Материалдар / Жаңартылған мазмұнды сабақ. 7-сынып. Т.Әбдіков. "Қонақтар" әңгімесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған мазмұнды сабақ. 7-сынып. Т.Әбдіков. "Қонақтар" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұнды қысқа мерзімді жоспар мектеп мұғалімдеріне арналған. Оқу бағдарламасымен нақты жұмыс істеу көзделген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
3064
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Сабақ жоспары



Күні: 07.03.2018

Мектеп: А.М.Горький атындағы №2 орта мектеп

Сынып:7

Мұғалімнің аты-жөні: Аужанова Айнур Хаметқызы

Пән атауы: қазақ әдебиеті

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Бөлім

7.4.3.1. Ұрпақ тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы

Т.Әбдіков. «Қонақтар». 3-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру. 7.А/И1.

Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.7.А/И 4.

Oйлaу дaғдыларының дeңгeйi

Жоғары деңгей дағдылары

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыра отырып, оқиға желісіне өзіндік көзқарасын танытады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы оқиға желісіне сыни ойлау деңгейінде пікір білдіреді

Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы эпизодтар мен бейнелер әрекетінен сыни ой түйіп, проблеманы шешу жолдарын ұсынады

Бағалау критерийі

-Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады

-Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

қара шаңырақ,туған жер, көктас, эпизод, кейіпкер

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы

тіркестер:

«Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді»

«Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын»

«Ие болсын мына қу шаңыраққа!»

Талқылауға арналған сұрақтар:

Өз туған шаңырағына «қонақ» қана болып отырған ұлдың рухани құлдырауы неде?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Жатбауыр, шетелшіл, еліккіш

ишара:

Екі бие сенің басыңа көктас қоя ма?

Жүрегім басына жел тұрғанын қарашы

Айдалада өлген кәрі қасқыр

Құндылықтарға баулу

6-құндылық

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы»

Ана тілі, еліміздің тарихи құндылығы, биік мәдениет нышандары

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, өзін –өзі тану

Алдыңғы білім

«Қонақтар» әңгімесінің сюжетін біледі


Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал туғызу

( 2 минут)

«Жылы лебіз» әдісі арқылы жүректі бір-біріне беріп, жылы лебіздерін білдіреді.

Жүрекшелер

Топқа бөлу

(2 минут)

«Ата», «Әке», «Бала» суреттері арқылы 3 топқа бөліну

Қызығушылықты ояту.

(3 минут)


ҰЖ. 1-тапсырма

«Сәйкестікті тап» әдісі

Шығарма кейіпкерлері сөздерін ( - + белгілері арқылы) сәйкестендіріңдер.

Шарты:Тақтада шығармадан алынған бірнеше сөйлемдер жазылады. Сол сөйлемдердің қай кейіпкер сөзі екенін табу

Дескриптор: Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлер сөздерін сәйкестендіре алады

Қалыптастырушы бағалау «Толық ай, жарты ай, жаңа ай»

1 –тапсырма таныстырылым


Қаз Т1 Үлестірмелі материалдар 41-б.



Shape3 Shape2 Shape1

Сабақтың ортасы

(14 минут)




Мағынаны тану

Талдау, жинақтау дағдылары










Сергіту сәті



Бағалау дағдысы

(14 минут)


Бірлескен оқу.

ТЖ.2-тапсырма

«Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі

Шығарманың негізгі кейіпкерлері Ерғабыл қарт пен Сапабек бейнелерін эпизодтар арқылы салыстырыңдар.

Шарты: Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (талдау, жинақтау) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін мақсатта жүргізіледі

Дескриптор: Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлер бейнелерін эпизод арқылы салыстырады

Қалыптастырушы бағалау.«Кувёртка» әдісі

А-4 парақ екіге бүктелініп,топ арасында кері байланыс идеялары жазылып, жазбаша оқылады

«Үштік» әдіс

Ата, әке, бала туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту

Белсенді оқу.

