Жаңартылған оқу бағдарламасы – сапалы білім
кепілі.
Қазіргі жаңалыққа толы ХХІ ғасырда өзгеріссіз
өмір сүру мүмкін емес. Ғылым мен техниканың
қарыштап, шапшаңдықпен дамуы – адамдардың да өзгеріп
бейімделуіне жағдай туғызып отыр. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік
орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына
байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды»
дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен
білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі таңда химия пәнін оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді
жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып
отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған
байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып
отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –
ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,
топта жұмыс жасай білу.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру
максатында Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің
оқытушыларыда қызу жұмыс жасауда. Колледж оқытушылары педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына үздіксіз жіберілуде.
Курстан өтіп келген тренирлер түрлі семинарлар, мастер класс
сабақтар өткізу арқылы өз тәжірибелерімен бөлісуде. Сондай
семинарлардың бірі «Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін қолдану»
тақырыбында өтілді. Семинар барысында оқытудың интербелсенді
әдіс-тәсілдері және оларды сабақ барысында пайдалану тиімділіктері
туралы мәліметтер беріліп, тапсырмалар орындалды. Барлық ұстаздар
өз ойларын айта келе жаңартылған білім беру жүйесі және оқытудың
интербелсенді әдіс-тәсілдері білім алушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыратынына, сабақта өзін еркін ұстап өз ойларын
еркін жеткізе алатынына және сабақты мазмұнды,сапалы, құнды
ететініне тағы бір рет көз жеткізді.
Жаңартылған білім беру
бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға мақсат қоя
отырып, сол мақсатқа жету жолында білім алушылардың жүрегіне жол
тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің
ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз
бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы
жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп
жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп
ойлаймын.