Материалдар / Жаңа заман жыршысы (Сәт Есенбайұлының өмірі мен шығармашылығы)

Жаңа заман жыршысы (Сәт Есенбайұлының өмірі мен шығармашылығы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәт Есенбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
470
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Арқалық қаласының әкімдігі білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы» мемлекеттік мекемесі







Тақырыбы: Жаңа заман жыршысы

(Сәт Есенбайұлының өмірі мен шығармашылығы)



Бағыты: қазақ әдебиеті

Орындаған: Иманғазы Мөлдір 8 «Ә» сынып оқушысы



Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сұлтыбай Сәуле Сертайқызы







Арқалық 2020 жыл

МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе.........................................................................................................3-4

2.Негізгі бөлім...............................................................................................

2.1.Сәn Есенбайұлының өмірі .....................................................................5-7

2.2.Өз дәуірінің жыршысы ...........................................................................9-12

2.3. Ақынның айтыс өнеріне қосқан үлесі ..............................................14-18

3.Қорытынды..............................................................................................19

4. Пайдаланған әдебиеттер ..........................................................................20



























I Кіріспе

Ғылыми зерттеу жұмысы сипаты бойынша: Теориялық зерттеу

Қазақ елі өзінің тарихынан ұзақ жылдар бойы шығарылып, аты аталмай, еңбегі еленбей, тұлғасы тапталып, қадір- қасиеті қорланып келген көсемдері мен шешендерін, билері мен батырларын, дін ұстаған абыздары мен атақты ақындарын еске алып, арулап асын беріп, торқалы тойларын өткізіп келе жатқаны белгілі. Бұл еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін құлашын кең жая түсті. Халыққа еңбегі сіңген қайреткерлерге лайықты бағасын беру- ұрпақ парызы.

Белгілі халық ақыны Сәт Есенбайұлының ақындық тағдыры күрделі кезеңдерден өткен. Ол бірнеше қоғамдық дәуірді бастан кешірген: қазақтың ескі дәуірі, 1916 жыл Торғай ұлт азаттық көтерілісі, 20- шы, 30-шы, 40-шы, 50- ші жылдардың алғашқы жылдарындағы қуғын сүргін... Одан Хрущев билікке келген тұстағы қым-қуыт кезең. Қазақ жерін түбегейлі отарлау ( ресейден басқа халықтарды тоғыту), Орта буынды ақтап (С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров тағы басқалар) із жасырған бұл, аяғы елді аштыққа әкелу, карточкалық жүйеге көшу... одан Брежнев дәуірі. Осының бәрі ақын өміріне әсер етті.[1]

Сәт Есенбаев – өз дәуіріндегі ірі ақыны, халық ақыны. Өзі өмір сүрген заманның төл перзенті Ол-Байжан Нарымбай ақындардың шәкіртті. Солардың өнегесін алға жалғастырушы. Орал Байғонысұлы айтқандай Сәтті тану енді басталды. Оның артына қалдырған мұрасы мол. Енді осы жақсы істі аяғына дейін жеткізу міндетті тұр.

Жұмыстың мақсаты:. Ақынның асыл мұрасын, яғни өлеңдерін, прозалық шығармаларын, айтыс өнерін кейінгі ұрпаққа тарату және насихаттау.

Міндеттері:

1. Сәт Есенбаевтың шұрайлы шығармашылығымен танысу;

2. Ақынның айтыс өнеріне қосқан үлесін анықтау;

3. Сәт ақынның ақындық ерекшелігі, ақындық үлесін қадір- қасиетін тану;

4. Өлеңдерін оқып, талдау.

Жұмыстың өзектілігі: Ақынның шығармашылығын, Торғай даласына ғана емес, бүкіл қазақ даласына кеңінен таныстырып, насихаттау керек. Бұл үшін оның еңбектерін зерттеп, тексеру жұмыстары жүйелі атқарылуы тиіс.

Ғылыми жаңалығы: Ақынның баспа бетінде жарық көрмеген өлеңдерін газет архивтерінен іздену. Сонымен қатар қала және облыстық деңгейде Сәт оқуларын өткізуді қолға алу. Бұл туралы қалалық және облыстық баспасөз ұжымдары жұмыс жасаса деп өтініш білдіру.

