400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім өз оқушыларының ата-аналарын 12-жылдық оқытудың ерекшеліктерімен таныстырып, болып жатқан өзгерістер жайлы міндетті түрде хабарлауымыз керек . Себебі, мектептің оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың қатысты екенін бойларында қалыптастыру керек. Сонда ғана бала өз ата-анасының оның оқуына деген қызығушылығын сезінеді және жетістікке жетуге ұмтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Благовещенка №2 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жакупова Гүлмира Балкенқызы



Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту

\Эссе\

«Болашаққа еңбек етіп, өмір сүретіндер

бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды

қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгей болады.

Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр»

Н.Ә.Назарбаев.

Мұғалім еңбегі – шәкіртінің жетістіктерімен бағаланады . Себебі, біз оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларын меңгерумен шектеліп қана қоймаймыз, оны өмірге және еңбек етуге бейімдеп, бойындағы жақсы қасиеттерді, еңбексүйгіштікті қалыптастырамыз, заңды, адамдарды құрметтеуге, Отанын, отбасын сүюді, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейміз. Бірақ уақыт тоқтамайды. Елімізде көптеген өзгерістер болды. Соның ең маңыздысы - еліміздің егемендігін алуы. Одан бері 25 жылдай уақыт өтіп кетті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің «ең дамыған 30 елдің қатарына кіру» бағытында жұмыс жасау керектігін өзінің Жолдауында айтып, еліміздің барлық қызмет саласына көптеген өзгерістер енгізді. Әсіресе, білім саласына аса көп назар аударылған. Оған «Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ» деген сөздерінің өзі елімізге қандай ұрпақ керектігі жайлы тайға таңба басқандай. Осы енгізіліп жатқан реформаларда бейіндік, яғни, тереңдетіп оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді.

Мектептерімізде де 2016 оқу жылынан бастап енетін реформалардың бірі - 12 жылдық оқуға көшу, бейіндік оқуға көшу. 12 жылдыққа көшуге байланысты бағдарлама да жаңартылған. Жаңартылған бағдарлама бойынша 1 сынып оқушыларына жаңаша білім беруді үйрету мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері үшін ауқымды көлемде дайындық курстары өткізілді.. Мен де осы курстың тыңдаушысы болып, оқыту үдерісінде көп өзгерістер енгізілгеніне көзім жетті. 12-жылдық білім беруге көшу ең алдымен оқушылардың күнделікті оқу жүктемесін төмендету арқылы жалпы білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Осы жұмыстың алғашқы сатысы – бастауыш білім беру. Яғни, оның ең алғашқы бастамасын бастауыш сынып мұғалімдері жүзеге асырады дегенді білдіреді. 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты тәжірибеде зерттеу-жобалау, сындарлы оқыту, дамыта оқыту сияқты жаңа технологияларды қолдануға негізделген екен. Жаңартылған бағдарламаның мазмұнын меңгере отырып, қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер оқушылардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға және мүмкіндіктерін ашуға септігін тигізеді деп есептеймін. Жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өздері аша алады, іздеу арқылы білімді тәжірибеде қолданады, өзінің, сыныптастарының жұмыстарын салыстыр арқылы ұялмай, қысылмай пікірін білдіруге дағдыланады . Немесе «мәтіннің мазмұнын айтуға дайындал» деп тапсырма беріп қана қоймай, «сыныптасыңа мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындап кел» десек, бұл әрекет олардың ойлау қабілеттерін ғана емес, ұзақ мерзімді жадыларынының дамуына үлкен септігін тигізеді есептеймін. Егер аталған әдістерді орынды және дұрыс қолдансақ, ата-аналар жағынан қолдаулар болса, үлкен нәтижелерге жетуіміз сөзсіз деп ойлаймын. Ал мұғалім өз оқушыларының ата-аналарын 12-жылдық оқытудың ерекшеліктерімен таныстырып, болып жатқан өзгерістер жайлы міндетті түрде хабарлауымыз керек екен. Себебі, мектептің оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың қатысты екенін бойларында қалыптастыру керек. Сонда ғана бала өз ата-анасының оның оқуына деген қызығушылығын сезінеді және жетістікке жетуге ұмтылады.

«Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім-білік дағдыларды қалыптас-тырудан жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту – бағалау жүйесіне өзгерістердің енгізілуін көздейді». Оған қоса оқушылардың өзара қарым-қатынасы, жағымды адамгершілік қасиеттері қалыптасып, ортақ мақсат-мүдделері пайда болады. Бастауыштан оқу мен тәрбиені шынайы өмірмен байланыстырып, жауапкершілік пен міндеттілікке үйретсек, оқушы оқудың маңыздылығын, болашағына тура байланысты екенін түсінеді. Осындай әрекеттерді жүзеге асыру негізінде жаңартылған бағдарламаның негізгі мақсаттарына жету қазіргі уақытта бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктеліп отыр. Олай болса, ұлттық рухта, ұлттық болмысқа қаныққан жас ұрпақты тәрбиелеу жолында жүрген барша әріптестеріме шығармашылық табыс, денсаулық, бақыт тілеймін.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі