Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
272
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ


Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Біздің өміріміздің кез келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер мұғалімнің оқыту үрдісіндегі алатын орны мен рөліне жаңаша көзқарасын қалыптастырусыз жүзеге асуы мүмкін емес. Дана халқымыз «Ой өзгермей, адам өзгермейді» дегендей, орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында енгізіліп отырған жаңа мақсаттар мен міндеттерді, жаңа технологияларды, құзыреттілікке бағытталған бағалаудың жаңа формаларын алдымен мұғалімнің өзі жан-жақты игермейінше, сапалы білімге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан кез-келген педагог оқыту үрдісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудегі өзгерістерді, педагогикалық қызметтің мақсаттары мен әдістәсілдері бағытындағы тың өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажет. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен, жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір практикалық дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық айқындалған, алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың жетістіктерін салыстыру. Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырғандағы табыстарының динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар. Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұымдастыру, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну үшін қолдану ұсынылады. Бағалаудың мұндай жүйесі біріншіден, балаларды табысты оқуға ынталандыруға, біліміндегі олқылықтарды анықтауға және олардың өсуін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған. Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалды бағалау жүйесі – Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі-білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Критериалды бағалау жүйесі жоғары сынып оқушылары үшін қолайлы, өйткені осы жастарды балалар ерекшеленуге құштар болады, яғни оқушының белсенділігін арттырады. Оқудағы оқушылар арасындағы сайыс жарысты ұйымдастырады, стимул береді. «Критериалды бағалау» – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. 1. Қалыртастырушы бағалау. 2. Жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады:

1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;

2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін.

Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор –жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: -Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; -Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді; -Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі; Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары , мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар. Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру дейін тіркеу, анықтау үшін жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында, тоқсан соңында, және білім беру деңгейін аяқтағанда жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл қойылады. Баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады.Әр білім алушының жұмысы бойынша дискрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.Бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына сәйкес тоқсан барысында бөлім немесе ортақ тақырыптар аяқталған кезде жүргізіледі. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрылады. Жиынтық бағалауда мұғалім тек өтілген тақырыптарды алу қажет. Күнтізбелік жоспарда тақырып бойынша сағат қарастырылмаған. Себебі жиынтық бағалау сабақ үстінде өткізіледі. Жиынтық бағалауда бал қойылады. Жиынтық бағалау қалай ұйымдастырылады? Оған арнайы сағат бөлінбеген. Жиынтық бағалау тоқсан барысында, бөлім аяқталғанда, тоқсан аяғында өткізіледі. Оқу бағдарламаласы - бөлімдер, оқу жоспары - оқу мақсаттары, Сабақ жоспарлары - жетістік критерийлері, тапсырмалар. Критериалды бағалау - күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды, бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді, кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. «Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын. Критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыныс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі. Сөзімді қорытындылай келе, Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген сөздерін есімізден шығармайық демекпін. ХХІ ғасыр – ғылым мен инновация ғасыры. Мақсатты білім беру – жеке тұлғаның дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, өзіндік «менінің» қалыптасуына әкелетін сара жол.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!