Практикалық маңызы: Әр мектептерге барып, Сәт ақын жөнінде ой толғау. Білгенімізді ортаға салып,ізденіс жұмыстармен кеңірек айналысуды қолға алу.Аудан мектептеріне мен қала мектептеріне Сәт ақынды тану барысында үйірме жүргізуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасау.



Жұмыстың құрылымы:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1. Сәт Есенбаетың өмірі

2.2. Өз дәуірінің жыршысы

2.3. Ақынның айтыс өнеріне қосқан үлесі

3. Қорытынды










2.1. Сәт Есенбаетың өмірі

Торғай даласындағы екі дәуірді бірдей бастан өткізіп және оның куәсі болған есімі елге белгілі адамдардың бірі- ақын, жырау Сәт Есенбайұлы. Ел ішінде ауыз әдебиеті нәрімен қанаттанып, оны жазба әдебиетке жалғастырған Сәт ақынның өнері ел аузында да, жазба әдебиетте де сирек болса да ұшырасып жүр. Бұл ақынның өнер әлеміндегі, кемшілігі емес, зерттеушілер мен әдебиетшілер еңбегінің әлі де болса кешеулігінен деуге де болады.

Сәт 1892 жылы Торғай облысы Амангелді ауданы «Комммунизм жолы» совхозындағы «Бестарау» деген жерде туған. Арғы атасы Сатыбалды да, әкесі Есенбай да қатардағы шаруа адамдары болған екен. Анасы Масаты ертекші, әңгімеші адам болыпты. Сатыбалдыдан үш ұл туған. Олар Есенбай, Еменәлі, Есеней. Есенейден Жүсіп, Еменәліден Тоқсейіт, Тоқсейіттен Жақан туады. Жақан есімі облысқа белгілі ақындардың бірі. Сатыбалды ұрпағының бәрі де әнші, күйші, ақын, өнерпаз адамдар болған. Бұл қасиеті дәстүрлерді Сәт те, Жақан да жалғастыра білді.[3]

Сәт бала кезінен- ақ ән, жырға, әңгіме әуес, құймақұлақ бала боп өсті. Жасы онға келгенде «Досай» ауылындағы мектепке оқуға беріліп, сол кездегі белгілі ақындардың бірі- Байжан Бейсенұлынан тәлім алады. Сәт оқуға алғыр шәкірт болған. Жақсы оқушы ұзтазына жақын тұрады ғой! Жалпы болашақ ақынның жақсы тәрбие алып, өнерлі әрі ақын болып өсуіне Байжан ықпалы көбірек болғаны анық. Ол Сәттің сауатын ашып ғана қоймай, сонымен бірге оны өлең жазуға баулиды.

Сәт әкесінен 7-8 жастың шамасында жетім қалған. Ол анасының тәрбиесінде болады. Көбіне Байжанмен бірге жүріп, содан үлгі алады. Жасы жиырмаға жақындағанда анасы Масаты қайтыс болып, бірыңғай Байжанның тәрбиесін көреді.

Жасынан жоқшылықты, кедейшілікті көп көрген Сәт жарлы- жақыбайларды жақтап, бай- манастарды сынап, өлеңдер жазады. Мәселен, оның «Киіктің жан жағының бәрі ауыр», «Шүйінші әне қасқыр, қанды ауыз» деген өлеңдерінде елгі байлардың жағымсыз қылықтары, кедейге көрсеткен зорлық- зомбылықтары сынға алынады.

Сәт Есенбаев домбыры, сырнайды жақсы тарта білген. Ол өзінің өлеңдерін жиналған жерде суырып салып та айтқан, қағазға да түсіріп отырған. Негізінен алғанда ақынның 17 жылға дейін жазған өлеңдері байларды сынау, кедейлерді қорғау, қолдау, қиянатқа жол бермеу сияқты тақырыптарға шоғырланған.

