400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ: ҚАЖЕТТІЛІК, ІЗДЕНІС, НӘТИЖЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім мазмұны туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жугинисова Айнур.Сагындыковна

«№6 ЖОББМ» КММ

химия пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

Ajs.1977@mail.ru

Picture 2

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ: ҚАЖЕТТІЛІК, ІЗДЕНІС, НӘТИЖЕ

«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,

сол өзгерісті уақытында жаса»

Махатма Ганди

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі таңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі болып отыр, сондықтанда әлемдік кеңістікті танып ьілу тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақтарымызда жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болуда.

Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты, өз-өзін басқара алатын болуы  мұғалімнің  қабілетіне, құзыреттілігіне байланысты. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін ұстаз ғана емес, сондай-ақ олардың пәнді қызыңтыра, өмірмен байланыстырып, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.

Жаңартылған білім беру кезінде:

  • білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

  • сыни тұрғыдан ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу, іздену;

  • ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

  • әр түрлі жаңа әдіс- тәсілдерін пайдалану;

  • топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

проблемаларды шешу және шешімдер қабылдау сияқты мақсаттар жүзеге асыру керек, және осы мақсаттарды оқушы бойына сіңіру үшін үлкен жұмыстар жүргізіп, ізденіп, өмірге бейімділігін қалыптастыру керек.

«Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру»,-деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде. . Үштілді оқыту – заман талабы.     Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. «Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.

Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларына бейімді болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.09.2018
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі