Материалдар / Жаңартылған білім мазмұнының Қазақстан тарихы пәніне кезең -кезеңмен енгізілуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім мазмұнының Қазақстан тарихы пәніне кезең -кезеңмен енгізілуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұнының Қазақстан тарихы пәніне кезең -кезеңмен енгізілуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2018
426
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебі»КММ







Баяндама




Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнының Қазақстан тарихы пәніне кезең кезеңмен енгізілуі»




Пән мұғалімі: Байдилдина А.Г





2017-2018 оқу жылы.

Жас ұрпақ - біздің өміріміздің тікелейі жалғастырушысы, біздің орнымызды басушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы екені анық. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет – қасиетке ие уыздай жас ұрпақ қалыптасу үстінде. XX ғасырда табиғи және әлеуметтік өмірде орын алған өзгерістер адамзаттың алдына жаһандық мәселелерді қойса, қазіргі жаһандану кезеңі бұл тіпті өзгеше, көпқырлы, күрделі құбылыс екені жасырын емес. Осы аталған құбылыстардың бірі –жаһандану дәуірінің білім беру жүйесіне зор ықпалын тигізіп жатқан кезеңде адамзат ұрпағының тағдрна деген жауапкершілік сезімдері толастар емес. Жер бетінде құмыр кешіп жатқан олардың бабалары мирас етіп қалдырған рухани –мәдени қазыналарды қастерлеп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне жаратып жатқаны шындық.

XXI ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бүгінгі таңда өзіміз тәлім –тәрбие беріп жатқан ұрпақ ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып жетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан тарихын оқып – үйрену арқылы тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы –бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «кеше кім болдық, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз» деген төңіректе ойлансын» деген болатын. Қарқынды дамып жатқан мына өмір жағдайына үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етіп отыр. Осыған орай мемлекетімізде білім беру саласында мұғалімдердің білім – білік дағдыларын арттыратын түрлі курсатарды оқыта отырып, оқыту мен оқудың мақсаттарын жүйелей түсуде. «Орта білім беру жүйесінде әлемдік деңгейде қол жеткізген кеңінен танымал оқыту әдістемелерінің арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлылылық теориясыа негізделген оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 4 бет) Ал, қоғамдық пәндердің ішіндегі тарих пәні өзіміз білетіндей ҰБТ негізгі пәндерінің бірі болса оны оқып үйрену барша мектеп бітіруші түлектердің негізгі мақсаты екені даусыз. Сондықтан тарихты жаңартылған білім мазмұнына сай оқыту баршамыздың міндетіміз. Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Бағдарламада мұғалім алдымен оқушының жан дүниесін түсіне білуі қажет. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып абылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші»





Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылуда:

  1. - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 миллион жыл бұрын – V ғасыр);

  2. - сынып – ортағасырлар кезеңі (V – XVII ғасырлар);

  3. - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);

  4. - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың І жартысы);

9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдыңІІ жартысы - XXI ғасыр).

«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгіден бүгінгі күнге дейін маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5- сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, ал тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Оған қоса білім беру мазмұнының жаңа құрылымы қазіргі заман тарихын 8 және 9 сыныптарда (8- сынып – XX ғасырдың І жартысы, 9- сынып – XX ғасырдың ІІ жартысы- XXI ғасыр) бөліп оқытуды ұсынады. Қысқа хронологиялық щеңберлерге қарамастан осы кезеңдегі отандық және дүниежүзі тарихы бүгінгі күнгі әлем бейнесінің қалыптасуына елеулі түрде әсер еткен, әсер ететін оқиғаларға толы екендігімен негізделеді. Сондықтан да сол уақытта орын алған оқиғалар, құбылыстар, процестерді зерттеуге көбірек уақыттың берілуі білім алушылардың бойында Қазақстанның және жалпы әлемнің қазіргі заман проблемаларының мәні туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!