Материалдар / Жаңартылған білім мазмұны болашақтың жарқындығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім мазмұны болашақтың жарқындығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Биылғы жылы яғни 2018 жылдың қазан айының 14-29 аралығында Педагогикалық шеберлік оралығының үйымдастырумен өткен бөлімдерге суммативті бағалауды қалай жасау керектігі жайлы курс оқыдым. Сол курстан алған әсерімді жаздым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
363
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А йнакеева Ұлған Абдулхакимовна,

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Б.Момышұлы атындағы орта мектеп

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы

Қарақыстақ ауылы, Каменка селосы

aulgan68@mail.ru



Жаңартылған білім мазмұны болашақтың жарқындығы

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін,

ең алдымен азаттық пен білім қажет».

Ш.Уалиханов


Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіруімен сипатталады. Қазіргі таңда үштілді саясаттың белең алған сәтінде қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- қарым-қатынас тілі ал, ағылшын тілі-әлемдік кеңістікті тану тілі екендігін ескере отырып, қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының алдындағы міндеттің зор екендігін айтқым келеді.Олар ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарт негізінде тез шешім қабылдай алатын құзырлы тұлға қалыптастыруы керек. Мұндай талапқа сай қызмет жасау үшін ұстаз үздіксіз ізденісте және кәсіби білікті болуы тиіс.

Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы -тұлғаның үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сыни тұрғыдан ойлай білетін, зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын, тәжірибе жасайтын, АКТ қолданатын,коммуникативті қарым-қатынасқа түсу арқылы топпен, жеке және жұппен жұмыс жасай білуі керек. Яғни, оқушыларымыз жан-жақты дамыған кез-келген мемлекетте өз білімі жалғастыра алатын, бәсекеге қабілетті болуға дағдыландыру болып табылады.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды қажет етеді. Осы орайда мемлекетіміздің педагог кадрларының біліктілігін арттырып, заман талабына сай мұғалім болуы үшін түрлі біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. Курс бағдарламаларының мақсаты- қолданыстағы дәстүрлі білім беру жүйесін әлемдік деңгей сатысына жеткізу.

Курс оқу барысында өз басым , бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың ерекшеліктері мен міндеттері, әрбір тапсырманың құрылуы, оған бөлінетін уақыты мен бағалау критерилерінің дұрыс қойылуы, дескриптордың оқушының тапсырма барысында орындауы керек тапсырмалардың реті жайлы, оның тек бөлім бойынша жиынтық бағалау барысында болатындығын, ал тоқсандық жиынтық бағалау барысында модерация жүретіндігін курс барысында оқып үйрендім.

Жаңартылған бағдарламаның негізгі идеяларының бірі «Мәңгілік Ел» аясы- ұлтжанды, мәдени-танымы қалыптасқан әрбір азамат,мемлекетіміздің ертеңгі жарқын болашағы болып табылып қоймай, бүгінгі замануи оқыту технологиялары арқылы кешегі зиялы қазақ ұлысының тарихи құндылықтарын меңгеріп, ертеңгі болашақтың көшбасшысы, мемлекетіміздің айнасы болғаны абзал.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!