Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША 1, 2 СЫНЫПТАРДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША 1, 2 СЫНЫПТАРДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕЖЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
655
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ушинский атындағы орта мектебі» КММ







Мектепішілік семинар



Тақырыбы:

Shape1

жаңартылған бағдарлама

бойынша 1, 2 сыныптарда

Қалыптастырушы және

жиынтық бағалауды жүргізудің

ережесі























Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі ТоғысбаеваРаушан

Өткізілген мерзімі: 6 қазан 2017 жыл







2017-2018 оқу жылы

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады

Критериалды бағалау




































Қалыптастырушы бағалау




Жиынтық бағалау






















































Бөлім/ортақ тақырыптар









Білім беру деңгейлері




Тоқсандық жиынтық бағалау




бойынша қорытынды



бойынша жиынтық бағалау















жиынтық бағалау

































Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.

Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:

оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол

қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

кері байланыс беру.


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:

оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (2-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктері

ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (1-кесте). Әр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды.

1-кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 2-сынып

1А бөлім: «Екі таңбалы сандар»

Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

Оқу мақсаты 2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

100 көлеміндегі сандардың құрылу жолын атайды

100 көлемінде тура / кері санайды

Санның натурал сандар қатарындағы орнын көрсетеді

Тапсырма

Сурет бойынша сандардың құрылу жолын анықтап, өрнек түрінде жаз және

түсіндір.

12 =________ 20 = __________ 16 = __________


Бос орындарға сандарды кему ретімен жаз

Берілген сандарға көршілес сандарды жаз.


Дескриптор Білім алушы

екі таңбалы сандардың құрылу жолын анықтайды және түсіндіреді;

натурал сандар қатарын кері бағытта жазып толықтырады;

46 санына көршілес сандарды жазады;

натурал сандар қатарындағы орны бойынша белгісіз санды анықтайды.



Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:

тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;

кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;

қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;

тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.

4.1.2 Кері байланыс беру

Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;

кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2-кестеде

ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.

2-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтар


Мұғалім


Білім алушы

Білім алушы оқытудың қай сатысында?

Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?

Олар білім алуда неге талпынады?

Нәтижеге қалай қол жеткіземін?

Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу

Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім


керек?


қажет?


Төменде кері байланыстың мысалдары көрсетілген (3, 4-суреттер).













3-сурет. А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал

Жазбаша кері байланыс беруде мұғалім А білім алушыны есепті дұрыс орындауға, өз қатесін түзете білуге «бағыттайды».

4-сурет. Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал


Бұл білім алушы Б-ға берілген кері байланыс бойынша мысалда мұғалім білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат береді және қатені түзету үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын қолдануына болады

5-сурет. Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша бақылау парағы

Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;

білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;

орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;

талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;

талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

Жиынтық бағалау үдерісі

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.

Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.

Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.

Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе

ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.


«Бекітілді»

Мектеп директоры:Айтулова С .А

____________________

Жиынтық бағалауды өткізу жоспары

2017-2018 оқу жылы

Пән: Қазақ тілі сынып: 2

тоқсан

Тоқсандағы апталар саны

Жиынтық бағалау рәсімдеріні атауы (бөлім бойынша жиынтық бағалауды тақырыптары)

Бағалауды өткізу формасы

Жиынт

бағалау рәсімд

орындау ұзақт

Мерзімі

Ескерту

құрастыру

Сараптжас

Басып шыға ру

өткізу

1 тоқсан

5

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы

«Өзім туралы»

ЖБ-ға тапсырма

20 мин






1тоқсан

8

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы «Менің отбасым және достарым»

ЖБ-ға тапсырма

20 мин






1 тоқсан

8

1 тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Т ест

40 мин






2 тоқсан

5

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы «Менің мектебім»

ЖБ-ға тапсырма

20 мин






2 тоқсан

7

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы «Менің туған өлкем»

ЖБ-ға тапсырма

20 мин






2 тоқсан

9

2 тоқсан бойынша жиынтық бағалау

ЖБ-ға тапсырма

40мин






3 тоқсан

6

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы «Менің туған өлкем»

ЖБ-ға а тапсырма

20 мин






3тоқсан

8

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы

«Дені саудың – жаны сау»

ЖБ-ға тапсырма

20 мин






3тоқсан

9

3 тоқсан бойынша жиынтық бағалау

ЖБ-ға тапсырма

40 мин






4тоқсан

5

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

ЖБ-ға тапсырма

20 мин






4тоқсан

7

Жиынтық бағалау бөлім тақырыбы «Қоршаған орта»