Сәттің атағын да, шабытын да көтерген кез 1916 жыл отаршылдыққа қарсы көтерілген Торғайдағы халық қозғалысы. Әліби, Амангелді, Әбдіғапар, Кейкі бастаған осы азаттық күреске қаламмен де, қарумен де үлкен еңбек жасаған адамдардың бірі- Сәт Есенбайұлы. Ақын мұнда жалғыз болған жоқ, оның алдындағы ақын ағалары Күрдері, Омар, Орынбай, Ақмолда, Досмұқан сияқты белгілі халық ақындарымен бірге жыр төкті. Осы шайқаста Омар «Амангелді», Күдері «Ер туды», «Амангелдінің Торғайды алғаны» деген жыр туғызса, Сәт «Ер Амангелді», «Июнь жарлығы», «Құмкешу соғысы» атты толғау-дастандар шығарды. Бұл дастандар тек 1916 жылы ғана емес, одан бұрынғы Махамбет, Исатай, Сырым, Жанқожа, Кенесары бастаған азаттық қозғалыстардағы ерлік жырларының қатарынан орын алатын сүбелі шығармаларының бірі деп есептеледі. Жалпы алғанда Сәт дастандары бостандық және оның жолындағы күрескерлер ерлігін мадақтайтын төгілте, ынтықтыра, сыпыра жырлайтын шұбыртпалы жырлар тобына жататын күрделі, әрі көркем мазмұнды шығармалар. [3]

1916 жылғы көтеріліс бүкіл қазақ тарихындағы аса елеулі оқиға. Бұл оқиға Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, Қуанышпай, Төлеу, Күдері, Құбаша, Бөлтірік, Омар, Нұрхан сияқты әйгілі ақындар өлең, толғауларына желі болған еді. Біздің даңқты жерлесіміз Сәт Есенбаев осы ұлы дүбірдің бел ортасында жүріп, аталған жүйріктер санатынан орын алған айтулы ақындардың бірі. Бұл туралы 1916 жылғы әдебиет тарихын зерттеушілер Сәт ақынның да елеулі үлес қосқанын айрықша айтып өтеді. Мұнда ақынның Амангелді және оның жанандағы ерлер туралы оқиғаларды бейнелейтіндігі ерекше әңгіме болады.

«Жендеттердің алдынан,

Жолын бөгеп қол шықты,

Құдайдан жау сұраған,

Жау көрмесе жылаған,

Мыңды бірге санаған,

Ер Әкімбек сүр мерген

Қол ішінен сол шықты.

Әлжан, Кәрбоз, Дәуренбек-

Алысатын ажалмен

Айқасатын залыммен.

Мың басылар мол шықты

Қолымен оқты қағатын,

Қамалға жалғыз шабатын...

Амангелді ер шықты.»

(«Қазақ әдебиетінің тарихы» 1том,1кітап, 641 бет, А- 1960 жыл.)

Сәт Есенбаев өзінің бүкіл санаулы ғұмырын колхоз құрылысын, бай- кұлактарды талқандауға, Халық мәдениетін өркендетуге арнады. Оның «Амангелді» дастаны қазақ хрестоматиясына енген бірден- бір ақын.

Сәт дастандарының өзіндік ерекшелігі- ерлер тұлғасын және оның жаугершілік, ерлік ісін бейнелеудегі шеберліу суреттері. Өйткені, ол осы оқиғалардың басы- қасында болған, өз көзімен көріп, қанды ұрыстарды басынан өткізген адам. «Сәт жеке кезеңдерін нақты суреттеу жөнінде өзіндік стиль, көркемдік ерекшеліктері бар. Ақын дастанын халық поэзиясындағы, бұрынғы батырлар жырындағы кейбір қонымды мотив, көркемдік әдістерді қолдана отырып жазады». (Аталған кітап, 644- бет). Шынында да, ақын теңеуге, әсерлеу, бейнелеу сәттерінде тапқыр да суреткер. Оның «Қаһарын төкті қара бұлт», «Ай дірілдеп, жұлдыздар жылағандай еңіреп», «Дүние тулап, теңселіп, теңіздер суын шайқасты», «Бұлт ішінде айдаһар улы тілін шығарды» деген жолдарында түйдектеу, тұспалдау немесе жағымсыз бейнелерді жек көрінішті көрсетуде ұлттық бояу көріністерін шеберлікпен бере алады. Ақын сондай- ақ әр сөздің халықтық қазақи ұғымдарын да орынды қолданып, шығарма әрін одан әрі үстей түседі.





