ЖЖ.3-тапсырма

«Еркін жазу» әдісі

Шығармадағы өз туған шаңырағына «қонақ» болып отырған ұл (Сапабек) бейнесіне сыни көзқараспен хат жаз.

«Ата- ананың қадірі» бейнеролигі көрсетіледі

Дескриптор: Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесін ажыратады

  • Өзіндік көзқарас тұрғысында хат жазады

Қалыптастырушы бағалау «Ақылды үкі»

Шығарма мәтіні,

6 қалпақ, флипчарт,

маркер

Эдвард Де Боно



«Кувёртка» әдісі Иен Майлс




Бейнеролик.

«Ата ананың қадірі»

https://www.youtube.com/watch?v=M85gFHelMNI


М ұғалімге арналған нұсқаулық 32 бет



Сабақтың соңы

(5 минут)

Ой толғаныс








Р ефлексия: «Зерде» әдісі








Үйге тапсырма:

Ұлттық құндылықтарды жоғалтпау мақсатындағы идеялар банкін жасау

Кері байланыс «Зерде»

Б .Керімбекова «Мектеп» баспасы

оқулығы




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс:

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау:

АКТ-мен байланыс:

Құндылықтармен байланыс:

Мен ықшамсабағымда оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру және қабілеттілік деңгейлеріне сәйкес смарт мақсатқа құрылған тапсырмалар беру, оны орындату барысында тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп, оқушылардың қалай оқу керектігіне жол ашып, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында қолдау көрсетемін. Тиімді оқыту мен оқудың 8 тәсілі де сабағымнан көрініс тапты.

Тапсырмалар ұжымдық, топтық, жұптық және жеке орындау үшін сұрыпталған. Қабілеті жоғары оқушыларға Э. Де Боненің «Ойлаудың 6 қалпағы» және «Еркін жазу» әдісі арқылы сыни ойлауға жетелеп, функционалдық сауаттылықтарын дамытамын. Уақытты үнемді пайдаланып жоспарланған саралау күтілетін нәтижеге жеткізеді.

Тапсырма мен дескриптор негізінде бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін және қойылған мақсатқа жетуін анықтаймын.

Қалыптастырушы бағалауды Толық ай, Жарты ай, Жаңа ай», «Ақылды үкі», «Кувертка» әдістері арқылы жүргізуді жоспарладым.

Сабақтың соңында оқушылар «Зерде» әдісі арқылы оқу мақсаттарымен байланыс жасап, сабақ барысы бойынша өз білім, танымына рефлексия жасайды.



Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында сабақтағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес берілген. Сергіту сәті ұйымдастырылады. Ынтымақтастық атмосферасын құруда жағымды психологиялық ахуал туғызылады. Өзін-өзі тану пәнімен пәнаралық байланыс бар. Құндылықтармен байланыс бар, адамдардың рухани құлдырауы және одан шығу жолдары ұлттық рухты көтеру мақсатындағы тапсырмалар арқылы іске асты. Сабақта қауіпсіздік техникасы сақталады.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Ықшамсабақ оқу бағдарламасы негізіндегі мақсаттар мен сабақ мақсаттары шынайы, өлшемді, қолжетімді болғандықтан мақсатым жүзеге асырылды. Себебі сабақта оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды саралау тәсілдері ескеріліп, оқушылардың қажеттілігіне сай жоспарланды. Тиімді оқыту мен оқудың тәсілдері көрсетілді.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланып, сабақ жоспарында ауытқулар туындаған жоқ.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Оқушыларды сыни ойлауға үйрету үшін берілген тапсырмалар

2: Өз жұмыстарын бағалауы- рефлексия

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Оқушының өзіндік ізденуіне жол ашатын зерттеу тапсырмалары

2: Мақсатқа сай тапсырмаларды орындауда ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін шеберлікпен ұйымдастыру

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Ықшамсабақты өткізу барысында оқушылардың жетістіктері мен кездескен қиыншылықтарын бақылап мониторинг түзіп, мониторинг нәтижесі бойынша келесі сабағымда оқушылар ерекшелігін ескеретін боламын.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!