Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
муғалімдерге қысқаша түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2018
245
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ ЗАМАН ТАЛАБЫ


Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді, қарым- қатынас тілі орыс тілі және әлемдік кеңістік тілі ағылшын тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман талабы болып отыр. Үш тілді оқыту және барлық пәндерді оқыту барысында үштілдік саясатты әр сабақта ұстану оқушылардың «ғылыми тілін», коммуникативтік дағдаларын дамытады. Қазіргі балалар аКТ-ны жастайынан қолданады, бірақ ақпаратты сыни қабылдауға үйрету өте маңызды. заман талабына сай оқушы бойында сындарлы ойлау және аКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, әрүрлі зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін аКТ пәні енгізіледі. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы: баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады, жан- жақты ізденуіне ынталандырады.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында тіл пәндерінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды бірбірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технолгиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудын әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал-жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білім – құмарлық қасиеттерін дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет. Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек. Мемлекеттік

тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді. Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету болады. Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі келтіретін басқа да негізгі факторлардаболады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру

  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. ақпараттық технология саласындағы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейімен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтардың түрлі елдерде қарқынды даму үстінде. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Осы заманда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында бірнеше міндеттерін шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи- танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық- коммуникациялық білімді және ақпараттық- коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Харыгаш Ерболқызы

Павлодар облысы, Качир ауданы,

Тілеубай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!