2.2.Өз дәуірінің жыршысы

Сәт шығармашылығында айтылмай жүрген, тіпті зерттелмеген дүниелер- оның лирикалары. Оның табиғатқа, адамның жан- жүйесіне, көңіл- күйіне байланысты жазылған өлеңдері ақынның шын талантын байқатады. Оның бұрын жарық көрмеген өлеңдері тіпті көп. Мысалы, «Тапай қойшы», «Төрт жақсы», «Мұзбалақтан суарып», «Нұрхан ақынға», «Жұбату», «Жаз», «Жайлау», «Көрініс» және тағы басқа өлеңдері таза жазба ақын қолынан ғана келетін әсем өрнектер. Әсіресе, ақынның ақындық тұрпатының, көркемдік әлемінің қай деңгейде екендігіне бірден- бір мысал болатын өлеңі- «Торғай көктемі».

Қарасаң Торғай көркіне,

Көз таңданып сүйсінген,

Мақпал, мауыты, беренмен

Сұлу қыздай киінген.

Інжу, маржан, моншақты

Орманды сәндей ілінген,

Бүлдірген, шие, қызғалдақ,

Безендіріп гүлменен.

Қызыл, жасыл, сары ала

Оюменен түрленген.

Шытыры, шашақ, күміс шоқ,

Әшекейлеп зерменен,

Қош иістер тән сүйер

..Көкірекке еніп кернеген. – деген жолдарда айтылғандай мың бұралған, оюлы, өрнек, сөз кестесі, ұшқыр ой, сезімталдық, көрегендік сияқты жоғары ақындық қасиеттер арқылы туған жыр.[1]

Көлемі 260 жолдай осы өлеңнің суреттеу, теңеу, бейнелеу бояуы мен шеберлік қуаты бірте- бірте өрлей, өрши, оқушыны еліктіре түседі. Бұл ақынның өрнегі, ақын еңбегі мен таланты екені баршаға белгілі. Сол сияқты:

Хош иіс, жұпар ауа, жаздың күні,

Жайқалған түрлі-түсті жердің гүлі.

Көкте-құс, орманда-аң, суда-балық,

Естілген барлығының шаттық үні- деген әсем өлең өрімін ғана емес, сол сұлулықты тани білген ақынның да биік талғамын көрсетеді. Ақын адамгершілік, өмірге көзқарас, еңбек тақырыбына арналған барлық шығармаларында да өлең өнерінің де сарбаздық, сұлулық, әсемдік қасиеттерін зергерлік ентілікпен, ұқыптылықпен, зейінділікпен қолдана білетін талғампаз, сыршыл суреткер.[1]

Сәт өлеңдері қарапайым. Ежелгі қазақ өлеңінің дәстүріне жазылған. Онда буын да, шалыс ұйқас та, 10-15 жолдан қайыру да, Абай, Міржақып үлгісімен жазылған өлеңдері де жоқ емес. Аз болса да бар.

Сәттің өлең- жырларын бірнеше салаға бөліп қарауға болады.

1.Өлеңдері

2.Поэмалары

3.Мақал-мәтелдері

4.Жаңылтпаштары мен жұмбақтары

Осы 4 тарапта із қалдырған. Сын- сынаққа ұста. Философиялық түйін түюге де шебер.

Сәт Есенбаев айтыс өнерінің ірі өкілі. Оның Нұрқан ақынмен айтысы «Айтыс» жинағына (Алматы, 1964 жыл) да енді.

