Материалдар / Жаңартылған оқу бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған оқу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасы туралы толық мәлімет. Жаңа оқу бағдарламасы аясында өткізілген оқу іс-әрекетінің тиімділігі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Шілде 2022
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған бағдарлама аясында өткізілген оқу іс-әрекеті

«Білім мен тәрбиенің бастауы – балабақша болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – дұрыс тәрбие мен білім арқылы қалануы тиіс. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті біздер ұстаздар қауымы «ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші, жаңа бағдарламаны игеріп қана қоймай, тәрбиеленушілерімізге оқу барысында пайдаланып, жалықпай үйретіп келеміз.

«Елімізде ендіріліп отырған «білім беру және ғылымды дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама өз білімін жетілдіру биылғы оқу жылында әрбір топ тәрбиешісінің алға қойған мақсаты болып отыр. Сол сияқты менде балаларды біліммен сусындау барысында өзімнің өткізіп отқан әр оқу іс-әрекетінде жаңартылған бағдарлама арқылы жұмыс істеуге тырысудамын. Жаңартылған бағдарлама аясында өткізілетін оқу іс әрекеттері келесідей міндеттерді қамтиды:

-оқу іс-әрекеті бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігі өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
- ұйымдасқан оқу іс-әрекеті бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
-оқу іс-әрекеті жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
- тәрбиешілердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекет бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Жаңартылған бағдарлама арқылы өткізген оқу іс-әрекеті арқылы озық технологиялардың барлық қыр-сырын меңгере алдым. Тек меңгеріп қана қоймай іс жүзінде пайдаға асырып білімімді жетілдіре білдім деп ойлаймын.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. «Еліміздің ертеңі,бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» (Н.Ә.Назарбаев) Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты деген пікірдемін. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Жаңартылған бағдарлама аясында оқу іс-әрекетін дайындау барысында түрлі ертегілерді, дидактикалық ойындарды жетік пайдалану арқылы ұйымдастырып отырған оқу әрекетін бала үшін қызық әрі тиімді етіп өткізсе болады. Мен өзімнің ересектер яғни «Ботақан» тобына әр өткізген оқу іс-әркетімде балалар үшін қызықты болсын деген мақсатта жаңа бағдарлама арқылы «тәй-тәй» технологиясының элементтерін пайдаланамын. Осы тәсіл арқылы өкізілген оқу іс-әрекеті баланың бойында ойнай отырып ойлай білу қабілетін дамытуға үлкен үлес қосуда. Әр өткізілген оқу әрекеті тәрбиеленуші үшін зеріктірмес, жалықтырмас білім беру арқылы жүзеге асуын қамтамасыз етудемін. Жаңартылған бағдарлама аясында өткізілген оқу іс-әрекеті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілі. Жаңартылған бағдарлама балалардың жеке тұлға болып қалыптасып дамуына жаңа әдіс-тәсілдермен  жетуге болатының дәлелдеп отыр. Оқыту және оқу тәжірбиесіне жету үшін баламен жеке жұмыс жасағанда,  баланың неге қызығушылығының бар екенін байқап, одан әрі арттыру үшін, тікелей бақылауға аламыз. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың үнін тыңдап, ойын түрлерін дұрыс ұйымдастырып, жетелеуші сұрақтарды дұрыс қоя білгенде ғана мақсатқа жетуге болады.

Қазіргі кезде баланың үнін тыңдай білу немесе баланың қатысу принципі деген ең басты қағида, екі жақты үрдіс деп ойлаймын, яғни ата-анамен тәрбиешінің бірлескен жұмысы. Бірінші тәсіл балаларды сөйлеуге мүмкіндік беру. Екінші сұрақ қойғанда жауапсыз қалдырмай, дұрыс ойланып жауап беру. Бұл балаға оны құрметтеген сезімін түсініп сезінуге мүмкіндік береді. Құрмет дегеніміз мынандай іс-әркеттерде көрінеді: тәрбиеші оқу қызметтерінде баланың үнін есту үшін оған көңіл бөлмейді,  үзіліс жасайды немесе өзі жауап беруге асығады. Сондықтан бала әлемді қалай көретінін түсініп, ата-анамен бірге жоспарласақ, біз шын мәнінде баланың үнін ести аламыз. Менде соған қол жеткіздім деп ойлаймын. Балаларды дамыту үшін жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастарылған оқу қызметінде саралау әдістері, бақылау түрлері, кері байланыс, рефлексия  орнату үшін, ашық- жабық сұрақтар, ойын түрлерінің әдіс- тәсілдері тиімді болды және оны жүзеге асыру мақсатында  бір аптаға  жоспарланған  циклограмманы басшылыққа алдым. Тәжірибиемнің ұтымды жақтары ең бастысы баланы танып дамытуға, алдыңа нақты мақсат қойып, ойын түрлерін қолданғанда ғана жүзеге жететін білдім.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!