Аяпбергенова Жаухар
Оразгалиевна
физика пәні
мұғалімі
«№3 орта
мектебі»КММ
Лисаков
қаласы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ
АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ.
Қай уақытта болмасын, білім
алушының яғни, бүгінгі күнгі жас ұрпақтың жан-жақты дамыған жеке
тұлға болып қалыптасуы білім алуға бағыттаған ұстазынан бастау
алатыны сөзсіз. Қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамға жас
жеткіншектің еркін түрде,именбей еніп кетуі үшін ұстаздар қауымының
атқарар қызметі зор. Бұл, өз кезегінде әр ұстаздың берген білімінің
оқушы санасынан жақсылап орын алуы үшін, сабақ құрылымында оқушының
білім алуға ,пәнге деген қызығушылығын қамтамасыз ететін әдістерді
ұтымды пайдалану болып табылады.
«Мұғалім көп әдісті білуге
тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы
керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай
білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Мұғалім
оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана
емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді
ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы
керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен
қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім
деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап
етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі
жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты,
жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы
керек. [1]
Өз ісінің шебері ғана жоғары
жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін,
күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе
алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың
дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін
меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып
дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар
жүйесін ұсыну өмір талабы. [1]
Физика курсын оқытудың
мақсаты-оқушылардың ғылыми көзқарасының негізін
қалыптастыру,Әлемнің жаратылыстанымдық ғылыми бейнесінтұтастай
қабылдауды,бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын
талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің
шешімдерін таба білуге дағдыландыру. [2]
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін
оқытудың негізгі міндеттері:оқушылардың қазіргі физикалық
бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер
туралы білімді,табиғатты танудың ғылыми әдістерін
меңгеру,оқушылардың зияткерлік,ақпараттық ,коммуникативтік және
рефлективтік мәдениетін дамытуға,физикалық экспериментті орындау
және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту,оқу және зерттеу
қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
[2]
Сондықтанда, осы мақсат
–міндеттерге қол жеткізу бағытында , сабақтың өткізу барысына әдіс
тәсілдерді түрлендіре енгізу қажеттігі арта түседі.Бұл мәселе өз
кезегінде, білім алушылардың пәнге деген, тақырыпты оқып білуге,
игеруге деген қызығушылығын арттыра түсетіндігі белгілі. Өзімнің
сабақты ұйымдастыру іс-тәжірибемдегі қолданыстағы тәсілдерге
тоқтала өтейін.7-сыныпта «Тығыздық» тақырыбына берілген
эксперименттік тапсырма.
Қолданылған құралдар: Сұйық
май,су, айран құтыларымен, 3 бірдей шарик. Орындалуы: бірдей
мензуркаларға бірдей көлемде су,сұйық май,айран құйылады.Әр топ
өзіне берілген сұйыққа шарикті салып жіберіп, шариктің сұйық түбіне
жету уақытын есептей отыра,тақырыпқа сәйкес ой қорытындысын
шығарады.
Зерттеушілік әдістің негізі
мұғалімнің оқушылардың алдарында тұрған жаңа проблемалық
тапсырмаларды шешудегі олардың зерттеу іс-әрекеттері мен
шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Бұл әдістің
мақсаты-оқушылардың шығармашылық ісәрекеттің тәжірибесін толық
меңгеруі. Зерттеушілік әдістің көмегімен білім шығармашылық
деңгейде меңгеріледі. Яғни, бұл әдіс оқушыларды проблемалық
тапсырмаларды шешуде бар білімдерін қолдануға және проблеманы
шешудің негізінде жаңа білімді меңгеруге үйретеді. Сонымен қатар
бұл әдіс ғылыми таным әдістерін менгертеді.Зерттеушілік әдіс
оқушылардың өз беттерімен шығармашылық деңгейде іс-әрекеттерін
ұйымдастырып, қызығушылықтарын қалыптастырады. Зерттеушілік
әдістегі тапсырмалар сипаты әр түрлі болуы мүмкін: сыныптық
зертханалық жұмыстар және үйде орындайтын практикалық жұмыстар;жеке
және топпен орындалатын тапсырмалар т.б. [3,
б.110]
Сондай-ақ, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары
деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемелері арасында
сындарлы теориялық оқытуға негізделген кең тараған білім берудегі
Кембридж тәсілінің теориялық негіздерімен білім жетілдіру
курстарында оқып үйрендім.
Бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи
идеялардың жеті негізгі модулі түрінде
берілген. 7 модулі аясында жаңа
әдіс-тәсілдерді үйрету технологиясын қолдану арқылы мақсатты
түрде күткен нәтижеге жетуге болатындығын, тиімділігін әрекетті
зерттеу барысында көз жеткіздім. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан
ойлау көбінесе қарсы өз пікірін айтуға талпыну, шешімдерді
қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңалық енгізуге дайын
болуға, сыни тұрғыдан ойлауға баулуды
көздейді.
«Сұйықтар мен газдардағы
қысым» тақырыбын өткенде, оқушылар
топтық жұмыс кезінде қан қысымын өлшеуге арналған медициналық
танометр, ыдыстағы су мен медициналық шприцтерді қолдана отыра
,практикалық тапсырманы орындап, тақырыпты бекітті.Сондай-ақ,
оқушылар сабақ барысында үштілділікті қолдануды құп көреді. Ағылшын
тілімен кіріктірілген сабақтарға жоғары қызығушылықпен
атсалысады.Сондықтан сабақтарымда мүмкіндігінше ,тақырыпқа орай
ағалшын тіліндегі тапсырмаларды қолдану да жүзеге
асырылады.
Бұл сабақта оқушы жауаптарынан
ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің
жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, ой –өрісі дамып,
әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік
танытуынан көрінді.
О қушылардың
пәнді игеруге деген қызығушылығын арттырудың тағы бір жолы
,мүмкіндігінше сабақта АКТ-ны қолдану деп білемін. Мысалы, XPLORER
GLX PASCO тіркегішіне датчиктерді жалғап компьютермен
байланыстырып, интербелсенді тақта арқылы нәтижені ,мәліметті,
графикті шығарып көрсетуде оқушылардың өзіне жасаттыру , олардың
бойында өз-өзіне сенімділігін арттыратындығын
бақыладым.
Мысалы, көрсетілген суретте
оқушылар «Үйкеліс күші» , «Тербелмелі қозғалыс» тақырыбындағы
сабақтардан көрініс келтірілген.Қазіргі жасөспірімдер-түрлі
гаджеттерді операцияларын еркін меңгерген және ізденіске құштар
болып келеді.Сондықтан , XPLORER GLX- ол да гаджеттің бір түрі деп
айтсам қателеспеймін деп ойлаймын.
Қорыта
келгенде, оқытудың түрлі әдістерін дұрыс
таңдау, оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін жан-жақты дамуына
оңтайлы әсер ететіндігін көреміз.
Жаңартылған білім беру аясында
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ескеретін және
мен қолданатын негізгі модульдер мен технологиялар
төмендегідей:
-
Сыни тұрғыдан ойлау
-
Білім беру үшін бағалау және оқуды
бағалау
-
Жас
ерекшеліктерін ескеру
-
Ақпараттық коммуникациялық
технологиялар
Сондай-ақ,сыныптан тыс
сабақтар мен іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,
ынтасын, жауапкершілігін арттырып, ой-өрісін кеңейтеді.Шапшаңдыққа,
тез есептеуге, талдау мен салыстыруға, зейін мен есті дамытуға,
тапқырлыққа, жігерлікке тәрбиелейді.
«Ұстаздық еткен
жалықпас,үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей,
ұстаздарымыздың еңбегі жанып, білімді де мейірімді жас ұрпақтың
бағындырар биіктері көп болсын!
Қолданылған
Әдебиеттер:
-
Ержанова А.Е. Оқушыға
бағытталған оқу - білім сапасын арттырудың негізі,
2016
жыл.
-
«Физика» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы, 1-тарау 2017
жыл.
-
Жүсіпқалиева Ғ.Қ. Джумашева
А.А. Құбаева Б.С. Мектепте физика
курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі-Орал,2012