Сәт творчествосы- біралуан. Оның жарыққа шыққан өлеңдерінен, жарыққа шықпағандары көп. Соның бірі айғағы, көлемі 2 мың жолға таяу «Екі батыр» поэмасы. Бірнеше жұмбақтары, әңгімелері, өз архивінде сақтаулы тұр. Сонымен қатар оның бірнеше прозалық шығармалары да бар. Мысалға «Мешіт» деген әңгімесін алып қарайық, оның иесі Ақмолда Жаманұлы, халық қанағат етерлік, беделді, түркілік көлемінде сауаты бар, елге сыйлы кісі. Уфа Троицкіден оқып келген, ел аузында білімді Кәрбоз молданы намаз оқу, бала оқыту, угіт айту үшін «Имам» етіп тағайындады. Мешіт алдында он бөлмелі үйі бар. Оны медресе дейді. Көк шыбығын қолға алып молда балаларды оқыта бастайды. Әсіресе, жұма күндері кемпір, шалдар мешітке көп жиналып намаз оқиды. Кәрбоз шариғат айтуға өте шебер, заржақ, тақылдап сөйлегенде аузы-аузына жұқпайды. Мүдірмей соғады. Бойы аласа, бір аяғы солтақ, дөңгелек жүзді, пысық, ширақ адам. Уағыз сөздің барлығын дін туралы, о дүние жайлы, шариғат жолы туралы Құранның аятынан мысалдар келтіреді.

Молланың айтқае қорқынышты сөздерінен адамдардың зәресі ұшып, қайсы бір надан шалдар жылап та жібереді. 7 күнде бір өтіп тұратын жұма намазында осындай шариғат сөздері үнемі айтылып отырады. Әрбір адамның,- дейді ол,-періштелер жазған кітабы болады. Оны қолына береді. Ешкім танып кете алмайды.

Адамдардың тірлікте екі түрлі амалы болады. Бірінің аты- сауап, ол- шаттық белгісі, екіншісі күнә, ол-қайғы белгісі. Оларды таразыға салады. Өлшегенде бір жағы басады. Егер сауап басса, жұмақ деген жайға барасың, неше алуан қызық көресің. Сұлу қыздармен бірге жүресің, ойнап күлесің. Мұны естігенде кейбір шалдар күліп, көтеріліпғ қуанып қалады. Тұра-тұр,- дейді молла- өлгенде күнә басса, періште жасауылдар келіп, ноқталап жетектеп апарып, жылан, шаянға лақтырып, от шоқпармен ұрып «тозаққа» яғни, түпсіз терең зынданға лақтырады. Онда жанған от, жайнаған шоқ дейді.

Осы елде Жүсіп деген кісі болады. Бұл кісіні қара Жүсіп атайтын. Оқымаған, сауаты жоқ, өмірі кедейлік, үнемі байларға жалшы болып өткен. Бірақ ойы асымды, тілі өткір, сөзді тауып сөйлейтін, қорықпайтын, кісінің мінін бетіне тура айтатын, бірақ дінге сенгіш, Кәрбоз моллаға садақа бергіштің бірі.

Қара Жүсіп бір күні бұл моллаларды сынайын деп, өтірік ауырып қалады. Үш-төрт күн өткен соң ауруын ауырлата бастайды. Содан ауыл моллаларын шақырды. Ол дауысын әлсіретіп, өсиетін айта бастайды. -Менің артымда бір әйел, екі балам қалды. Мал дегенде бұзауы жоқ сиыр және бір ат бар. Мұны менің басыма байламаңдар. Моллалар,-ол балалар ммен әйелдің сыбағасы. Табатындары жоқ тарығады ғой! Туыстық жағынан Жүсіп Ақмоллаға жақын еді. Соны ескере келіп:- Сен өз малыңнан менің басыма бір тоғыз байла дейді. Кәрбозға қарап мешіттің имамысың, түсім көп, 100 сом берешегім бер еді соны сіз өтеңіз, Осман молланың атын атап:- Халыққа беделің бар, әрі қайырымыңыз мол адам едіңіз, менің қабірімді қазған кісілердің толымда ақысын берерсіз, олар маған мәңгілік жатар үй салады. Және нашарларға бір қой, қабір садақа бересің. Оспан, «бәріне басшылық жаса мен айтып болдым»- деп басылды. Сонда Кәрбоз молла «Оспан біреуін басына байлап, қалған малдарыңды қалдыруға болады»-дейді. Сонымен үш молла да татымды сөз айтпады. Жарайды сырларыңды білдім. Кім екендеріңді көрдім, сендерді сынайын деп шақырып едім, енді өлмеймін деп Қара Жүсіп тұра бастайды.[2]

