Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал, жаңартылған білілм мезмұнының тиімділігі неде? дәл осы сұраққа жауапты осы жерден табуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі

«Адам адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деп ұлы ақын Абай айтқандай, алдыңғы қатарда тұрған ақыл, ғылым қашан да биіктен көрінерге жол ашатын бірден-бір биіктік. Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайтыны секілді, білімсіз адамды елестету де, әсте, мүмкін емес. Білім негізі бір болғанмен, әр заманның талабы мен адамның ойлау, сезіну қабілетіне қарай білім жүйесі де жылдан-жылға өркендеп, күрделеніп келеді. Биыл да білім беру мазмұны жаңартылып, жаңаша сипатқа ие болды. Мектеп – білім теңізі болғанмен, онда еркін бағытта жүздіріп үйрететін ұстаз болғандықтан, ізденімпаз мұғалімнің орны ерекше. Өйткені, сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол табу, өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі болумен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнына төселу – мұғалімнің бірден-бір жетістігі. Жаңаша білім беру жүйесінің ең бір озат тұсының бірі – бағалау түрлері. Сабақтың әр кезеңінде кері байланыс жасау – мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты күшейтіп, нәтижесінде оқу үдерісін түзетуге септігін тигізеді. Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Мұғалімге оқу үдерісінде бағалау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын қолдануына болады. К.Д.Ушанский айтқандай, «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады». Іздене отырып, оқушы бойына жаңаша сипаттағы бірден-бір мәліметті беру арқылы ол бала ой-сезіміне үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Білім нұрымен оқушыны ерекше жетістіктерге жетелей отырып, оқу жетістігін бағалаудың бір түрі – критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалау жүйесі бойынша ақпараттарды мүдделі тұлғаларға жеткізеді, есеп жүргізеді. Әр тоқсан соңында оқушылардың көрсеткен нәтижелеріне талдау жүргізе отырып, есеп жүргізуді қалыптастырады. Критериалды бағалау жүйесі үш тарапқа да тиімді. Мұғалімдер үшін, сапалы нәтиже алуға мүмкіндік беретін критерийлерді құрастыруға, оқушылар үшін, өзінің түсінгенін жеткізу үшін қабілеттерін, ойлау әрекеттері түрлерін, оқудың түрлі стильдерін қолдануға, ата-аналар үшін, өз баласының білім деңгейіне қатысты нақты дәлелдер алуға және оқудағы ілгерілеуін қадағалауға көмектеседі. Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».

Салтанат Рамазанова

Тоғызақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Қарабалық ауданы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі