Материалдар / «ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
790
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ»

Сагимбеков Н.А.

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМКҚ, Семей қаласы.


Жаңартылған білім беру бойынша алдымдағы шәкірттерге зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар – ау деп пайымдаймын. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс. Тарих пәні мұғалімінің жауапкершілігі өте жоғары болу тиіс, себебі әр оқушы өз тарихын білу керек.

Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым пысық.

Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым әр бала жеке қабілетті тұлға, олардың мұны қабылдауы түрліше.

Оқушы білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықталып, бастау керек деген ойдамын.

Алдымдағы шәкірттерді тұлға ретінде қасиеттерін зерттей келе, олармен дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беретін әдіс деп деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын таңдадым.

Осы технологияны қолданып жұмыс жасаған кезде оның тиімді тұстары мен артықшылығын байқадым. Оқыту әдістері мұғалімнің тұлғалық сапаларымен тығыз байланысты өзара әсерлесіп отырады деп ойлаймын.

«Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» Е.Каменский. Бүгінде жаңаша ойлай алатын мұғалім мәртебесі де жоғары болмақ, ол оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім. Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңашыл мұғалім қандай болу керек?» Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз? деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Қазіргі таңда әр пән бойынша мектебіміздің мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша 3-апталық курстардан өтіп, өз білімдері мен біліктіліктерін арттыра отырып, шыңдап келуде. Сондықтан бүгінгі оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа формациядағы мұғалім бойында төмендегі кәсіби құзіреттілігі болса мақсатымызға бірге жетпекпіз.

  • Әрбір оқушыны пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттілігін ойластыра білетін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын;

  • Оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар

  • Оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін:

Бастапқы идеядан өзге идияларды өрістете байланыстыратын және сол идияларды оқушылардың өздері құрастырып, жандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып,тереңдетіп бере алатын мұғалімдер.

Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Білім дегеніміз мектепте оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.

Мақсаты: оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.

Негізгі міндеті: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу дағдылары қалыптастыру.

Мен әрбір сабағымызда оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін сабақта топтық жұмыстың тиімділігі зор деп ойлаймын.

Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:

  • Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;

  • Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

  • Өз мүмкіндігін біледі;

  • Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

  • Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

  • Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

  • Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

  • Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

  • Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

  • Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді.

Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:

  • Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады;

  • Жаппай оқытуға қарағанда, ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады;

  • Жұмыс атмосферасын қалыптастыру;

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады;

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады;

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады;

  • Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді.

Жаңа технология әдістерін дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті - оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Сабақтарында ана тілі, матем, қазақ тілі, дүниетану болсын сыни тұрғыдан ойлау және жазу технологиясы! Сыни тұрғыдан ойлау деген не? Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл ойларға қарсы қоя салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе – теңдікте ұстап зерттеу, оқыту мен үйретудің үш деңгейін түсіне және суреттей алатын бояу керек. Әр түрлі оқыту стратегияларын сабақтың ұтымды жерлерінде орынды қолдана білу .

Әр тақырыпты өткен кезде Тірек сызбасы тарауларға байланысты кілттік ұғымдар.

«Ой қорғау», «Ой толғаныс»

Сабақты бастар кезде «Сөздік жұмыс»

Толғаныс Түртіп алу кестесі:

Жаңа сабақта

Венн сызбасы сематикалық карта.

«Бірін – бірі тыңдау»

Эссе жазу. Құрастыру ойлау жүйесін, сөдік құрып, оқушының ойлауына жол ашады.

Топпен жұмыс. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне жол ашады.

Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі.

Әр оқушының сөздік қоры молайды, сұраққа толық жауап беруді үйренуде, оқушылардың ізденімпаздық қабілеті дами бастады, еркін сөйлеуді, өз пікірін топ алдында қорғай алу қабілеті арта бастады.

Оқушы жетістігі: әр оқушының ізденімпаздық қабілеті дамиды, жұпта, топта бірлесіп жұмыс істей алады, бір бірінің сөзін тыңдап, құрметтеуге үйренеді, оқушының жеке қабілетін айқындайды, еркін қиялдайды, өз пікірін топ алдында қорғай алу қабілеттері артады, сыни көзқараспен қарайды.

Мұғалім жетістігі: нәтижелі әдіс тәсілдерді меңгереді, жұмысына қызығушылық танытады, жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады.

Тарих сабағын оқыта отырып, жаңа иновациялық технологияларды тиімді пайдаланып, өзіндік жұмыс және тарихи диктант, тірек сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар, пікірталас сынақ осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданған тиімді. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.

Сабақта жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар:

  • Оқушының оқуға деген ынтасы артады;

  • Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;

  • Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

  • Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы.

Мен қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болатынын түсіндім. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ. Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаса бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады. Бұл бағдарламаны өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдану барысында түсінгенім оқушылардың бірін - бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын балалардың сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Бұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. Осы «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы арқылы оқытудың тиімді екенін атап айтуға болады. Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. С. Әлкен. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу. «Қазақстан тарихы» №1 2006 ж.

  2. С.Мирсентова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды 2011 ж.

  3. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту». С.Т.Мұхамбетжанов.

  4. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту» тұжырымдамасы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!