Шариғатта моллаға ақша берілсін демеген. Сәт Есенбаев болса өмірден көргенін жазған. Ендігі бір тоқталатын әңгімеміз «Мәкеннің тағдыры» атты шығармасы. Мұнда ревалюцияға дейінгі әйел тағдыры сөз болады. Шығармада Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романындағыдай жас қыздың аянышты өмірі суреттеледі. «Мәкеннің тағдыры» қазақ прозасының алғашқы кездегі аяқ аласын таныстыратын әңгімелердің бірі десек артық айтқандық емес. Мұнда түрлі әдеби әдіс-тәсілдер көп. Болған оқиғаны сол қалпында боямасыз, ажарлаусыз көрсету бар. Мәкеннің бір жасында әкесі өліп, екі жасында шешесі ерге шығып, үлкен әжесі Зейнеп кемпірдің қолында қалып еді. Кәрі ана өз әлінше тәрбиелеп өсірді. Бірақ жамаулы, қара лашық, киіз үй желге панасы, ыстыққа көлеңкесі жоқ. Бар малы емшегі кеткен жалғыз мұжық қара сиыр. Бұзауын патшаның «сбор» деген алымына әкеткен. Жақындарында қайғыратын ешкімі жоқ. Бірлі-жарым сіңірі шығып отырған кедей ағайындары бар. Мәкеннің жасы онға жетті. Зейнеп жоқтың зардабына шыдамай амалсыз малы бір беткейді алып жатқан Шойғанбас байдың қотанының шетіне келіп, лашығын тігіп, малын сауып, құрт қайнатып, жібін иіріп, арқанын есіп, үй шаруасымен айналысатын көп кемпірдің бірі болды.

Шойғанбас болыспен бірге байланыс жасап, даушарды бітіруге, ел аралап кеткеніне екі жеті болған. Бір күні парлап жеккен екі ақ боз атты албарға қойып, би үйге кірсе Мәкен екі әйелмен бірге шай ішіп отыр. Өзінннің қарақожалақ, қорасаң ойған бетіне қарап қыздың нұрлы қара көзі жалт өткенде байдың жүрегінен бір от лау етіп жүре бергендей болды. Бірақ ешкімге де ішкі сырын сездірмеді. Енді мазасы кетіп, қолға қалай түсірудің әдісін қозы аңдыған қасқырдай қарастыра берді. Жасы биыл елу тоғызда еді. Басынынң бәрі жүн, шашында бір қара тал жоқ. Сақалы бураның шудасындай желпілдеп төс сүйегін түгелімен көк қыл жауып тұр. Өгіз қарын, сөзі быдық, көзінің көлемі аз, үңгірі терең, бетін құрт жеп, көркін кетірген көңілі көтеріңкі, малының көптігіне мастанған Шойекең малының бір жылғғы төлін берсең де алмаймын ба, кедей қызының байы мал емес пе деп түйді. Бидің өзінде көңілі бар екендігін естірткенде он жеті жасындағы Мәкен былайша толғанады:- маған оның қу малы, ақ үйі неге керек. Әкемнен үлкен, күректей сақалын жалпылдатып, бірақ иттің басындай басы жүн-жүн болып ол не дегені. Қарсыны қабандай осы неге жылы ұшырап жүр десем, бұлдаған іргесі болса құрысын, көшіп кетейік,- дейді. Енді Шоғанбас Мәкеңге адам жейтін бөрі сияқты көрінді. Үйіне бармақ түгілі қорасының алдында көрінгісі келмеді.[2]

«Мәкеннің тағдыры» сол кездегі елдің тағдыр еді. Қоярда қоймай бай бар малын шашып, Мәкенді үшінші әйел етіп алды. Мәкен өзі ұнатқан Аяп деген жігітпен еөңіл қосып қашып та кетеді. Қазақтан жер дауы, жесір дауы арылған ба, Мәкеңді ұнатқан жігітінен айырып алап келеді. Содан Мәкен Шойғанбасқан қайтып келгеннен кейін үш жылдан соң қайтыс болады.