ЖБ-ға тапсырма

20 мин






4 тоқсан

8

4 тоқсан бойынша жиынтық бағалау

ЖБ-ға тапсырма

40мин







Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады

1.оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;

2.жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;

3.ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқумақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;

4.әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;

5.білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру

  1. әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;




Математика 2 сынып ЖБ №1

«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бағалау критерийі Білім алушы

100 көлемінде тура және кері санайды

Санның натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды

100 көлеміндегі сандарды салыстырады

Екітаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді

Орындау уақыты 15 минут

Тапсырма

    1. Түсіп қалған сандарды толықтырып жаз.

    1. Берілген сандардың көршілерін жаз. Прн.

    1. Салыстыр.

Shape2

Shape3 Shape4 23 32 37 3 77 70

4. Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

Бағалау

критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

100 көлемінде тура және

кері санайды

1

натурал сандарды тура санау ретімен жазады;


натурал сандарды кері санау ретімен жазады


Санның натурал сандар

қатарындағы орнын

анықтайды

2

дөңгелек санның көршілерін жазады;


ондық және бірлік разряды бар санның көршілерін жазады;


100 көлеміндегі сандарды

салыстырады

3

бірдей цифрлармен жазылған екітаңбалы сандарды салыстырады;


екітаңбалы санды біртаңбалы санмен салыстырады;


ондық және бірлік разрядтары бар екітаңбалы санды дөңгелек санмен салыстырады;


Екітаңбалы сандарды

разрядтық қосылғыштардың

қосындысына жіктейді

4

санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады.


Барлығы 8



«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ______________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

төмен

орта

жоғары

100 көлемінде тура және

кері санайды

Натурал сандар қатарын

тура және кері ретпен

жShape5 азуда қиналады

НShape6 атурал сандар қатарын тура /кері ретпен жазуда қате жібереді

Натурал сандар қатарын тура

жShape7 әне кері ретпен дұрыс

жазады

Санның натурал сандар

қатарындағы орнын

анықтайды

Санның натурал сандар

қатарындағы орнын

аShape8 нықтауда қиналады

Дөңгелек сандардың /ондық

және бірлік разряды бар

сShape9 андардың көршілерін

анықтауда қате жібереді

Санның натурал сандар

қатарындағы орнын дұрыс

аShape10 нықтайды

100 көлеміндегі сандарды

салыстырады

100 көлеміндегі сандарды

салыстыруда қиналады

Shape11

Екітаңбалы сандарды/

екітаңбалы және біртаңбалы сандарды/ екітаңбалы санды және дөңгелек сандарды

сShape12 алыстыруда қате жібереді

100 көлеміндегі сандарды

дұрыс салыстырадыShape13

Екітаңбалы сандарды

разрядтық қосылғыштардың

қосындысына жіктейді

Санның разрядтық

құрамын анықтауда және

санды разрядтық

қосылғыштардың

қосындысына жіктеуде

қиналады


Санның разрядтық құрамын

анықтауда / санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеуде қате жібереді

Shape14

Санның разрядтық құрамын

анықтайды және санды

разрядтық қосылғыштардың

қосындысына дұрыс

жіктейді

Shape15

Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым:

Титул беті;

Пән бойынша бөлгіштер;

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау

жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері, балл қою кестесімен жазба

жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.;

Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін көрсететін күнделікті сабақ

үдерісінде орындаған жұмыстары;

Мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары;

Білім алушының рефлексиясы.

Портфолионың формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне,

пәнге байланысты









Shape16

Тоқсандық бойынша жиынтық бағалау

Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;

  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;

  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

  • тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.





































ҚОРЫТЫНДЫ

Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке

тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады. Оқытудың

қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні, сондай-ақ, білім алушылардың

қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі туралы ақпаратты мектептің

тиімді бағалау жүйесі көрсетеді. Сондықтан жаңартылған білім беру

мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.

Бағалау барысында қарапайым субъективті сандық бағаларды тіркеуден

сапалы, объективті бағалауға өту жоспарланған. Оқу нәтижелерін бағалау

барысында жаңа формалар енгізілмек: балдарды қоюды қарастыратын

жиынтық бағалау мен кері байланыс беруді қамтитын қалыптастырушы

бағалау.

Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған:

критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу

жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда

мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді__

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!