Материалдар / Жаңартылған білім беру мазмұнында ойын түрлерінің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру мазмұнында ойын түрлерінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұнында ойын түрлерінің тиімділігі Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала бола ма?-деп айтқандай, баланың өмірінде жан-жақты дамып,қалыптасуында ойын жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңдағы басты міндет көшбасшылыққа қабілетті, креативті , командада жұмыс жасай білетін, өз ойын ашық, еркін айта алатын, коммуникативтілігі дамыған, сыни ойлай білетін тұтас бала бейнесін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
860
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру мазмұнында ойын түрлерінің тиімділігі

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала бола ма?-деп айтқандай, баланың өмірінде жан-жақты дамып,қалыптасуында ойын жетекші рөл атқарады.

Қазіргі таңдағы басты міндет көшбасшылыққа қабілетті, креативті , командада жұмыс жасай білетін, өз ойын ашық, еркін айта алатын, коммуникативтілігі дамыған, сыни ойлай білетін тұтас бала бейнесін қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру мазмұнының маңыздылығы мен ерекшелігі де осында, осы бағдарлама осы міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның түйінді идеялары мыналар:4К моделі, бала үні,ойын, бақылау болып табылады.

Жаңартылған білім беру мазмұнында ойындар құрылымдалған , педагог жетекшілігімен жүргізілетін және еркін ойындар болып үшке бөлінеді.

Әрбір оқу қызметінде педагог жетекшілігімен жүргізілетін және құрылымдалған ойын түрлерін тақырыпты ашатындай, мақсатыма жету құралы ретінде алып отырамын. Ойын түрлерін баланың жас ерекшелігіне сай таңдаймын және жайлы оқу ортасын жабдықтап, ресурстардың жеткілікті болуын қамтамасыз етіп отырамын.Ойынды таңдағанда балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеремін.

Ойын түрінде оқыту балаға қызықты, ерекше болады және оқу қызметін бала ойын арқылы игеріп жатқандықтан тиімділігі де осында деп ойлаймын.

Тіл дамыту оқу қызметінен Л Толстойдың «Екі дос» әңгімесі тақырыбында оқу қызметін өткіздім. Оқу қызметінде мақсатыма толық жету үшін педагог жетекшілігімен және құрылымдалған ойын енгіздім.Ойындарда баланың қызығушылығы мен жас ерекшелігін ескердім.

Оқу қызметімді «Достық аялдамасы» атты педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойынмен бастадым.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойында педагог пен балалардың тікелей және жүйелі қарым-қатынасы көрінеді.Оның мәні тәрбиеленушілерді жандандырады,танымдық қызығушылығын арттырады, ойын кезінде баланың өз-өзіне деген сенімділігі пайда болады.



Ойынның мақсаты:бір-бірімен жағымды достық қарым-қатынастары артады, сыйластық танытады.

Бұл ойынға ресурстарды алдын ала дайындап, ойын кезінде бала үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз еттім.

Ойын барысында әрбір кедергілерге ойын тапсырмалары қойылды,кедергілерден өту кезеңдерінде балалардың коммуникативтілік дағдысы қалыптасты.Педагог ретінде балалармен бірге әрекет еттім,балалар командада жұмыс жасай білді,бір-біріне қамқорлық танытты, ортақ мақсатқа жетуде баланың үні тыңдалды. Кедергілерде балаларды тікелей бақылауға алдым,ойын барысында сауалнамалар, ашық сұрақтар арқылы баланың коммуникативтілігі дамыды.Қоршаған ортаға қамқорлығы , сүйіспеншілігі артты.

Бұл ойынның тиімділігі оқу қызметіндегі мақсатқа қол жеткізуге көмектесті.Бала бойында командада жұмыс жасау дағдысы, коммуникативтілігі дамыды.

Осы оқу қызметінің мақсатын ашу үшін перспективалық жоспардан екінші ойынға балалардың жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескеріп, «Досыма сыйлық» құрылымдалған ойынын алдым.

Мақсаты: достарын қуанта алады, достық қарым-қатынас жасағанда бір-біріне сыйластық танытады.

Бұл ойында балалар шарға күннің суретін салды, шарды өзі қалаған досына тілегін айтып сыйлады.Ойын соңында балаларда бір-біріне кері байланыс болды.Жұмыстарын бағалай білді, сыйлық алғанына қуанды.

Педагог ретінде тікелей бақылау жүргіздім,жайлы оқу ортасын жасадым,жұмыстан соң балаларды уәждедім, жігерлендірдім.

Ойынның тиімділігі көздеген оқу мақсатыма ойын арқылы қол жеткіздім.

Себебі, балада командалық жұмыс болды,,коммуникативтілік дағдысы дамыды.

Еркін ойын түрлері өте көп.Еркін ойынды күннің екінші жартысында, серуенде қолданып отырамыз.

Еркін ойынның тиімділігі балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді,бала бойында көшбасшылық, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.Еркін ойын кезінде баланың қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескеріп , жайлы ойын ортасын жасап беріп отыруымыз керек.

Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы рөлін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің рөлі туралы былай деп жазды: Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін.Егер мен тек қана үйретіп,талап етіп,айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен бәлкім пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана бола аламын.Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен барлық әріптестерімнен осыны талап еттім»-дейді.

Балалармен бірге ойнау балаға қуаныш сезімін сыйласа , тәрбиешіге бақылау арқылы,баланың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Ойын түрлерін балаға бағыттап, тиімді қолданғанда еркін, дербес, өз ойын ашық айтып, сыни ойлай білетін, көшбасшылыққа қабілетті , командада бірлесіп жұмыс жасай білетін, коммуникативтілігі қалыптасқан тұтас бала бейнесінің шығатынына сенімдімін.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!