Сәт Есенбаевтың қай шығармасын оқысаң да тәрбиелік мәні зор дүниелерді ұғасың. Ол кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған аяулы азамат ақын.












2.3.Ақынның айтыс өнеріне қосқан үлесі

Халқымыздың ерекше қастерлеп, бар бояуы мен болмысымен атадан балаға мирас ретінде ұсынып келе жатқан өрісті өнерлерінің бірі- айтыс өнері. Айтыскерлік- біздің қазақ халқының өзіндік мақтанышы да, сонымен бірге басқалардан даралап көрсетер қошеметі мен құрметі қоса араласа жүретін, мәңгі шешек атып тұрар жыр күмбезі де. Туғанына бір ғасыр толуын бүкіл облыс болып атап өткелі отырған Сәт Есенбайұлы да өз халқының ұлттық өнерінің, жыршылық дәстүрінің інжу маржандары бойына жинақтап ескен соны саф алтындай етіп бүгінгі ұрпағына жеткізіп кеткен, өзіндік лайықьы орны бар кесек тұлғалардың бірінене саналады. «Сөз өнерім дертпен тең» дегендей ақындыққа ерте ден қойған қаламгердің әдебиеттің сан алуан жанрында қалам тербегені көпке мәлім. Ұлттық мүддеге, төл өнерімізге қалай болса солай қараған уақыт керуенініен де болар, кезінде Сәт ақынның мұрасы жан-жақтан жинастырылмады. Оның шығармашылығының сан алуан қырын безендірмейтіндей немесе сарапқа салатындай іргелі зерттеулер кезеңде бой көрсетпеді. Міне, осыдан келіп, Сәт ақынның мұрасы «жабулы, қазан-жабулы» күйінде қалды. Республиканың егенмендік алуы тіліміз бен дінімідің қайта оралуы бүгін де аяулы ақынға деген халық махаббатын қайта оятқандай болды. Енді міне «ақ түйенің қарны жарылып», қайта түлеген Торғаймен бірге жаңғырып, бірге жасарып, Сәт ақынның әдеби мұрасы да ортамызға қайта оралып отыр.

«Мен кезінде Сәт ақынның көзін көрген, онаң ақындығы мен алымдылығына куә болған көп тілеулестердің бірімін. Бірақ, өкінішке орай, іргеміз ажыраспаған сол бір жылдар шәкірттік, оқушылық тұстарға сәйкес келді де, ақын мұрасын жинақтауға, оны қағаз бетіне түсіруге үлгере алмаппыз. Бұл- менің тұстастарымның көбісінің басында болған жағдай. Сәт ақын отырыстарда немесе өз үзеңгілестерімен қалжыңдасқан сәттерінде көбіне тақапақтата, өлеңдете сөйлейтін. Ел арасында оның осы тақылеттес қысқа айтыстары көп ұшырасады. Бірақ, өкінішке орай ол айтыстар кезінде жинастырылмағандықтан кейін ұмытылып қала берді. Біздің бұлай деуімізге нақты себептер жоқ емес. Сондай ел арасында ғана айтылып елеусіз қалған, бүгінгі күнде де өзінің актуальдығын, өміршендігін жоймаған, бізге жеткен айтыстарының бірі- оның Нарымбай ақынмен айтысуы. Бұл айтыс елді өте-мөте теңселтіп, күйзелтіп кеткен тұсында дүниеге келгенге ұқсайды».– деп жазады К.Т.Кенебаев өзінің баяндамасында.[2]

Айтысты Нарымбай бастайды. Сәтпен іліктік жағындағы бар Нармыбайдың.

«Ісі жоқ бұл қулардың нанатұғын,

Күн қайда сусын ішіп қанатұғын.

Жайлы жер табар едім ұшып жүріп,

Тозып тұр пружинасы қанатының.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